Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас ұстаз - 2012 (сайыс)

18 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Жас ұстаз - 2012» сайысы

Білім – адам баласының ортақ қазынасы.
Ж: «Жас ұстаз - 2012» сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
Ж: Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе алғашқы жас ұстаздарға деген құттықтау сөз кезегін Алға аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы – Тулеуов Марат Шамшудиновичке береміз.

Ж: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Ж:
Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі -
- қазылар алқасының төрағасы: Ходжаназаров Р. Н.
2. Бектурганова Ш. У. – аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері, қазылар алқасының мүшесі.
3. Утегенова Н. Қ. – Бестамақ ОМ - нің бастауыш класс мұғалімі – қазылар алқасының мүшесі.
4. Ожанова Р. Ж. - №1 Алға мектеп - бақшасының бастауыш сынып мұғалімі – қазылар алқасының мүшесі.
Ескерту: Әр мұғалімге жеке - жеке ұпай бересіздер. Әр сұрақтың толық
жауабы 5 – 10 ұпаймен есептелінеді.
(Енді ұстаздарымыздың сөйлеу ретін белгілеу үшін мына орындықтарға отыруларын сұраймыз).

Ж: (20. 04 – 21. 04. 2012ж)
«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздар «Қатысушылардың кешенді жинақ папкасы» қаралып, талапқа сай үздік толықтыру жинағы 2-ші кезеңге жіберіледі.

ІІ - кезең. (27. 04 - 2012ж) Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 20 минут) және презентация «Менің педагогикалық қызметім»
Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.

Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Панорамалық сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.

ІІІ кезең. Қорытынды кезең.
Бүгінде озық – дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас-жора, құрдастарын.- деп сайысымыздың келесі шарты, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
- Визиттік карточка (хобби) ұзақтығы 3 минут.

Педагогикалық жағдаят
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)

Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?

2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?

6. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
7. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.

10. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?
Ж.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.
Ортаға әділқазы мүшелері шығып, кімнің жарыс барысында қанша балл алғандығын хабарлайды. Сайысқа қатысқан мүшелерге аудандық білім бөлімі атынан, мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс айта отырып, сөз кезегін аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы – Рита Зейнолла қызына береміз.

Ж. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.
85 356
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Үздік бірлестік - 2015 байқауы
Үздік бірлестік - 2015 байқауы
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Ұстаз  – елдің жүрегі
Ұстаз – елдің жүрегі
Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Эльвира Хамитовна
Шебер мұғалім - 2014
Шебер мұғалім - 2014
Елбасы президентінің жолдауын негізге ала отырып, мұғалімдердің шығармашылдығын анықтау, жас мамандарға жаңашаланған тұрғыдағы педтехнологиялардың үрдістерімен әдіс алмасу. Осындай тапқыр достар кез - келген де, Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
1. Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×