Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
(Облыстық мұғалімдердің тамыз конференциясында оқыған баяндама) 2008 жыл.


Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, Ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов.

Бүгінгі таңда нарықтық экономика мен демократия принциптеріне негізделген егемен ел болып құрылуына байланысты Қазақстан ірі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жолымен дамып келеді. Бұндай өзгерістерге сәйкес келетін білімін қаруланған оқушыларды дайындауды қажет етеді. Осы ретте қазіргі талабына сай ғалымдану кезеңінде жиырмасыншы ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, бұрынғы жұмыс істеу тәсіліне үйреніп қалған мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керек деген сұрақтар туындайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Білім және ғылым» қызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», деген болатын. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, іздемпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы,
ой – өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Сондықтан да 12 жылдық білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принциптеріне негізделіп, баланың жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамды өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.
Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмасын, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан – жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігінен айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағытталған бағдарламамен оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуде ықпал етуде, мұндағы басты міндет - баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Жеке тұлғаға арналған бағдарлама барысында білім беру жүйесінде шығармашыл, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл – ойы дамыған адамдарды даярлауға талап етеді. Сондықтан математикада оқу процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рол атқарады. Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып оқушы тұлғасының білімінің артуына септігін тигізеді. Әр сабақ тиімді өту үшін, сабаққа дайындалу барысында әр сынып оқушыларының ерекшеліктерін есепке алу қажет. Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл ережелер:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру - сапалы білім көзі
Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру - сапалы білім көзі
Бастауыш сынып мұғалімі - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті адам. Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
№6 жалпы білім беретін орта мектебі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Қызылорда облысы, Арал көпсалалы колледжінің тарих пәні оқытушысы Айгүл Қожамсүгірова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×