Алгебра пәнінен 7 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
№ 3 - сабақ
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже
Мақсаты:
1. «Натурал көрсеткішті дәреже» ұғымын таныстыру. Оның ережесін қорытып шығаруға үйрету, есеп шығаруда қолдана білуге баулу;
2. Әртүрлі деңгейлі есептер шығару арқылы білік дағдысын қалыптастыру;
3. Өз бетімен жұмыстануға, табандылыққа, ақыл - ой белсенділігін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі. (Ауызша жаттығулар)
2. Жаңа сабақ.
3. Жаңа сабақты бекіту.
4. Өзіндік жұмыстар.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.
7. Сабақты қорытындылау.
САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)
Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабаққа дайындық мақсатында алынған ауызша жаттығулар орындайды.
1 жаттығуларды орындағаннан кейін.
Сұрақ: Осы өрнектерді қысқаша жазуға болама?
Дәптерге жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.
II. Жаңа сабақ. (10 минут)
Дәреже ұғымы енгізіледі. Дәреже деген ұғым бізге таныс па?» жалпыға ортақ сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады.
Натурал көрсеткіштің дәреженің жазылуына тоқталып, негізі, дәреже көрсеткіші туралы айтылады.
Сұрақ: Дәреже негізі қандай сандар болуы мүмкін?
Ж: Натурал, бүтін, бөлшек.
Сұрақ: Дәреже көрсеткіші қандай сан болады?
Ж: Натурал.
Сұрақ: егер көбейткіш біреу болса, дәреже түрінде жазуға болама?
Ж: Ия. а=а1
Жауаптарын жүйелей отырып. Дәрежеге анықтама беру.
а п =ааа ааа (n - рет) мұндағы а кез келген сан, n – натурал сан
Анықтаманың көмегімен балалар тақтадағы өрнектердің ішінен дұрысын табады.
Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасы айтылады..
III. Сабақты бекіту. (20 мин.)
№ 43, 45 (тақтаға тек дұрыс жауаптары ғана жазылады. Оқушылар өздігінен орындайды),
44 (ауызша), 48, 64.(тақтаға орындалады)
ІV. Өзіндік жұмыс. (5 мин)
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Сабақтың толық нұсқасыНатурал көрсеткішті дәрежеНатурал көрсеткішті, бүтін көрсеткішті дәреже тақырыптарына бақылау жұмысы.
Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттеріНатурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тақырыптарына есептер шығаруЕкі өрнектің квадраттарының айырымыЕкі өрнектің қосындыларының квадратыЕкі өрнектің қосындыларының квадратыКөпмүшелерКөпмүшені бірмүшеге бөлуКөпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуБірмүше. Бірмүшенің стандарт түріБүтін көрсеткішті дәрежеБақылау жұмысына әзірлікОртақ көбейткішті жақша сыртына шығаруЕкі өрнектің қосындысының және айырымының квадратыЖаңа қосымша мүшелер енгізу арқылы көпмүшені көбейткштерге жіктеу.
y=k x функциясы және оның графигіy=аx2 функциясы және оның графигіу=ах 2; у=ах 3 функциялары тақырыптарын жалпылау сабағыу=ах 3 функциясы және оның графигі