Алгебра Сабақтың тақырыбы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдерін (кестелік, графиктік және аналитикалық) мультимедиялық көрнекілік сабақ бойынша үйрету, түсіндіру. Өз беттерімен жаттығулар орындауға баулу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту. Тәрбиелік: Сабақта алған білімдерін орынды пайдалану. Сабақтың көрнекілігі: Анықтамаларға келтірілген мысалдар, интерактивтік тақтада көрсетілген мультимедиялық сабақ, орындалған ерекше жаттығулар Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивтік тақта Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жұптық жұмыстарды пайдалану Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, информатика Күтілетін нәтижесі: Оқушылар функцияның графигі, берілу тәсілдері ( кестелік, графиктік және аналитикалық) бойынша білім, білік, дағдыларын дамытады.
I. Ұйымдастыру Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа сәттілік тілеу.
ІІ. Оқу - танымдық әрекетіне дайындық Өзіңді тексер! 1. y =kx+b, түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. 2. y=ax2+bx+c (a≠0), түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. 3. y=ax3, y=k/x (k≠0), түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері. 4. y= түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері.