Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Функция туралы ұғым және оның берілу тәсілдері

26 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Функция туралы ұғым және оның берілу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Функцияның берілу тәсілдерін қолданып есептер шығару дағдыларын арттыру.
2. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Математикалық тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Функция кестесінің, графигінің көмегімен есепті талдау, ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
4. Коорекциялық: Сабақ өткізу барысында түзету жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың өту әдісі: Аралас сабақ.
Күтілетін нәтиже: Функция графигі бойынша есепті түсіндіре білу, кестенің, формуланың көмегімен ізделінді нәрсені таба білу.
Көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Oқушылардың назарын сабаққа аудару;
- есту құралдарын тексеру;
Балалар, Мұғалімнің кіріспе сөзі; психологиялық дайындық.
Балалар 8 наурыз қандай мереке? Аналар куні! Олай болса бүгінгі сабаққа қатысып отқан апайларға мереке қарсанында жақсы тілектер айтайық! (оқушылар орындарнан тұрып мұғалімге қарап «Сізге шығармашылық табыс!, Зор денсаулық, Бақытты болыңыздар, Бүгінгі күндерінің сәтті болсын!» - деп айтады.)

ІІ. Тіл жаттығулары;
- Нұрболат, Есеннен сұра;
- Қазір қандай сабақ болады?
- Есен, Айдостан сұра;
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Ерлан, көктем айларын ата?
- Нәби, бүгін күннің нешесі?
Сабақ жоспары;
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Тіл жаттығулары.
3. Үй жұмысын тексеру.
4. «Қайталау - оқу анасы»- сұрақтарға жауап беру.
5. Есеп шығару арқылы оқушының мүмкіндігін тексеру. (дәптерге жаздыру).
6. «Ойлан, тап» ойыны (сөз жұмбақ шешу).
7. Бекіту сұрақтары.
8. Қортынды.(бағалау, үй тапсырмасы).

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігің, тақырыпты қаншалықты игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптердегі жауаппен салыстырыңдар. Дұрыс жауап болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек.
Мұғалім үй жұмысына баға береді.

ІV. «Қайталау - оқу анасы» (ауызша сұрақтар).
1. Функция дегеніміз не?
2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?
3. Функцияның анықталу аймағы деген не?
4. Функцияның мәндерінің аймағы деген не?
5. Функция кестемен қалай беріледі?
6. Кестенің қадамы деген не?
7. Функцияның графигі деген не?
8. Функция қандай әдістермен беріледі?

V. Есеп шығару арқылы оқушының мүмкіндігін тексеру. (дәптерге жаздыру).
1. «Функция мәндерінің лабиринті» ойыны.

Ақтөбе қаласы,
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар
мектеп - интернат - колледжінің математика пәнінің мұғалімі
Жанболатова Назия Сагингалиевна
Функция туралы ұғым және оның берілу тәсілдері жүктеу
2 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функцияның қасиеттері
Функцияның қасиеттері
Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген функциялар ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру.
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдерін (кестелік, графиктік және аналитикалық) мультимедиялық көрнекілік сабақ бойынша үйрету, түсіндіру.
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функцияның графигі мен қасиеттерін түрлі есептер шығаруда қолдану; Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы (10 сынып)
Математикадан сабақ жоспарларының жинағы 10 сынып. Функция ұғымы, оның анықталу облысы, мәндерінің жиыны, графигі, берілу тәсілдері бойынша білім, білік, дағдыларды дамыту.
Функцияның графикпен берілуі
Функцияның графикпен берілуі
Орал облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький ОЖББМ математика пәні мұғалімі Сатаева Таттигул Аблайовна
Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Функцияның берілу тәсілдері, графиктерін түрлендіру және қасиеттері бойынша оқушылардың білімін бекіту; Өтілген материалдарды практикалық сабақта тиімді қолдану арқылы оқушыларға функцияны зерттеу және оның графигін салу біліктері мен дағдыларын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×