Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадрат теңдеу

16 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу
Математика 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеу ұғымын қалыптастыру, оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, келтірілген теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Жаңа технология әдістерін пайдаланып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой шапшаңдығына, нақтылыққа, дәлдікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық, жеке - дара жұмыс.
Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, есептер жинағы, белсенді тақта, мультимедия, кестелер, формулалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Графикалық диктант

ІІІ. Негізгі бөлім
а) Ауызша жаттығу
Семантикалық карта
ә) Құпиялы шарлар
б) Мақал – мәтел сайысы
Сергіту сәті
в) оқулықпен жұмыс
г) миға шабуыл (тест)
ІV. Рефлексия
V. Үй тапсырмасы
VІ. Бағалау

I. Ұйымдастыру бөлімі
(Сыныпты ашық сабаққа дайындаймын, сыныпты тақтаға шақырып «от шашу» стратегиясын пайдаланып, оларды 2 топқа бөлеміз)
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Негізгі бөлім
Анықтама: ах2+вх+с 0 (1) түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
Мұндағы а, в, с - нақты сандар және а0, ал х - айнымалы. (1) теңдеудегі а - бірінші коэффициент, в - екінші коэффициент, с - бос мүше.
Егер (1) теңдеудегі в0 және с0 болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.
Мысалы: х2 - 2х - 10, 3х2 - 8х+50, 2, 1х2+102, 3х+0, 80 толық квадрат теңдеулер.
в немесе с, немесе в мен с нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады:
ах2+вх0 (мұндағы с0);
ах2+с0 (мұндағы в0);
ах20 (мұндағы в0, с0).
Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1 - ге тең (а1) болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
Келтірілген квадрат теңдеу х2+рх+q0 түрінде жазылады. Мұндағы р және q – кез келген нақты сандар.
а) Ауызша жаттығу. Семантикалық карта
ә) Құпиялы шарлар (интербелсенді тақтадан дұрыс жауапты таңдау арқылы шарларды әуеге қалықтатады)
б) Мақал мәтелдер сайысы (жалғасын табу)

1. Алты жасар бала атқа мінсе,
(Алпыстағы шал алдынан шығар)
2. Өзі жақсы кісіге,
(Бір кісілік орын бар)
3. Жер құлағы жетеу,
(Ел құлағы елу)
4. Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім біл)
5. Бір елі ауызға,
(екі елі қақпақ)
6. Оқымаған – бір бала,
(Оқыса – екі бала)
7. Қырық кісі бір жақ,
(Қыңыр кісі бір жақ)
8. Отызыңда орда бұзбасаң,
(Қырқыңда қыр аспассың)
9. Екі тентек қосылса, саудай болар,
(Екі ақылды қосылса таудай болар).
Квадрат теңдеу жүктеу
1 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Оқушыларға «дискриминант» ұғымын беру, квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу, теңдеу түбірлерінің формуласын үйрету, түбірдің формулаларын пайдаланып, квадрат теңдеуді шеше білуге бейімділіктерін дамыту, алған білімдерін бекіту.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, формулаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы. Математика пәні мұғалімі Ташенова Гульнара Узакбаевна
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×