Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ - ғасырдың жас математигі

20 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ - ғасырдың жас математигі» атты сайыс

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, математика пәні бойынша алған білімдерін қорытындылауға, тәлім – тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру білімді, дарынды озық болуға тәрбиелеу.

Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, танымын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тигізер пайдасы өте мол. Сыныптан тыс уақытта өтетін әр түрлі математикалық кештер, сайыстар оқушылардың естерінде ұзақ сақталады, олардың ойлау қабілеттерін дамытады және тақырыптан тыс көптеген мағлұматтар алады. Төменде оқушылар арасында өткен осындай бір сайыстың жоспарын ұсынып отырмыз.

Жүргізуші. Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки кім шығады сайысуға.
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық.
Әділ қазы мүшелері армысыздар
Қош келіпсіз есен-сау бармысыздар
Сіздерге үміт артқан оқушылар.

Әділдікпен төрелік айтыңыздар – демекші құрметті қауым бүгінгі сынға баға бере әділетті де, сыйлы әділқазы алқаларымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер./ Әділ - қазылармен таныстырып өтеді/.

Сайыс бағдарламасы:
I - тур «Бәйге»
II - тур «Тіл өнер»
III - тур «Жеті керемет»
IV - тур «Көкпар»
V - тур «Жорға»

Ойынның шарттары:
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы туры «Бәйге».
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1 - тур. Бәйге.
1 - сұрақ. Гипотенузаның квадраты катеттерінің квадратының қосындысына тең. Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр?
(тікбұрышты үшбұрыш)
2 - сұрақ. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3 - сұрақ. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
4 - сұрақ. «Функция» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (немістің математигі, әрі философы Г. Лейбниц)
5 - сұрақ. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)
6 - сұрақ. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең?
7 - сұрақ. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді иррационал сандар деп атайды)
8 - сұрақ. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның «ажырату, анықтау»)
9 - сұрақ. 5 түйме 20 теңге тұрады. Осындай 7 түймеге неше теңге төлейсің (28)
10 - сұрақ. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
11 - сұрақ. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (ромб)
12 - сұрақ. sin45º мәні нешеге тең?

Жүргізуші. 1 - ші турды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік.

ІІ - тур. Тіл - өнер
«Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»,- дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл - өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ айтылады. Жауабын үш тілде жазып көрсету керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге дұрыс аударса, 30 ұпай, ал екі тілде аудармаға 20 ұпай, ал бір тілде аудармаға 10 ұпайға ие боласыңдар. ал аударма жоқ болса, 0 ұпай..

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, ruler)

2. Алды - артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегін білсе де.
(түзу, прямая, straiqht line)

3. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
(дәреже, степень, power)

4. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.
(кітап, книга, book)
5. Тұйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Ал екі аяғымен тұрса, қанша кг.
(он екі, двенадцать, twelve)
6. Жұт.... ағайынды (Жұт жеті ағайынды) Жеті – семь – seven
7. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (Қалам – ручка - pen)
8. Геометриялық негізгі ұғым. (нүкте – точка – point)
9. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір – острый – sharp (keep))
10. Екі қолға... күрек (бір, одинь, one)
11. Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес? (жетпіс, семьдесят, seventy)
12. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі (сәуле, луч, beamray)
13. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш, угол, angle)
14. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады? (отыз, тридцать, soty)

Жүргізуші. Осымен 2 - ші тур да аяқталды.

Жүргізуші. 2 - ші турды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік

Жүргізуші. Ең аз ұпай жинаған екі оқушымызды сайысымыздан шығады
Келесі тур «Жеті керемет» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ілінген кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Бірінші болып ұпай саны ең көп оқушы таңдайды.

ІІІ - тур. Жеті керемет
20 - ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)
2. Трапецияның табандары 10 см және 8 см. Орта сызығы неге тең? (9 см)
3. Қабырғасы 6асым және 8 см тіктөртбұрыш ауданы неге тең?

30 - ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1. «п» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (пирамида, планиметрия, параллель, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр).
2. «с» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусоида).
3. «к» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (көбейту, куб, конус, косинус, километр, кесінді, көлем).

40 - ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика». Кімнің сөзі? (М. В. Ломоносов)
2. «Математика - ғылымдардың патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім?
(К. Гаусс)
3. «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» сөзінің авторы кім? (С. В. Ковалевская)

Жүргізуші, Осымен 3 - ші турдың аяғына да жеттік. Айта кетейін, үш турдан қорытынды ұпай сандары аз болған екі сайыскеріміз үшін ойын аяқталды.

ІV - тур. Көкпар
Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды.

Логикалық есептер
1. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)
2. Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады? (үтір)
3. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

Ғалымдар.
1. «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей - ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)
2. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)
3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және ойлары пайдалы да, қажет те». (Р. Бэкон)

Графиктер.
1. у=ах+b функциясының графигі? (түзу)
2. х2+у2=R функциясының графигі? (шеңбер)
3. у= функциясының графигі? (гипербола)

Формулар.
1. V=аbc көлемнің формуласы (тік бұрышты параллелепипед)
2. S=а2 (квадраттың ауданы)
3. ах2+bx+c=0 (квадрат теңдеу)
4 - ші турдың соңында ойынды екі оқушы ғана жалғастырады. Осыдан кейін 5 - ші тур басталады.

V - тур. Жорға.
Бұл кезеңде оқушы бір минутта қанша сұраққа жауап берсе, сол жинаған ұпайы болып есептеледі.

1 - оқушыға қойылатын сұрақтар.
1. Екі қабырғасы тең болатын ұшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)
2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3. Қарама - қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыш (параллелограм)
4. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
5. Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед (куб)
6. Бағытталған кесінді (вектор)
7. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
8. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
9. Төрт таңбалы математикалық кестесінің авторы? (Брадис)
10. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
11. Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)
12. (12)
13. Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
14. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)
15. Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

2 - оқушыға қойылатын сұрақтар.
1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (дұрыс үшбұрыш)
2. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
3. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограм? (тік төртбұрыш)
4. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (косинус)
5. Барлық қырлары тең ұшбұрышты пирамида (тетраэдр)
6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған вектор)
7. Планиметрия нені зерттейді? (геометрияның жазықтағы денені зерттейтін бөлім)
8. Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)
9. Координаттар жүйесін тұңғыш рет қолданған француз ғалымы? (Р Декарт)
10. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
11. Үшбұрыштың табаны 24 см, орта сызығы неге тең? (12 см)
12. 122
13. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (60º)
14. Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)
15. Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы нешеге тең? (5см)

Жүргізуші Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да,- дегендей, шын жүйрікті анықтар кез келді. Қазылар алқасына сөз беріледі

Бекіту: Бүгінгі сайыс сабаққа қатысушылардың ішінен жеңімпаздарды анықтадық. (жеңген оқушыларды марапаттау)
Қорытынды: Сабақты қорытындылап, әр оқушының нәтижесін шығарып, барлық қатынасқан оқушыларға алғыс айтып, бағаларын қою.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 185
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Информатика және біз
Информатика және біз
Информатика пәні мұғалімі: Лаура Сарсенова Нұрадинқызы
Физика беттерінен үзінді (сайыс сабақ)
Физика беттерінен үзінді (сайыс сабақ)
ШҚО, Бесқарағай ауданы «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мекемесінің физика пәнінің мұғалімі: Құдабаева Әлия Нәбиғалиқызы
Достық аралы (14 ақпан күніне арналған шара)
Достық аралы (14 ақпан күніне арналған шара)
ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×