Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар әлемі - ғажап әлем (ата -ана сағаты)

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: «Балалар әлемі - ғажап әлем»
Мақсаты: 1. Ата - аналарға саз мектебі туралы, ондағы оқитын оқушылар туралы мағлұмат беру арқылы музыка мектебінің нәтижесімен таныстыру.
2. Ата - аналарды тренинг - ойындар арқылы, оқушылардың өнерлерін көрсету арқылы мектепке
деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды өнер әлеміне мұғалім мен ата - ана болып бірлесе жұмыс жасау арқылы әсемдікке,
адамгершілікке тәрбиелеу
Түрі: ата - аналар сағаты, СТО
Әдісі: Тренинг

Барысы:
I Қызығушылықты ояту Тренинг «Қызықты сауалдар»
- Сіздің балаңыз саз мектебінде қай сыныпта оқиды?
- Сіздің балаңыз саз мектебінің қандай бөлімінде оқиды?
- Сіздің балаңыздың саз мектебіндегі сабақ беретін мұғалімдерін атай қойыңыз?
- Сіздің балаңыздың биылғы оқу жылындағы үйренген шығармаларын атай қойыңыз?
- Сіздің балаңыз домбыра сыныбына жұманың қай күндері келеді?
- Сіздің балаңыз қобыз сыныбына жұманың дүйсенбі - сәрсенбі күндері келеді. Уақытын айта қойыңыз?
- Сіздің балаңыз оқитын мектеп кімнің атында?
- Сіздің балаңыз 2 тоқсанда домбыра класынан нешемен шығады деп ойлайсыз? Неге?
- Біздің мектепте тағы қандай пәндер оқытылады?

II Ата – аналарды 6 топқа бөлу
«Домбырашылар» тобы
«Сырнайшылар» тобы
«Қобызшылар» тобы
«Термешілер» тобы
«Әншілер» тобы
«Примашылар» тобы
Алдарында тұрған аспаптармен ойнай алатын ата - аналарды әр топтан шақыру өнерлерін көрсету.
III М ағынаны тану «Балалар әлемі - ғажап әлем»
Баяндама. «Қаратөбе балалар саз мектебінің бүгіні мен ертеңі» Оқитын мектеп директоры Есенгельдиев. Ж. С
2. Домбыра, баян, терме, сольфеджио, қобыз. т. б мұғалімдері сөз сөйлейді

IY Тренинг «Көшбасшы
Әрбір топтан екі - екіден ата - ана шығарып, бір - біріне тіркеп, жол жүреді. Содан соң әр ойыншыдан өз ойларын сұрау арқылы ойынның мағынасын ашу.

Y Жағдаяттар шешу
1 топ Сіз Қаратөбе балалар мектебінің беделді мұғалімісіз. Кеше, бүгін,
арғы күні оқушыңыз сабақ келмеді. Басқа сыныптарда сабақ өтіп
жатыр. Мекеме басшысы қайта – қайта келіп сізді тексеріп кетеді.
«Оқушың қайда, сабаққа келмей жатыр ғой» «Қазір келеді,
телефонмен сөйлестім» деп өтірік айттыңыз. Ал оқушы жоқ, әлі
жоқ, әлі жоқ. Сіз қандай амал қолданасыз?
2 топ «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерлі бала сүйкімді» мақал - мәтелдің
мағынасын ашып беріңіз. Сіздің балаңыз саз мектебін жақсы бағаға бітірді. Балаңыздың болашағы үшін сіз осы өнер колледждерін, институттарын, консерваторияны таңдауды ойлап көрдіңіз бе? Сіздің ойыңыз?
3 топ Домбыра, әнші, мектеп, білім сөздерін қолдана отырып,
4 жолды өлең шығара қойыңыздар.
4 топ 1 ата - ана мұғалім, 1 ата - ана - ата - ананың ролін сомдау арқылы мұғалім мен ата - ананың арасындағы ризашылық сезімін білдіру.
5. топ Сіздің балаңыз мектепте де, саз мектебінде де жақсы оқып білім алып жүр. Сіздің балаңызға өнер сайысына қатысуға Алматы қаласынан жолдама келіп тұр. Қаражат жағы бәрі өзіңізден шығады. Сіз не істейсіз?
6 топ: Мектепте домбыра, қобыз, баян аспаптары 2 - 3 - еуден бар, Бірақ ол аспаптар оқушыларға мектепке келген кезде пайдалануға мүмкіншілік.
Ал үйге барған кезде оқушы дайындала алмайды, сол күйінде қайтып келеді. Сіздің амалыңыз қандай?

YI Ұсыныстар. Пікірлер.
Осы жиналыстан сіз қандай ой түйдіңіз?
Біздің мектепке тигізер қандай көмегіңіз бар?
YII Концерттік бағдарлама
YIII Ата - аналар сағатын қорытындылау.
5 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - анаға арналған сауалнама
Ата - анаға арналған сауалнама
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аккыстау селосы, №1 "Қарлығаш" балабақшасының психологі: Г.Меңдіғалиева
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Сіз қандай ата -анасыз?
Сіз қандай ата -анасыз?
Қармақшы ауданы, №30 орта мектебі Шепенова Ләззат
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Сіз қандай ата-анасыз?
Сіз қандай ата-анасыз?
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×