Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқаша көбейту формулалары тақырыбына есептер шығару

17 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдануды үйретуге, оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың бір - біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын
тексеріп, қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Практикалық әдіс, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Таблица, үлестірме материалдар, таратпа карточкалар, бағалау парағы, фишкалар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ тарау Қысқаша көбейту формулалары. Формулаларды білеміз бе? Оқушы қалаған карточканы алып, формуланы жалғастырып жазып береді.
“Бақытты сәт” ойыны
1. “Бой сергіту”
2. “Бас қатырғыштар”
3.“Жұмбақ тас”
4.“ Мен - саған, сен - маған ”
5.“Көсемдікке ұмытылу”
1. «Бой сергіту»
• 3 санының квадраты нешеге тең (9)
• Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
• Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
• 1 Сағатта неше секунд бар? (3600 секунд)
• Қатарда тұрғанда Асхаттың алдында 12 адам, Асхаттан кейін 12 адам бар. Сонда барлығы қатарда қанша адам тұр?
• Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)
• 2, 5 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
• Қандай тізбектей тұрған үш санның қосындысы мен көбейтіндісіне тең? (1, 2, 3)
2. «Бас қатырғыштар»

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару
№362 1)- 3) Есептеңдер.
№363 1)- 3) Өрнектің мәнін табыңдар.
№364 1)- 3) Өрнектің мәнін табыңдар.
3.«Жұмбақ тас» суретінің артына жасырылған тапсырмалар.

ІҮ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А тобы В тобы С тобы
Әр деңгейге бес тапсырмадан беріледі.
4. «Мен - саған, сен - маған»
• Екі өрнектің квадраттарының айырымы неге тең?
(Екі өрнектің квадраттарының айырымы - олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең)
• Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
(Екі өрнектің қосындысының квадраты - бірінші өрнектің квадраты, екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең.)
• Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?
(Екі өрнектің айырымының квадраты - бірінші өрнектің квадраты мен екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі айырмасына екінші өрнектің квадраттың қосқанға тең.)
• Екі өрнектің қосындысының кубы неге тең?
(Екі өрнектің қосындысының кубы – бірінші өрнектің кубы мен үш еселенген бірінші өрнектің квадраты қосындысына екінші өрнектің көбейтіндісі және үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің қосу керек)
• Екі өрнектің кубтарының қосындысы неге тең?
(Екі өрнектің кубтарының қосындысы – екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең)
• Екі өрнектің кубтарының айырымы неге тең?
(Екі өрнектің кубтарының айырымы – екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең.)
5. «Көсемдікке ұмтылу»

Ү. Білімді жинақтауға және жақсартуға ынталандыру модулі.
Тест тапсырмасы беріледі.
Жауаптары:
І нұсқа ІІ нұсқа
1. С 1. С
2. С 2. С
3. А 3. А
4. А 4. В
5. В 5. С

ҮІ. Зерттеуге арналған тапсырмалар.
1. «Бүтін және жарым санды» квадратқа шығару үшін, сол бүтін санды көршілес үлкен санға көбейтіп, шыққан нәтижеге 1/4 деп қоса жазу керек деген дұрыс па? Мысалы:(6 бүтін 1/2) квадраты 42 бүтін 1/4 - ке тең болады деп?
2. Салыстырыңдар, қайсысы көбірек:
37^2 және 36•38 ^
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
● Қысқаша көбейту формулалары
● Жеңіс күні
● «Бақытты сәт» ойыны
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру ІІІ тарау. №365, 366
12 548
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекіту.
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару
Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған
Математикадан сабақ топтамасы
Математикадан сабақ топтамасы
Матемтаика пәні мұғалімі Отарбаева Сәнім
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Сосна орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Садуақасова Жұлдыз Асқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×