Ұзақ мерзімді сабақ жоспарының тарауы: Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның еселіктері
Сабақтың мақсаты: Натурал санның еселіктерін таба білу;
Натурал санның еселіктерін табуға есептер шығара білу;
Бағалау критерийі Оқушылар:
- натурал санның еселігін таба біледі;
- натурал санның еселігін табуға есептер шығара алады;
Сабақ басы
Ұйымдастыру кезеңі
а) Топқа бөлу үстел үстіндегі конвертте сандар жазылған үлестірме қағаздар бар. 3, 6, 9, 12 сандары бойынша бөлінеді. Бағалау парақшаларын әр топқа тарату.
ә) Ширату жаттығуы
«Айырмашылығы неде?» әдісі суретке қарап, сандардың орналасуын түсіндіру.
Сабақ ортасы
«Ойлан, жұптас, бөліс» кезеңі
Оқулықтан тақырыппен танысады. Мысалдарын қарастырады және ережесін оқиды. Жеке, жұппен және топпен талқылайды. Көмек қажет ететін оқушылардың қасына барып, түсіндіріп кету. Жаңа сабаққа «қызыл микрофон»әдісін қолдану.
Натурал а санының еселгі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
1. Кез келген натурал санның еселіктері шектеусіз көп;
2. Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
Мысалдар:
5 санының еселіктері: 5, 10, 15, 20,.......
14 санының еселіктері: 14, 28, 42, 56....
21санының еселіктері: 21, 42, 63, 84,.....
«Оқулықпен жұмыс»
Оқулықтағы тапсырма барлық топтарға беріледі.
№562 Мына сандардың ішінен 45; 50; 70; 75; 90; 100; 120 сандарынан 25 - тің еселіктерін жазыңдар.
25 - ке еселік сандар: 50; 75; 100
№572
1) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік;
2) 92 - ге бөлгіш және 23 - ке еселік;
3) 120 - ға бөлгіш және 30 - ға еселік санды жазыңдар.
1) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік: 15.
2) 92 - ге бөлгіш және 23 - ке еселік: 46
3) 120 - ға бөлгіш және 30 - ға еселік: 60
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын тексереді. Оқушылар жұмыс дәптерлерін сағат тілінің бағытымен алмастырып, тексереді.
Сергіту сәті:
1 - ден 23 - ке дейінгі сандардың ішінен 3 - ке еселік сандардың орнына қол шапалақтайды.
«Дереккөздер» тәсілі тез қабылдап отырған оқушыларға
1 - тапсырма: 18 асықты асық саны өзара тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады.
2 - тапсырма:
а санының бөлгіштері:
1; 2, 3, 5, 6, 10, 15, а
Баяу қабылдап отырған оқушыларға
1 - тапсырма: Сатушы 35түп қалампыр гүлін әкелді. Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл шоқтарын даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін?
2 - тапсырма: 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер санын бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады.
Мұғалімнің аты - жөні:
Тулегенова Гулбаршын ЖаксылыковнаНатурал санның еселіктері жүктеу