Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)

31 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 сынып
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Натурал санның бөлінгіштігі мен еселігінің ережелерін пайдаланып, есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелігі: достық қарым - қатынасқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тақырыптық сабақты бекіту
Оқытудың әдісі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, плакат, карточкалар, АКТ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) шаттық шеңберін құру

2. Үй тапсырмасын тексеру: № 148, № 154
2 - а. Бағалау парағымен таныстыру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, білім теңіз сияқты тұңғиық, жұмбағы көп. Түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Ендігі бүгінгі сабақта сендердің әрқайсысына тек қана сәттілік тілеймін. Сондықтан тек қана алға!

3. Бүгін күн суытып аспанды бұлт шалып тұр.
А) Сендерге тапсырма «Ережелер бұлты» деп аталады.
Б) Сандардың барлық бөлгіштерін атаңдар?
В) 7, 12, 31, 26, 1 сандарын топтарға бөліңдер?

4. Құрылысшыларға көмек
Жүк машинасы кірпіш әкелді. Жүк машинасындағы қандай сан - кірпіштер? Сан - кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

Математика пәнінің мұғалімі: Алақаева А. С.

Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару). жүктеу
1 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктерін табуға есептер шығара білу;
Натурал санның бөлінгіштігі
Натурал санның бөлінгіштігі
Оқушылардың натурал санның бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін тексеру;
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Натурал санның бөлінгіштігі
Натурал санның бөлінгіштігі
Натурал санның бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін тексеру;
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі туралы түсінік беру
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×