Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпмүше тақырыбына есептер шығару

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Көпмүше тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың көпмүше тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, жалпылау
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін және танымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өзінің жұмысына баға беруге, жасалған жұмысты
талдауға үйрету.
Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
Бүгін біздің сыныпты – ғылыми – зерттеу институты деп есептейміз.
Ал, сіздер оқушылар – осы институттың – қызметкерлерісіздер. Атап айтқанда, математика мәселесін көтеретін әр түрлі зертхананың қызметкерлерісіздер. Сіздерді осы ҒЗИ - ның оқу кеңесіне «Көпмүше» тақырыбына талқылауға шақырып отырмыз. Сіздердің әрбіреуіңіздің алдыңда
өздеріңіздің жетістіктеріңізді белгілейтін бағалау парағы жатыр.
Бағалау парағы
Оқушы теорияшылар қатесін құпияны теңдеу ұпай баға
аты - жөні зертханасы тап ашу
Ал, қазір дәптерімізді ашып, сабақтың тақырыбын жазамыз.

2. Өтілген материалды актуалдау.
ҒЗИ - на кірместен бұрын, сіздерге осы зертханаға кіруге рұқсат беретін сынақтан өту керек.
Ауызша жаттығу.
1. а) а4 * а3 =
ә) (а2) 4 =
б) с6 * с3 * с =
2. а) 4х2*(- 2у) =
ә) - 5а * (- 4а2) =
б) (- 2х2) 3 =
Сонымен, біз зертханаға рұқсат алдық.
Алдымызда теорияшылар зертханасы.
Әрбір оқушыда карточка – домино бар. Карточкада сұрақ және жауап бар. Кімнің карточкасында «сөре «(старт) және «мәре» (финиш) деген жазу бар, сол оқушы бастайды. Ол алғашқы сұрақты қояды, соңғы сұраққа жауап береді. Әрбір оқушы өзінің жауабын жіберіп алмау үшін мұқият болу керек. Оқушы жауап береді және өзінің сұрағын қояды. Ойын барысында сұраққа дұрыс жауап берсе, 2 ұпай қоясың, жауап бере алмасаң ұпай қоймайсың.
(тақтада жауаптары штор арқылы тексеріледі)
Математикалық домино
Мәре: Жауап: Олардың дәреже көрсеткіштерін қосып, негізін өзгеріссіз қалдырады.
Сөре: Сұрақ: Көпмүше дегеніміз не?
Жауап: бірмүшелер қосындысы
Сұрақ: Бірмүше дегеніміз не?
Жауап: Сандардың, айнымалылардың және олардың дәрежелерінің көбейтіндісі
Сұрақ: Ұқсас мүшелер дегеніміз не?
Жауап: бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелер
Сұрақ: бірмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
Жауап: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүше дәрежесі деп аталады.
Сұрақ: көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
Жауап: көпмүше дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
Сұрақ: бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айт
Жауап: бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады.
Сұрақ: көпмүшені көбейткішке жіктеу деген не?
Жауап: көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшенің көбейтіндісі түріне келтіруді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атаймыз.
Сұрақ: көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?
Жауап: көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады.
Сұрақ: ережені аяқта: - егер жақша алдында «плюс» таңбасы болса, онда көпмүше мүшелерін...
Жауап:... өз таңбаларымен жазады.
Сұрақ: негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеді?

3. Сабақты бекіту. Есептер шығару
«Қатесін тап»
6 теңдік жазылған, оның ішінде дұрысы да, қатесі де бар. Сіздерге тапсырма, осының ішіндегі қатесін табу керек. Әрбір теңдіктің тұсына дұрыс, бұрысын +,- белгісін апарып қоюларыңыз керек.
1. (5а3 ) 2 =25 а6
2. (3а2х) 3 =27а2 х3
3. (13x2) 3 =39x6
4. 5x - 7xy+4xy =5x - 11xy
5. 6(a - 3b) =6a - 18ab
6. - 10xy +8yz =- 2y(5x - 4z)

6 – уы дұрыс болса, - 3 ұпай
4 – 5-еуі дұрыс болса – 2 ұпай
3 - дұрыс болса – 1 ұпай

«Құпияны ашу»
Алғашқы екі тапсырма – 2 ұпаймен, соңғы екі тапсырма - 3 ұпаймен бағаланады.
1. * (а2 - 3а) = 5а 2 - 15 а
2. *(4 +3а) = 4а +3а2
3. 3х(* - 3х * +2у2 ) =3х2 - 9х2 у +6ху2
4. 3в2 (2* - 3* +*в2 ) = 6ав2 - 9в3+12в4
Енді «теңдеулерді шешу» зертханасына келейік.
1. 6(х - 3)- 2(х+2) = 10
2. 5(х - 1)- 4(х - 3) =- 20
3. 8(х - 7)- 3(2х+9)= 15
Бір теңдеуге 5 ұпай, екі теңдеуге 10 ұпай, үш теңдеу шықса, 15 ұпай қоясыздар.
Бағалау парақтарыңызға мына өлшеуіштер бойынша бағаларыңызды қойыңыздар.
Бағалау өлшеуіші:
«15 - 18» ұпай – «5»
«14 - 10» ұпай – «4»
«9 - 7» ұпай – «3»
4. Оқушыларды бағалау.
5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма.
Сонымен, біз математика туралы мәселелер көтердік. Сіздерге өз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көптен – көп рахмет айтамын!
19 716
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүше деп бірмүшелердің қосындысын айтамыз 2a ²- 3b ³; 7b ³- 4a - 2, 5.
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Күнтізбелік жоспар (Алгебра 7 сынып)
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық " №3 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ математика пәні мұғалімі: Рахимова Панат Советовна
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×