Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшекті азайту

04 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ондық бөлшектер тақырыбына есептер шығару барысында теорияны қолдана білуге үйрету.
Сабақтың міндетті:
Ондық бөлшектерді азайту бойынша алған білімдерін жалпылап тиянақтау, ондық бөлшек туралы қосымша ғылыми мағлұматтар беру, оқушылардың білімдерін байқау;
Логикалық пайымдауды жетілдіру, білім сапасын арттыру, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту және алған білімдерін практикада орынды қолдана білуге, тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін дамыту;
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, көпшіл және зерек болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі желісінде
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық. сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд материалдары, бағалау парағы, суреттер

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, біз бүгін ондық бөлшектерді қандай деңгейде оқып – үйренгенімізді тексереміз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасындағы есепті тексеру. оқушылар дәптерлерінен жауаптарын тақта арқылы тексереді, ұпай санын бағалау парағына жазады
№994
3а - 2, 7а=0, 3а
5, 2b - 3. 6b=1. 6b
7x - 1. 4x+5. 3x=10. 9x
12. 75y - 8. 6y+1. 2y=5. 35y
9. 3n - 2. 36n+0. 51n=7. 45n
10. 25m - 7. 82m+0. 92m=3. 35m
РЕФЛЕКСИЯ. Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың басындағы өз көңіл күйлерін белгілейді.

Математикалық шолу
1. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
2. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса қалай азайтамыз?
3. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
Оқушылар бір – біріне ондық бөлшектер туралы тарихи мәліметтер бойынша сұрақтар қояды.
Теңдеуді шеш:
Х - 2, 3 = 3, 374

Сергіту сәті.
Натурал сандар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.......
Осы сандардың ішінен 3 - ке еселік сандардың орнына жаңылмаймын сөзін қойып айтып көріңдер.

Дамыту
Ерте, ерте, ертеде бір ақылына көркі сай Ақгүл атты қыз өмір сүріпті. Оның өгей анасы және сіңілісі болыпты. Бір күні Ақгүлдің өгей анасы алтын саңырауқұлақ алып келуге орманға жібереді. Сөйтіп орманнан алтын саңырауқұлақ іздеп жүріп адасып кетеді. Алдынан айдаhар кездеседі. Отын шашып тұрған айдаhар Ақгүлді ұстап алады. Ақгүл айдаhардан жіберуін өтінеді. Сонда айдаhар:
- егер менің қоржынымдағы есептерді шешсең сені босатамын дейді. Ал енді балалар айдаhардың есебін шығарып Ақгүлге көмектесейік.
Кітаптан №989
6, 25 - 4, 3=1, 95
20 - 15, 73=4, 27
7, 63 - 2, 51=5, 12
67, 45 - 49, 88=17, 57
15, 9 - 4, 75=11, 15
Сөйтіп Ақгүлді құтқардық. Айдаhардан құтылған қыз алтын саңырауқұлақты іздеуін жалғастыра береді. Келе жатып тиынды кезіктіреді. Ақгүл тиіннен алтын саңырауқұлақтың қайда өсетінін сұрайды. Сонда тиін «мына ағаштың басында менің ұям бар. Сол ұяның ішінде жаңғақтар бар. Сол жаңғақтардың ең үлкенінде бір тасырма бар. Егер сол тапсырманы орындасын мен алтын саңырау құлақтың қайда екенін білетін жанды айтамын»дейді.

Тиіннің тапсырмасы
№995
Бассейннің 0, 75 бөлігіне су толтырылады. Бассейннің қандай бөлігі бос?
1 - 0, 75=0, 25 Жауабы: Бассейннің 0, 25 бөлігі бос.
Ел аралаған көкекке жібереді. Сөйтіп Ақгүл көкекті іздеп жолға шығады. Қарны ашқан Ақгүл алма ағашынан алма сұрайды. Алма ағашы «егер мына есепті шығаруға көмектессең мен саған алма беремін» дейді. Алма ағашының есебі.
Үшбұрыштың периметірі 18, 25 см - ге тең. Оның бірінші қабырғасы 7, 5 см, ал екінші қабырғасы 6, 75 см - ге тең. Үшінші қабырғасын табыңдар
Р=18, 25 см. а=7, 5 см. b=6. 75 cм. c=?
C= 18. 25 - 7. 5 - 6. 75=4 cм
Ақгүл ағашқа көмектесіп алма алады. Сөйтіп Ақгүл әрі қарай жолға шығады. Сөйтіп Көкекті іздеп табады. Көкектен алтын саңырақұлақтың қайда өсетінін сұрайды. Сонда көкек « егер шартымды орындасаң мен саған алтын саңырақұлақтың қай жерде өсетінін айтамын.» деді
Көкектің шарты
Теңдеуді шеш:
а+(46, 3 - 24, 91)=80, 03 - 42, 9
в+(75 - 29, 07)=96, 25 - 38, 283
алтын саңырақұлақты тапқан Ақгүл енді үйіне жетуді ойлайды. Келе жатса алдынан жын кездеседі. Жынға Ақгүл ұшатын кілемімен үйіне жеткізуін сұрайды. Сонда жын «Егер менің мына тапсырмамды орындасаң мен сені үйіңе жеткіземін»дейді.
Жын тапсырмасы:

Тест
6, 3 - 3, 2=
А) 3, 01
В) 3, 1
С) 9, 5
Д) 3

9, 5 - 5, 3=
А) 4, 8
В) 4, 1
С) 4, 2
Д) 14, 8

23, 78 - 16, 51
А) 7, 25
В) 7, 21
С) 7, 5
Д) 7, 27

17, 5 - 2, 5=
А) 15
В) 17, 5
С) 25
Д) 13

1, 9 - 0, 8=
А) 1, 01
В) 1, 1
С) 9, 1
Д) 2, 7

101, 9 - 11, 4=
А) 90
В) 90, 3
С) 9, 5
Д) 90, 5
Сөйтіп балалар, жын Ақгүлді үйіне апарып, сіңлісімен, анасымен қауышып бақытты да ұзақ өмір сүріпті.
Логикалық есеп
Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар сандары бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай отырды?
РЕФЛЕКСИЯ. Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың басындағы өз көңіл күйлерін белгілейді.

Үй тапсырмасы:
Бағалау. Барлығымыз бағалау парағындағы ұпай санын санап, өзімізді бағалайық.
Кеспелер
1. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
2. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса қалай азайтамыз?
3. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
4. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен болса қалай азайтамыз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және ондық бөлшектерді салыстыра білу. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, салыстыра білуге дағдыларын қалыптастыру.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшекті қосады және азайтады Әртүрлі разрядтағы ондық бөлшектерді азайтады
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Баяхметова Бакытгуль Назарбековна
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×