Алгебра 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін, түсіндіріп, өз беттерімен жаттығулар орындауға баулу. Оқушыларды санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтауға және натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдануға баулу; Дамытушылық: Оқушылар өздігінен білім алып, нәтиже шығаруға үйренеді. Өзін - өзі реттеу түсініктері қалыптасады. Тәрбиелік: Сабақта алған білімдерін орынды пайдалану. Сабақтың көрнекілігі Анықтамаларға келтірілген мысалдар, тақтада орындалған ерекше жаттығулар Техникалық құралдар Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жұптық жұмыстарды пайдалану Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, информатика Күтілетін нәтижесі: Оқушылар интерактивті тақтадан мультимедиялық көрсетілген сабақты тақырып бойынша мысалдар арқылы меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады.