Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инерция. Кеңістік және уақыт

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Инерция. Кеңістік және уақыт.
Сабақтың мақсаты: Инерция құбылысы туралы, кеңістік және уақыт ұғымымен және оларға тән қасиеттер туралы толық түсінік беру.
Білімділік: Денелердің қозғалысын инерциямен түсіндіру.
Дамытушылық: Өмірмен байланыстыра мысалдар келтіре отырып, оқушылардың сөз байлығын, ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік:. Пәнге қызығушылығын ояту, білім алуға ынталандыру. Терминдермен жұмыс. Жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар (сұрақтар) арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар, арбаша, құм, мата. Г. Галлилейдің портреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
ІІІ. Өткен сабақтарды пысықтау.
Тақтаға плакат ілінеді. Деңгейлік тапсырмалар беріледі.
І деңгей (1): Диффузия дегеніміз қандай құбылыс? Толық жауап.
І деңгей (2): Жылдамдық дегеніміз қандай физикалық шама?
54 км/сағ м/с - пен өрнекте.
І деңгей (3): М. В. Ломоносовтың МКТ - ң үш қағидасын атаңдар.
ІІ деңгей (1): Температура дегеніміз қандай шама? Толық жауап.
Т= 73 К t=?
ІІ деңгей (2): Планеталардың туралы не білеміз? толық жауап.
ІІ деңгей (3): 5•105 + 6•103 =...
10•104 - 5•103 =...
10•104: 5•102 =....
ІІІ деңгей (1): Автомашина 1000 метр жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықта.
ІІІ деңгей (2): Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 2 сағ ішінде ол қандай аралықты өтеді?
ІІІ деңгей (3): Қозғалыс графигін сыз. V=5 м/с, х0=2 м.

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Күнделікті тәжірибеден біз қандай да бір жылдамдық алған дене біраз уақытқа дейін қозғалысын сақтайтынын білеміз. Дененің жылдамдығы тек оған басқа бір дене әсер еткенде ғана өзгереді.
- жерде жатқан доптың қозғалысы.
- оқтың жылдамдығы ол тақтайдан өткен кезде, кемиді;
- домалаған доп жерге үйкелу салдарынан тоқтайды.
Тәжірибені талдау.
- арбашаның құм төселген жолмен жүрген қозғалысы;
- қалың мата жабылған жолмен жүрген қозғалысы;
- тегіс жалтыр шыны жолмен жүрген қозғалысы;
Арбашаның жолындағы кедергіні неғұрлым азайтқан сайын, ол ұзағырақ қозғалады және бұл қозғалыс соғұрлым бірқалыпты түзу сызықты қозғалысқа жуық болады.
Денеге басқа денелер әсер етпесе, онда ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл екі жағдайда да дененің жылдамдығы өзгермейді.
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).
Инерция құбылысы бар екенін алғаш көрсеткен итальян физигі, астрономы
Галилео Галилей. Ол денелердің құлап түсу заңдарын және маятниктің тербеліс заңдарын ашқан.

Термоскоп – температура өлшейтін прибор ойлап тапқан. Ең алғаш телескопты астрономиялық зерттеулер жүргізу үшін пайдаланған. Юпитердің серіктерін, Күннің дақтарын және Шолпанның фазаларын ашқан.
Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. ( слайд арқылы түсіндіру )
- көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда, артқа қарай шалқая қисаятынын білесіңдер.
- қатты жүгіріп келе жатқан адам немесе тайғақ жолмен шапшаң қозғалған автомобиль жолдың бұрылысында бір кедергіге тіреліп барып бұрылады.
- автомобиль тежеуішті басқаннан кейін де толық тоқтағанға дейін біршама жол жүреді, сондықтан, адам жолды кесіп өткенде жол ережесін, өзінің қауіпсіздігі үшін сақтау керек.
Механикалық қозғалысты қарастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінің білеміз. Оқиғаның бәрі кеңістік пен уақыт ішінде өтеді.
- Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның объективті бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады ).
Кеңістіктің бір кесіндісін, арақашықтығын өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындық өлшеуіш құралдарды пайдаланамыз
Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.
- Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптылығы, бір бағыттылығы ( уақыт тек алға қарай, өткеннен болашаққа қарай жылжиды ).
Уақыт арнаулы құрал - сағаттың көмегімен өлшенеді.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1) Инерция деп нені айтамыз?
2) Инерция құбылысын кім ашқан, ол туралы не білеміз?
3) Кеңістіктің қасиеттерін атаңдар.
4) Уақыттың қасиеттерін атаңдар.

** Ойлан, тап! Жұмбақтардың жауабын физика тілімен түсіндіру.
Мысалы: жұмбақтың жауабы су болсын. Ол – заттың сұйық күйі.
1. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз - заттың қатты күйі).
2. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? (найзағай - табиғат құбылысы)
3. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (масса - физикалық шама).
4. Жүгіріп сынап көрсетер
Жазулы санды баспалы
Ыстық суық өлшенер
Түтікті тапшы аспалы (термометр - физикалық құрал)

ҮІ. Үйге тапсырма. §28, §29. Г. Галилей туралы мәнжазба.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың бағаларын күнделіктеріне қою.
10 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар Дыбыс және әріп
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі мектебі Математика мен физика пән мұғалімі Идрисова Дана Темирбаевна
Инерция. Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Инерция. Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар ЖОББМ, физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
№221 Аққұм мектебі физика және астрономия пәні мұғалімі: Жиембаева Гулмира
Инерция. Кеңістік және уақыт
Инерция. Кеңістік және уақыт
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бекетова Ғалия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×