Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үздік математик

30 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Үздік математик» атты интеллектуалдық ойын. (10 класс)

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 10 класс оқушылары арасында өткізгелі отырған «Үздік математик» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Үздік математик» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.
Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Бәйге»
ІІ бөлім – «Тіл-өнер»
ІІІ бөлім – «Дода»
ІҮ бөлім – «Тапқырлық»
Ү бөлім – «Жорға»
VI бөлім-Шапшаңдық

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:
1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
2. Жұп функция графигі қай оське симметриялы?
3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?(12 қыры, 6 жағы)
4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.(медиана)
5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
6. Параллелограмның бір бұрышы 50˚ қалған бұрыштары неге тең?
7. Трапеция табандары 4см және 6 см. Орта сызығы неге тең?
8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)
11. Барлық қабырғалары тең параллелограмм.
12. arcsin (- 1/2) неге тең?
13. sin 45˚-неге тең?
14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)
15. tgx функциясының графигі қалай аталады?
16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
17. Геометриялық кеңістіктегі денені зерттейтін бөлімі.
18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180 градус)

ІІ бөлім «Тіл-өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл-өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.
1) Кез-келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?
(түзу-прямой-height)
2) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (бұрыш-угол-corner)
3) Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі.( сәуле-луч – light)
4) Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір-острый-sharp)
5) Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады,
Егер оның ықшамдасаң қандай атау болады? (дәреже-степень-level)

6) Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сандар, бәрі сонда.
(рационал сандар
рациональные числа
rational numbers)
Ұпайы аз 2 оқушы шығады.

ІІІ бөлім. «Дода»
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді»-дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

1. Логикалық есептер:
• 20-ұпай. Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз?

• 30-ұпай. Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған?
• 40-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды?
• 50-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:
• қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты,- деді. Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,- дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,
• Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,- дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?
«Интеллектуалды олимпиада есептері:
20-ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген?
А) 5 б) 9 с) 7 д) 8
30-ұпай. Оқушы кітаптың 0, 3 бөлігін, кейін тағы да 0, 1 бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған?
А) 210 б) 200 с) 190 д) 180
40-ұпай. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші қабырғасы натурал санмен өрнектелсе қандай болады?
А) 4 б) 5 с) 6 д) 3
50-ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны-α, он саны – β, ал алпыс саны-€ таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22 саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады?
А) β €€ α α α α
б) € € β β α α α α
с) € β β α α α α
д) € € α α α α

2. «Геометрия» есептері:
• 20-ұпай. Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең?
• 30-ұпай. 1-ші шаршының ауданы 16м2, 2-ші шаршының ауданы 4 есе үлкен. 2-ші шаршының периметрін тап.
• 40-ұпай. Параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың біреуі 400 болса, қалған бұрыштары неге тең?
• 50-ұпай. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышының сыртқы бұрышы 1050 болса, теңбүйірлі үшбұрыштың ішкі бұрыштары неге тең?

4. Викториналық сұрақтар:
• 20-ұпай. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 берілген сандардың несі көп: қосындысы немесе көбейтіндісі ме?
30-ұпай. 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша?
• 40-ұпай. Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың кіші санын тап.
• 50-ұпай. Дәптер мен қарындаш 16 теңге тұрады, қаламсап пен қарындаш 32 теңге тұрады, ал дәптер мен қаламсап 44 теңге тұрады. Заттарға қанша теңге төленген?
Ұпай аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.

ІҮ бөлім. «Тапқырлық»
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдім мен оларды айтып бермек үшін - деп, біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204

Ү бөлім. «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Ү бөлімінде әрбір ойыншыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)
2. Косинус қандай функция. (жұп)
3. Тангенс периоды. (пи)
4. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейтіндісі. (теріс сан)
5. 639 саны 9-ға бөліне ме? (иә)
6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
7. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
8. Бағытталған кесінді. (вектор)
9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
4. Косинус периоды. (2пи)
5. Синус қандай функция? (тақ)
6. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3, 14)
9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы, ромб)
10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

6. тур Шапшаңдық туры

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Үздік математика
Үздік математика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
ХХІ – ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)
ХХІ – ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)
Ыдырысов Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×