Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

01 тамыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға қозғалыстың түрлерін және туралы ғылыми түрде түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, тамызғыш,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
1 Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2. Материялық нүкте дегеніміз не?
3. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
4. Қозғалыс түрлерін қалай ажыратуға болады?

ІІІ.«Ми шабулы» стратегиясы:
1. Санақ жүйесі дегеніміз:
а) санақ денесі б) координат жүйесі
в) уақыт өлшейтін құрал г) санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат
2. Дүниенің жетілдірілген гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым кім?
а) Аристотель б) Гиппарх в) Птолемей г) Коперник
3. Юпитер – қазақша аты.
а) Қоңырқай б) Есекқырған в) Аңырақай г) Болпан
4. Дененің орын ауыстыруы дегеніміз:
а) дене артында қалған із б) қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен соңғы орынын қосатын бағытталған кесінді в) қозғалыстағы дене траекториясы г) уақыт ішінде жүрген арақашықтық
5. Біз таксиге не үшін төлейміз? Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? Ұшаққа ше?
а) такси мен ұшаққа жол үшін
б) ұшаққа жол үшін, таксиге орын ауыстыру үшін
в) ұшаққа орын ауыстыру үшін, таксиге жол үшін
г) ұшақ пен таксиге орын ауыстыру үшін.

ІҮ. Тақырыптық түйінді сөздер әдісі
Сөздер банкісі: 1. Масса, тығыздық, қозғалыс, бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпты емес қозғалыс, жылдамдық, геоцентрлік жүйе, зодиак белдеуі.
2. Масса, тығыздық, қозғалыс, геоцентрлік жүйе, зодиак белдеуі.

Ү. Мағынаны тану стратегиясы Жаңа сабақты түсіндіру.
Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.
Тәжірибе жасалық. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. 47, а - суреттегі кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшының қалдырған іздерінің ара қашықтығы тең болады. Бұл арба бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүріп өтетіндігін білдіреді.
Тамызғыштың шүмегін тамшы жиі таматындай етіп бұрып, тәжірибені қайталап жасалық. Тамшы іздері бұл жағдайда да бірінші тәжірибеге қарағанда жақын болғанымен бір - бірінен бірдей қашықтықта болады екен. Бұл бірдей уақыт аралығында арба бірдей жол жүріп өтетіндігін білдіреді. Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты мсес қозғалысын бақылайық. (47, ә - сурет) Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің арақашықтықтары бірдей емес. Демек, бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес қозғалады. Осы қозғалыстардың салыстырмалы көрінісі 48 суретте көрсетілген.
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әр түрлі болуы мүмкін.
Жаяу адам 1минутта - 100метрдей жол жүрсе, Жердің жасанды серігі - 500км аралықты ұшып өтеді, ал радиодабыл немесе жарық дабылы 18млн. Км қашықтыққа жетеді.
Әр түрлі қозғалыстардың айырмашылығын сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деген физикалық шама енгізіледі.
Жылдамдық = орын ауыстыру
уақыт
s - жол, υ - жылдамдық, t - уақыт. Сонда жылдамдықты табуға арналған формуланы мына түрде ұсынуға болады:
СИ жүйесінде жылдамдық бірлігіне 1 сек.- та 1 м - ге тең жол жүріп өтетін дененің бірқалыпты қозғалыстағы жылдамдығы алынады. Бұл бірлікті былайша белгілейді:
1 м/с немесе 1 м/сек (“метр секунд” деп оқылады).
Практикада басқа да жылдамдық бірлігі жиірек қолданады: 1 км/сағ. Әр түрлі жылдамдық бірліктерінің арасындағы байланысты табалық:
1 км = 1000 м, ал 1 сағ = 60 мин = 3600 с болғандықтан біз былайша жаза аламыз:
2 - кестеде табиғатта кездесетін кейбір жылдамдықтардың мәндері келтірілген.
Қозғалыс жылдамдықтары, м/с

Ақтөбе қаласы,
Благодар орта мектебі
Физика пәні мұғалімі
Коянбаева Асылгул Жайылхановна
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. жүктеу
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. слайдты жүктеу
3 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс  Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар туралы түсінік бере отырып, жылдамдық ұғымын қалыптастыру және жылдамдық табу формуласын ұғындыру
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сукашева Әлия Айсеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×