Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыка аспаптары

22 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Тақырып: Музыка аспаптары
Мақсаты: білімділік оқушыларды музыка аспаптарының түрлерімен таныстыру, оның
айырмашылығын меңгеру, естерінде сақтау.
дамытушылық: ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту, жазу,
сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру. Құрмалас сөйлемдерді қайталау.
тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру. Өнерсүйгіштікке, өнер адамдарына
Құрметпен қарауға тәрбиелеу.
түрі: аралас
әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
а ) сәлемдесу
ә ) оқушыларды түгендеу
б ) дайындығын тексеру

II Үй тапсырмасын сұрау
Дина Нүрпейісова, Нұрғиса Тілендиев туралы әңгімелеу
Дина Нүрпейісова қашан туған? Неше жасында Құрманғазыны көрген? Құрманғазы нені сыйлайды? Шығармаларын атаңдар. Нұрғиса Тілендиев қай жерде туып - өскен? Қосымша мәлімет кім тапты?

III Жаңа тақырып
Мұғалім сөзі: Қазақ халқы өнерсүйгіш халық. Қазақ халқы әнші, жыршы халық. Ол өнер адамдарын жоғары бағалаған, аса құрметтеген. Өткен сабақтарда біз атақты күйші - композитолармен таныстық. Күй дегеніміз не? Күй - музыкалық шығарма. Күй арқылы адамдар өз сезімін, тілек - армандарын, басынан өткен оқиғаларын шерткен. Осынын бәрін олар әр түрлі аспаптар арқылы жеткізген. Бүгін біз музыка аспаптарымен танысамыз.

Музыка аспаптарының 4 түрі бар:
1) Үрмелі аспаптар/духовые инструменты
2) Ішекті аспаптар/струнные инструменты
3) Дабылды - шулы аспаптар/шумно - тревожные инструменты
4) Сарнамалы аспаптар/заунывные инструменты

Сөздікпен жұмыс
Үн - звук, голос
Көзбе көз – с глазу на глаз
Үрмелі аспап - духовой инструмент
Дабылды шулы аспап - тревожно - шумный инструмент
Жіктелу – классифицировать
Ішекті - струнный
Ең кең тараған – самый распространенный
Өзіндік - самобытный
Өркендеуіне – развитию
Кәсіби өнер – профессиональное искусство
Қалыптасуына - формированию

IV Бекіту
1 тапсырманы орындау. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқындар.
I топ бірінші 4 сөйлемді оқиды
II топ қалған 3 сөйлемді оқиды
Талдау жұмысы
Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі аспаптарға сыбызғы, керней, сазсырнай, уілдек, қамыссырнай, үскірік жатқызылады.
Бұл қандай сөйлем?
Тұрлаулы мүшелерін табамыз. Дұрыс бұл құрмалас сөйлем.
2 тапсырманы орындау. Әр топ мәтінді оқып аударады, мазмұнын баяндайды. Тапсырмаға төрт минут уақыт беріледі
I топ
Шаңқобыз – қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады. XIX ғасырда шаңқобызды музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады.
II топ
1. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.
2. Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап.
3. Ол – өзендік музыкалық сипаты бар аспап.
4. Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
5. Домбыра – халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған аспап.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Шаңқобыз
1. Шаңқобыз қандай аспап?
2. Ол неден жасалған?
3. Шаңқобыз қалай тартылады?
4. XIX ғасырда шаңқобыз,ен кімдер ойнаған?
Домбыра
1. Домбыра қандай аспап?
2. Ол қазақ халқының өмірінде қандай орын алатын?
3. Домбыра неше ішектен болады?
4. Домбыра туралы не білесіңдер?

I топ осы сөйлемді талдайды
XIX ғасырда шаңқобызды музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. (жай сөйлем, жақты, жайылма)
II топ осы сөйлемді талдайды
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы, ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап.(ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем)
Бағалау.
Үй жұмысы. Жаңа сөздермен 3 құрмалас сөйлем құрастыру.
Қорытынды. Бүгін біз немен таныстық? Аспаптардың неше түрі бар? Атаңдар. Музыка аспаптары қазақ өмірінде ерекше орын алған. Осы музыка аспаптарың естерімізге сақтаумыз керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 620
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы мағлұмат беру, оқушылардың сөздік қорын байыту, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау, қазақша
Сал - серілер керуені
Сал - серілер керуені
Серілер туралы алған білімдерін қорыту, шығармаларын танып білу, тарихи тұлғалардың шығармаларынан рухани ләззат алып, халық композиторларының өміріне құрметпен қарауға баулу.
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер.
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Нұрғиса Тілендиев. Төл сөз бен төлеу сөз.
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабешова Данагүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×