Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сот отырысы

18 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Математикалық сот отырысы
Жұмыс мақсаты: 1. Оқушылардың төртбұрыштар тарауынан алған білімдерін жинақтау;
2. Диагоналдар қасиеттері негізінде есептер шығара білуге дағдыландыру;
3. Фигуралар кескінін дұрыс салуға және оларды ажырата білуге үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Жұмыс жабдықталуы: Проектор, төртбұрыштар бейнеленген плакаттар.
Сот отырысының барысы: (Хатшы сот отырысына қатысушыларды таныстырады)
Төреші (судья) – «Көпбұрыш»
Прокурор – «Үшбұрыш»
Қорғаушы (адвокат) – «Шеңбер»
Хатшы: «Бұрыш»
Айыпталушы: «Диогональ»
Жәбірленушілер: «Параллелограмм», «Тіктөртбұрыш», «Ромб», «Трапеция», «Квадрат» және осы төртбұрыштар ауылының тұрғындары мен «Математика» ғылыми - әдістемелік журналының бас тілшісі келіп отыр.

Сот барысының басталуы:
Хатшы: Тұрыңдар, сот келеді.
Төреші: Құрметті мырзалар мен ханымдар! Құрметті нүктелер, бұрыштар және де төртбұрыштар ауылының тұрғындары. Бүгінгі көшпелі, ашық сот отырысының осы ауылда жүргізгелі отырмыз. Оның басты себебі: ауыл тұрғындарынан келіп түскен арыздар болып отыр. Арыздарында ауылға жаңадан көшіп келген Диагональдің әрекеттерінен ауылда тыныштық пен бірліктің кете бастағаны айтылып, осыны заң аясында тексеріп, диагоналды жазаға тартуымыз керек.
Бүгін осы істі жан - жақты қарап, әділ шешім қабылдаймыз. Отырыңыздар, айыпталушыны алып келіңіздер. (Айыпталушы - Диагональ алып келінеді).

Хатшының жанына барып геометрия кітабына ант беріңіз.
Диагональ: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!

Төреші: Толық аты - жөніңіз?
Диагональ: Аты - жөнім Диагональ қарсы төбелер қызы.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Диагональ: Геометриялық фигураларды бөліктерге бөлемін, атап айтқанда: Квадрат, тіктөртбұрыш, параллелограмм, ромб, трапеция.
Теңдей екі, төрт бөлікке бөлінеді. Оларға ауырлық центрлерін анықтауға көмектесемін.
Төреші: Жарайды, айыпталушыға айыптаушының сұрағы бар ма?

Айыптаушы: Қазірге жоқ.
Төреші: Қорғаушының сұрағы бар ма?
Қорғаушы: Менің сізге сұрағым бар еді. Рұқсат етсеңіз.
Төреші: Әрине.
Қорғаушы: Геометриялық фигуралардың қасиеттерінің ашылуында Диагоналдың атқарған қызметтері есепке алынады ма?
Төреші: Иә, сот барлық фактілерді есепке алады.
Қорғаушы: Рахмет, менде әзірге сұрақ жоқ.
Төреші: Олай болса, сөз кезегі Үшбұрыш ханымға беріледі.

Айыптаушы: Құрметті сот, құрметті сот отырысына қатысушылар! Математика әлемінде көрші мемлекеттермен өз - ара достық қарым - қатынас орнатып, математикалық одақ құру жолында шаршамай, талмай, аянбай еңбек етіп, егемендік алғалы өзіндік даму жолын таңдаған біздің Геометрия мемлекетіміздің Төртбұрыштар ауылына Диагональ есімді азаматшаның келуімен ауылдағы тыныштық бұзыла бастады. Диагоналдың араласуымен Параллелограмм, Тіктөртбұрыш, Ромб, Трапеция, Квадрат сияқты азаматтарының үйлерінің тыныштығы кетті. Жанұяларының бір тұтастықтары бұзылып, тіпті төрт бөліктер пайда бола бастады. Іс бұлай жалғаса беретін болса, Мемлекетіміздің ұсақталып, бөлініп кетіп, өзінің құдіретті күшінен айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан, Құрметті судья ханым, диагоналдың қылмысты әрекеттерін Геометрия мемлекетінің заңының қылмыстық кодекс 3 - тарау, 512 - бабы бойынша әділ түрде заң талаптарына сәйкес қарап, оны қатаң түрде жазылуын, тыныштығымыздың сақталуын талап етемін.

Төреші: Осы айғаққа қарсы сөз кезегі жәбірленуші Тіктөртбұрышқа беріледі.
Тіктөртбұрыш: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!

Төреші: Толық аты - жөніңіз?
Тіктөртбұрыш: Атым Тіктөртбұрыш.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Тіктөртбұрыш: Тіктөртбұрыштар ауылында, 8 сынып кітабының І тарау, 6сыныбында тұрымын.
Төреші: Істің мән - жайын түсіндіріңіз.
Тіктөртбұрыш: Қарама - қарсы қабырғаларым тең болып келетін, барлық бұрыштарым тік бұрыштан жаралған менің сұлу фигурамды Диагональ келді де, бөліп - бөліп, ақырында тіпті төрт бөлікке бөліп тастады. Әр бөлген сайын көзіме жаным көзіме көрінді. Менің рұқсатымсыз денемнің бөліктерге бөлінуіне келіспеймін.

Төреші: Дәлелдей өтсеңіз.
Тіктөртбұрыш: (Бір және екі диогональ жүргізілгендегі жайын көрсететін сызылмаларды куәге тартып, дәлелдер көрсетеді.)
Төреші: Қорғаушының Тіктөртбұрышқа сұрағы болмаса, сөз кезегі Параллелограмм мырзаға беріледі.
Параллелограмм: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін!
Төреші: Толық аты - жөніңіз?
Параллелограмм: Атым Параллелограмм.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Параллелограмм: Төртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.

Төреші: Істің мән - жайын түсіндіріңіз.
Параллелограмм: Құрметті судья! Менің қарама - қарсы қабырғаларымның теңдігі және параллелдігі менің фигурамды айрықша сұлу көрсетеді. Керек десеңіз, менің қарама қарсы бұрыштарымда тең. Ал, қайдағы бір Диагональ денеме жармасып фигурамды бөліктерге бөле бастады. Диагоналдың бұл істеріне наразылығымды ашық та айқын білдіремін.(Алып келген сызылма құжаттарын көрсетіп, істің мән - жайын түсіндіреді.)

Қорғаушы: Құрметті параллелограмм мырза! Сіз болған жайларға бекер ренжисіз. Сіз бұл жерде ұтпасаңыз, ешқандай ұтылмадыңыз. Диагоналдың көмегінде өзіңіздің жаңа біліп толыға түстіңіз. Сіздің денеңізге бір диагональ жүргізілсе онда сіз екі тең үшбұрышқа бөліне аласыз. Ал екі диагональ жүргізсеңіз, сізде төртбұрыштар пайда болады. Қала берсе, жаңа қасиеттеріңіз сізге арналған есептердің шешуін жеңілдетеді. Диагоналды көмекке шақырып оны айыптауыңыз қалай?
Төреші: Сөз Ромбыға беріледі. Хатшының жанына барып ант беріңіз.
Ромб: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпаймын деп ант беремін.!

Төреші: Толық аты - жөніңіз?
Ромб: Атым Ромб.
Төреші: Қайда тұрасыз?
Ромб: Тіктөртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.
Төреші: Істің мән - жайын түсіндіріңіз.
Ромб: Құрметті судья! Барлық қабырғаларым және қарама - қарсы бұрыштарым тең болып келген сымбатты фигурамды бөліктерге бөлудің тіпті қажеті жоқ деп есептеймін. «Бөлінгенді бәрі жейді» - деген халқымыздың мақал - мәтеліне сүйеніп, мен жалпы «бөлу» ұғымына қарсымын. Диагоналдың Төртбұрыштар тұрғындарына істеп жүрген әрекеттерін. (Диагональ қатынасқан сызылма суреттерді куәлікке тартып, өзінің жағдайын түсіндіреді.)

Қорғаушы: Құрметті судья ханым! Менің қорғауға алған Диагоналымның Ромбыға келуі, оған зиянсыз деп есептеймін. Ромбыдағы Диагоналдың көмегімен ол
белгісіз қасиеттерді ашып, өзі рухани жағынан жетілісе түседі деген ойдамын. Диагоналдың көмегімен Ромбының жеке тұлғалық қасиеттері, ашылып, жетіле түсетініне сенемін.
Төреші: егер Ромбыға сұрақ жоқ болатын болса, сөз жәбірленуші Квадрат азаматқа беріледі. Хатшының жанына барып ант беріңіз.

Квадрат: Құрметті Судья! Мен барлық қабырғаларым тең, бұрыштарым тіктөртбұрыш болып келетін өте ыңғайлы фигурамын. Қасиеттерім көпшіліктеріңізге белгілі. Мен бөлікке бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Төртбұрыштар ауылындағы Диагоналдың бұл қылығы жұмыссыздықтың салдарынан деп есептеймін. (Сызылма – суреттерін көрсетеді)
Қорғаушы: Құрметті судья! Диагональ келіп Квадратқа зиян келтірді дегенге қосыла алмаймын. Керісінше Диагоналдың көмегімен пайда болған үшбұрыш үшін Диагональ ірі биіктік, әрі биссектриса, әрі медиана болады.
Төреші: Келесі сөзді жәбірленуші Трапецияға береміз. Хатшының жанына барып ант беріңіз.
Трапеция: Бүгінгі сот отырысында шындықты тек шындықты одан басқа ештеңе айтпауға ант беремін..

Төреші: Толық аты - жөніңіз?
Трапеция: Атым Трапеция.
Төртбұрыштар ауылында 8 сынып геометрия кітабының І тарау 6 тақырыбында тұрамын.
Төреші: Істің мән - жайын түсіндірсеңіз.
Трапеция: Құрметті судья! Мен қабырғаларым мен бұрыштарымның теңдігі туралы ештеңе айтпаймын. Өзіме боларлықтай қасиеттерім, мінезім бар. Осында отырып, туыстарымның сөздерін саралай келе, олардың Диагоналға тағып отырған айыбы заңсыз деп түсіндім. Керісінше, Диагональ мен келісімді, бірлікті болсақ, біз фигуралардың қасиеттері ашыла түсетініне көзім жетті. Сондықтан мен

Диагоналға айыптау арызымды қайтып аламын. Оны бұл істеріне айыптамаймын.
Қорғаушы: Құрметті трапеция! Сіз өте дұрыс айтасыз. Сіз тамаша фигура екенсіз. Сіздің тек бір ғана тең бүйірлі күйіңізге, диагональ жүргізілсе қаншама тамаша қасиеттерге ие болатыныңызды білсеңіз еді!
Төреші: Ендігі сөз кезегі куәгер оқушыға берілді.
Оқушыны алып келіңіздер.

Куәгер: Мен №3 Алға қазақ орта мектебінің 10б класс оқушысы Сатбай Жайнар. Мен төртбұрыштардың бүгінгі тартысуына түсіне алмай тұрмын. Олардың Диагоналға таққан айыптарына қарсымын. Олардың Диагоналға таққан айыптарына қарсымын. Себебі төртбұрыштардың шешімін таппай тұрған есептері Диагональ көмегінде оңай шешімін табады. Фигуралардың теңдей бөліктерге бөлінеді. Басқада атқаратын қызметтері көп. Мен, төртбұрыштарға Диагоналдың келуін, екі қолымды көтеріп қолдаймын. Айтып болдым.
Төреші: Соңғы сөз айыпталушы Диагоналға беріледі.

Диагональ: Құрметті Судья Мырза! Мен құрметті төртбұрыштар ауылының тұрғындарына зиян келтірдім деп есептеймін. Оларға қолымнан келген көмегімді бердім. Шешілмей тұрған есептерін шешуге көмектестім. Талаптарына шамам жеткенше әділдік жасап, тең бөліктерге бөлдім. Осыларды есепке алып, әділ үкім шығаруыңызды сұраймын.
Хатшы: Тұрыңыздар 30минуттық үзіліс жариялаймыз, сот ақылдасып болғанша.
Көрініс. «Қазақтың шешендік сөздері».
Ән. «Алтын ана».
Хатшы: Тұрыңыздар сот келеді.
Төреші: Айыпталушының іс - әрекеттерінде кейбір ағаттықтардың болғанын, оған қарамастан сот өзінің өмірлік тәжірибесіне және құрметті қорғаушымен куәгерлердің елеулі дәлелдемелеріне негізделіп, Диагоналды айыпсыз деп есептейді және шешім қабылдайды:
1. Диагоналды геометрия заңының № 341 3 - тарау 512 - бабы бойынша айыпсыз деп табылсын.

2. Геометриялық амалдарды орындауда қателіктерге жол бермеу үшін, геометрия заңдарын үйрену жүйелі түрде алып барылсын. Осымен сот отырысы аяқталды.
3. Сот отырысы – ойынын дайындаған математика пәнінің мұғалімдері: Мұқашева Нұргүл мен Ұлықпанова Ғазиза және 10 «ә», 10 «б» класс оқушылары.

Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызда 10 сынып оқушыларының ұраны:
Ойыннан жеңілсек те
Өмірден жеңілмейміз.
6 184
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төртбұрыштар
Төртбұрыштар
Параллелограмм анықтамасы: Қарама - қарсы қабырғалары қос қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Тақырып: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (квадрат, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, трапеция)
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×