Білімділер поралы

Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: §1 Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1. Білімділік мақсаты: Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету
2. Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу
3. Дамыту мақсаты: Қабілеттілік пен белсенділікті дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайттар, таратпалар, түрлі түсті бор, кодоскоп

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Натурал сандарға қолданылатын амалдар қайталау, үй тапсырмасын №18, №20 есептердің шығарылуын тексеру, алдын ала дайындалған слайдтармен кодоскопта көрсете отырып тексеру жүргізу
№18 теңдеу құрып шешу:
8х - 36=76
8х= 76+36
8х =112
х=112: 8
х=14
Тексеру: 8•14 - 36=112 - 36=76

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Санды өрнек деп амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнекті айтады.
Мысалы: Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағаштың одан 5 - еуі кем. Бақта неше жеміс ағашы бар?
Шешуі: Бақтағы алмұрт ағаштарының саны: 12 - 5=7
Ал бақтағы барлық жеміс ағаштарының саны: 12+(12 - 5) бұл санды өрнек
Барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп атаймыз.
12+(12 - 5)= 12+7=19, мұндағы 19 саны санды өрнектің мәні.

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
Мысалы: Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86 бетін терсе, екіншісі одан х бетті арттық терді. Компьютерде терушілердің екеуі бірігіп шығарманың неше бетін терді?
Шешуі: Екінші теруші 86+х бетін терді.
Ал екеуі бірігіп шығарманың 86+(86+х) бетін терді.
Мұндағы 86+(86+х) әріпті өрнек
Егер х= 12 болса, онда 86+(86+х)= 86+(86+12)= 86+98=184
Мұндағы 12 саны – х әрпінің мәні, ал 184 саны - берілген өрнектің мәні.
Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады. математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады.
Әріпті өрнектердің біреуі сан болса, ол әріп көбейткіштің алдына жазылады. Оны коэффициент деп аталады. Коэффицент пен әріптің арасына көбейту таңбасы қойылмайды. Ал х, у - әріпті өрнектерінің коэффиценттері 1 - ге тең, ол жазылмайды. Әріпті өрнектердегі әріп көбейткіштерінің арасына көбейту таңбасы қойылмайды.

Павлодар облысы Железин ауданы
Веселая Роща жалпы білім беру орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Борамбаева Гульмира Ернарқызы
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 12
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 12
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика