Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру ережесін білу. Оқушыларға тақырыпты меңгерту.
2) Дамытушылық: Ережелерді есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелілігі: Аралас сан, жай бөлшекті дұрыс жазу дағдысын қадағалау, таза, көркем жазуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта,
Құрал - жабдықтар: Электронды кестелер мен сызбалар, электронды оқулық
Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы
Б) Оқушылар ынтасын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Математикалық диктант)

2) Шығармашылық жұмыс:
«Дарынды дарабозды анықтау»
І топ оқушыларына: 5 бұрыс бөлшек жазыңдар
ІІ топ оқушыларына: 5 аралас сан жазыңдар
ІІІ топ оқушыларына: 5 дұрыс бөлшек жазыңдар
Үш тапсырманы бірден дұрыс және тез орындаған оқушы - Дарабоз

ІII. Жаңа сабақ
1. Өткенді еске түсіру кезеңі
1. Аралас санды бұрыс жай бөлшекке қалай айналдыруға болады?
2. Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Электронды оқулық арқылы оқушыларға түсіндіремін.
5/7 және 3/7 салыстырайық.
7 - бүтін санның тең 7 бөлікке бөлінгенін 5 нешеуі алынғанын білдіреді.
5 бөлік 3 бөліктен артық болғандықтан 5/7>3/7
Ереже:
1. Қайсысының алымы кіші болса, сол бөлшек кіші, қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен.
2. Бөлімдері әртүрлі болса, 1) ортақ бөлімге келтіреміз. 2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру ережесі бойынша салыстырамыз.
3. Аралас сандардың бүтін бөліктері әртүрлі болса, бүтін бөлігі үлкен сан үлкен, бүтін бөлігі кіші сан кіші болады.

3. «Дамыту кезеңі» Есептер шығару
№476 -№483 есептерді шығарту

IV. Қорытындылау
4. “Тұжырымдама” кезеңі

1. Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысының алымы кіші болса, сол жай бөлшек кіші, қайсысы үлкен болса, сол жай бөлшек үлкен болады.
2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді салыстыру үшін, ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру ережесін қолданамыз.
3. Егер аралас сандардың бүтін бөліктері бірдей болса, бөлшектерді салыстыру ережесі бойынша олардың бөлшек бөліктері салыстырылады.
4. Егер аралас сандардың бүтін бөліктері әртүрлі болса, онда бүтін бөлігі үлкен аралас сан үлкен, ал бүтін бөлігі кіші аралас сан кіші болады.

V. Үйге тапсырма:
Ережелерді оқу, түсініп жаттау.
№ 482, 484,№486 (1 - 4)
VІ. Бағалау. Оқушылар күнделігіне баға қою
6 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын білу;
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру
Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Қабақбаева Гүлдана Көмекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×