Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Цилиндр және конус

16 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Математика
Математика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және конус
Мақсаты: 1. Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
2. Оқушылардың білім дәрежесін байқап, алған білімдерін одан әрі тиянақтау.
3. Өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: геометриялық модельдер, карточкалар, бағалау парығы, тест тапсырмасы
Сабақтың түрі: қорытынды бағалау сабақ

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топпен жұмыс.
ІІІ. Деңгейлі тапсырмалар шығару.
ІV. Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау парағын толтыру.
I. Ұйымдастыру кезең. Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру, топқа бөлу, топ басшыларын сайлап, бағалау парағын тарату.
1 - топ «Альфа», 2 - топ «Бетта», 3 - топ «Гамма», 4 - топ «Дельта»
II. Топтар мына кестедегі кезеңдер бойынша жұмыс жасайды:

III 1 - топта есеп жоқ, оларға анықтама, сызбалар, формулалар беріледі.
2 - топ есебі: Конустың осьтық қимасы - бұрышы 600 және қабырғасы 12 - ге тең үшбұрыш. Қиманың периметрін табыңдар.
3 - топ есебі: Конус биіктігі - 12см, жасаушысы - 13см. Конустің бүйір бетінің ауданын
табыңдар.
4 - топ есебі: Оқулықтан №537, 540
- Цилиндрдің осьтік қимасы диагоналі - 8√2м тең квадрат. Цилиндрдың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Тест тапсырмасы:
1. Конус қандай фигураны айналдырғанда шығады:
А. дөңгелектің диаметрі арқылы айналдырғанда
В. Тең бүйірлі үшбұрышты бүйір қабырғасы арқылы айналдырғанда
С. тік бұрышты үшбұрышты катеті арқылы айналдырғанда
Д. Тік бұрышты үшбұрышты гипотенузасы арқылы айналдырғанда
Е. Тік бұрышты үшбұрышты диагоналі арқылы айналдырғанда
2. Конустың жасаушысы - 5см, радиусы - 4см болса бүйір бетінің ауданы неге тең?
А. 25π (см2) В. 100π(см2) С. 20π(см2) Д. 20(см2) Е. 40π (см2)
3. Цилиндрдің табанының радиусы - 2м, биіктігі - 3м болса, цилиндрдің осьтік қимасының диаметрін табыңдар.
А. 10м В. 5м С. 8м Д. 100м Е. 100м
4. Конустың радиусы - 3м, биіктігі - 4м болса жасаушыны табыңдың:
А. 5м В. 10м С. 15м Д. 1/5м Е. 10м
5. Қиық конус радиустары - 3м және 6м, биіктігі - 4м болса жасаушысын табыңдар
А. 2м В. 5м С. 3м Д. 4м Е. 10м
Тестінің жауап парағы:
Цилиндр және конус жүктеу
4 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қималары, конустың жазбасы және бетінің ауданы туралы меңгерту; Конустың бетінің аудандарын табу формуласын есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру;
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус туралы білімдерін кеңейту; Конус, конустың жазықтықпен қималары, конустың жазбасы және бетінің ауданы туралы меңгерту
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Конусты, конус элементтерін, конус жазбасымен, конустың биіктігін және бүйір қырын, қимада пайда болған фигуралардың аудандарын формула бойынша есептеп таба алады.
Конус. Қиық конус
Конус. Қиық конус
Конус. Қиық конус. 1. Қиық конустың табан радиусі 10см және 4см, ал биіктігі 8см. Қиық конустың жасаушысын табыңдар. 2. Конустың жасаушысы 5см, табанының радиусі 4см. Толық бетінің ауданың табыңдар. 3. Қандай фигураны айналдырса конус шығады? а)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×