Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер мен тест жинағы

06 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Математика
Логикалық есептер мен тест жинағы

Алғы сөз
Адамның ерекше қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Біздің мақсатымыз - оқушының математикаға қызығушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.
Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ математикадан дайындығы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған. Автор өзі жинақтаған материалдардың математиканы енді - енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін, бұрыннан математикамен айналысып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндерге арналған.
Жинаққа енген тақырыптар әр түрлі. Оның ішінде математикалық ойындар, ауызша есептеу тәсілдері, математикалық тестер мен есептер бар. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар өткізу үшін де пайдалануға болады.

I бөлім. Логикалық есептер
1. Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өзара бөлісіп, әрқайсысы бір - бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?
Жауабы: атасы, баласы, немересі

2. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы).

3. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).

4. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген).

5. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»- те «5»- те емес”, - деді. Сонда әркім қандай баға алған?
(Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған).

6. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: сауысқан қардың үстіне құлады.
Логикалық есептер мен тест жинағы. жүктеу
11 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары Тақырыбы: Математиканың сан сырлары
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Мәселе есептерді шешу жолдары
Мәселе есептерді шешу жолдары
Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші.
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×