Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жанұя және математика

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Жанұя және математика

Мақсаты: Оқушыларға жан-жақты білім беру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау, ойдан – ой туындату қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сайысқа 5 – 8 сынып оқушыларының сынып жетекшілерімен бірлескен жанұялық ұжым қатысты.

Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші: Ой арманын кешетін,
Ақылды бол өсетін.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешетін,
Жанұя келді ортаға - дей отырып, топтарды ортаға шақырамыз.
Сайыстың өту жоспары:
1. «Ойлан» туры (логикалық жұмыс)
2. «Кім тапқыр» туры (сурет бойынша тапсырмалар)
3. «Кім білгір» (қасиетті сандар сырына саяхат)
4. «Кім зейінді» туры (20 сөз аталады, соны ретімен шатастырмай жазып шығу керек)
5. Қорытындылау
Ойынға 4 топ қатынасты, әділ баға беретін сарапшылар сайланды.

1. «Ойлан» туры. Әр топқа жеке – жеке логикалық есептер берілді.

І – топқа «Кім қателесті» есебі
Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен 2 теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынандай шарт қояды. «Мен саған екі теңге емес, 200 тиын беремін. Бірақ сен оны маған өзін – өзі көбейткендегі өсіммен қайтарасың»- дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келісіп, «2 теңгесі не, 200 тиыны не, бәрібір емес пе?» деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеліп береді. Бірақ ол 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады. Қателескен кім? Көрші шаруадан неше теңге қайтаруын талап етті?

Жауабы: Қателескен шаруа. Себебі 200 тиынды екі еселесе 40000 тиын, яғни 4 теңге емес, 400 теңге болады. Бұл жерде көршісі шаруаның аңғалдығын пайдаланған.

ІІ-топқа. «Қасқыр, шөп және ешкі» есебі.
Өмірде де, қарапайым тірлікте де небір жұмбақтар бар. Алайда, олар бір – екі сөйлемнен құралып: «Еңіреуден екі ат келеді. Ол не?» дейтін қарапайым ауызекі тілде айтыла салып, оңай шешіле қоятындай жеңіл жұмбақ емес. Ойланып, толғанып, дәлелді пайымдаулар жасауға тура келеді. Мына жұмбақ әңгіме де соның бірі.
Арқасында шөбі, алдында ешкісі, соңында қасқыры бар шаруа өзеннің жағасына келіп аңтарылып тұрып қалады. Өтетіні жалғыз қайық. Өзімен бірге шөпті алып өтейін десе қасқыр ешкіні жеп қояды. Қасқырды өткізсе, ешкі шөпті жеп қояды. Бірақ шаруа ойланып шешімін табады. Сөйтіп қасқырды да, шөпті де, ешкіні де аман – есен арғы жағаға өткізеді. Ал, сен болсаң қалай өткізер едің?

Жауабы: Адам алдымен ешкіні алып өтеді, сонан соң шөпті апарып, ешкіні алып бергі жағаға келеді. Ешкіні тастап, қасқырды қайыққа отырғызады. Соңында ешкіні қайтадан алып кетеді.

ІІІ – топқа. «Отбасы» есебі.
Қыз бен жігіт қосылып бөлек отау тігеді. Қазақ халқы кейде мұны «түтін түтетті» деп жатады. Бірте – бірте осы отбасында балалар дүниеге келеді. Яғни, отбасы мүшелерінің саны көбейеді. Міне, сондай бір отбасының бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен. Олар тату – тәтті бақытты өмір кешіпті. Осы отбасының барлығын қосқанда қанша баласы бар деп ойлайсыз?

Жауабы: Отбасының 6 баласы бар. Себебі барлық ұлға қарындас біреу.

ІҮ – топқа. «Жасы мен туған жылдар» есебі.
Ағайынды екі баланың үлкенінің жасы 1987 жылы дүниеге келген інісінің туған жылының сандарының қосындысына, ал інісінің жасы ағасының туған жылының қосындысына тең болады. Екеуінің ара жасының айырмашылығы 7 жас. Олай болса, олардың жасы мен туған жылы қай жылдар болмақ?
Жауабы: Інісі 1987 жылы туылған десек, ағасының жасы 25 болады. Екеуінің жас айырмашылығы 7 жыл болғандықтан 1987-ден 7-ні шегеру керек. Сонда ағасының туған жылы шығады. Яғни, ол 1980 жылғы, яғни інісі 18 жаста.

ІІ. «Кім тапқыр» туры.
Бұл турда сурет бойынша тапсырмалар берілді, сол берілген тапсырмаларды орындау.

ІІІ. «Кім білгір» туры. Қасиетті сандар сырына саяхат.
Халқымыз қашанда 3, 5, 7, 9 тіпті 10 сандарына ерекше мән беріп, оның астарына терең үңілген тағылымдық жағы, тәрбиелік мәніне ден қойған. Осы сайыста сол қасиетті сандардың кейбіріне саяхат жасап, білгенімізді ортаға салып, білмегенімізді үйреніп, қойын дәптерімізге жазып алып, балаларымызға үйретсек.

І-топқа. Бес қаруды, Үш жұртты ата.
Жауабы: Бес қару: 1. Садақ, 2. Мылтық, 3. Найза, 4. Қылыш, 5. Айбалта
Үш жұрт: 1. Өз жұртың 2. Қайын жұртың 3. Нағашы жұртың

ІІ – топқа. Бес намазды, Үш жүзді ата
Жауабы:
Бес намаз: 1. Таң намазы, 2. Бесін намазы, 3. Екінді намазы, 4. Ақшам намазы, 5. Жасиың намазы
Үш жүз: Бекарыс-Ұлы жүз, Акарыс – Орта жүз, Жанарыс – Кіші жүз

ІІІ – топқа. Бес парызды, Үш тәттіні ата.
Жауабы:
Бес парыз: 1. Құдайды мойындау, 2. Намаз оқу, 3. Ораза тұту. 4. Қайыр садақа беру, 5. Қажылыққа бару
Үш тәтті: 1. Жан тәтті, 2. Мал тәтті. 3. Жар тәтті

ІҮ – топқа: Бес борышты, Үш арсызды ата
Жауабы:
Бес борыш: 1. Аллаға деген борыш, 2. Адамның өзіне деген борыш, 3. Елге, халыққа деген борыш, 4. Үй – іші ағайынға деген борыш, 5. Арыңның алдындағы адамгершілік борыш
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Көрермендерге: Бес өсиетті, Үш мақсатты атаңыз.
Жауабы:
Бес өсиет: 1. Таласқа сенбе, 2. Жауға кірме, 3. Әрқашан сақ жүр, 4. Аш үйге қонба, 5. Жарлыдан сый алма
Үш мақсат: Жол мақсаты – жету, қыз мақсаты – кету, сауда мақсаты – ұту

ІҮ. «Кім зейінді» туры.
Бұл турда жүргізуші 20 сөз оқиды, соны ретімен шатастырмай жазып шығу керек.
1. Қалам, 2. Қағаз, 3. Дәптер, 4. Есеп, 5. Кітап, 6. Математика, 7. Физика, 8. Информатика, 9. Сөмке, 10. Оқушы, 11. Бор, 12. Тақта, 13. Кетіргіш, 14. Сызғыш, 15. Карандаш, 16. Циркуль, 17. Парта, 18. Гүл, 19. Ауа, 20. Денсаулық.

Қорытынды : Әр турдан тапсырманы орындау қабілетіне қарай топтарға атақтар беріліп, дипломдар тапсырылды.
1. «Ойшылдар»-7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Әділбаева Эльнара
2. «Білгірлер»-6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Зейнеденова Тілекші
3. «Тапқырлар»-5 сынып оқушылар мен сынып жетекшісі Каленова Шынар
4. «Зейінділер»-8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Шахатова Зайра иеленді. Оқушылар қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысты.
4 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Білімді тиянақтау (математика)
Білімді тиянақтау (математика)
Есеп шығару барысында ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін тапсырмалар орындата отырып дамыту.
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Жанұя және математика
Жанұя және математика
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы, № 107 орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Қарақұлова Айсұлу Нұғыманқызы
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Акерке Шамилқызы
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×