Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән және күй

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Ән және күй»
«Киіз үй». Ж. Тұрсынбаев – үйрену.
Сабақтың мақсаты: Жаңа материалдарды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Бұл сабақта музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру туралы сөз болады.
Сабақтың міндеті: Баланың шығармашылық белсенділігін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту және есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін дамыту.
Сабақтың барысы:
Кіріспе әңгіме өткізіп, халықтық музыка мәдениеті, оның салалары, орындаушылары туралы қысқаша мағлұмат беруге болады. Халық шығармашылығы тек бұрынғы заманды ғана емес, қазіргі кезеңді де қамтиды. Яғни халық өміріндегі белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға байланысты өзінің көңіл күйін, арман - мүддесін қосып, ән шығарған.
Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай.
Халық музыкасы – халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Халық музыкасын тудырушылар өз елінің жанашыр жаршылары. Музыканың жалпы халық мәдениетіндегі, өмір шындығын айқындап көрсетудегі алатын орнының маңызы зор.
Халық әні – авторы ұмытылған, бірден - бірге ауызба - ауыз жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер.
Халық күйі – ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылған, ауызша бірден - бірге таратылып, бізге жеткен музыка.
Музыка мен өнер өзара байланысты. Музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі және өнердегі көрінісі.
Музыка өнері – халық тарихының шежіресі.
Халық әндері мен күйлері қазақ халқының өмір тіршілігін – адамдар мен достық, табиғат, жан - жануарлар мен құстар туралы және т. б. жырлайды.
Сабақтың таңғажайып сәті. «Қазақ ауылына саяхат».
- Балалар, сендер өздеріңді автобусқа мініп, ауылға келе жатырмыз деп сезініңдер. Жүргізуші – Айдос.
Мұғалім сұрақ - жауап арқылы «Біздің ауыл» тақырыбына әңгіме жүргізеді.
1. Ауылда кімге келе жатырмыз?
2. Ауылда не өседі?
3. Ауылдың табиғаты қандай?
4. Сен ауылды ұнатасың ба?
5. Сен жайлауға бардың ба?
6. Таңертең ұйқыдан тұрғанда табиғаттың қандай көрінісін көрдің? деген сияқты ойқозғау сұрақтарын қойып, шығарманың мазмұнын ашамыз және баланың сөз қорын дамытамыз.
Қазақ халқының ең қасиетті дүниесі – киіз үй. Киіз үй біздің ата - бабамыздан қалған. Оның ерекшелігі – бұрышы жоқ, дөңгелек. Алыстан аппақ болып көрінеді.
Балалар киіз үй туралы ( ақ парақта жазылған) жұмбақты шешеді.

Жұмбақ
Қазша қанат жаяды,
Үйрекше мойын созады,
Құсша қонады. (Киіз үй)

Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй)

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш - ұйқыш.
Көзі бар жабырқаған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір - ақ уыс.(Киіз үй)

Ән үйрену: «Киіз үй». Музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев.
«Киіз үй» әнін тыңдағанда, ашық, көңілді дыбыстар естиміз.
«Киіз үй» әнінің қайырмасында кездесетін «ха - лә - лә, лә - лә, ха - ла - ла - ку - ли - ла - ла» әуенін балалардың үндестігіне жақын етіп, ыңғайлы дыбыс биіктігімен орындатылады. Бұл әдіс ән үйрету кезінде баланың есту, есте сақтау қасиеттерін дамытады. Әннің әрбір сөз қатары оқушының санасына көркем бейнені көрсетіп тұрғандай, баланың әнді тез кабылдауына ықпал жасайды. Ән өте әсем, сазды, мазмұнды, жұмсақ тембрлі. Көркем бейнелі шығарма қатарына жатады. Ән әуенінде, музыкалық дыбыстардың желісінде қазақ ауылының көрінісі ерекше көркем бейнеленген.
Сабақтың ең маңызды кезеңінің бірі – балалардың ән айту қалпын сақтау және оны алғашқы сабақтан бастап дағдыландыру. ән айту кезінде қатты айқайламай, әнді жұмсақ, сазды дауыспен орындау керек.
Музыка тыңдау: «Алқоңыр». Қазақтың халық әні. (Ұнтаспа(
Шығармашылық жұмыс:
Түрлі түсті сурет немесе киіз үй макетін көрсете отырып, киіз үйдің қазақ халқының өмір - тіршілігінде алатын орны туралы шағын әңгіме ұйымдастыру.
- Сүйегі, төбесіндегі көзі деген не? Киіз үй неден құралады? (Шаңырақ, уық, кереге, түндік, басқұр, ағаш есік)
Киіз үйдің негізі ағаштан, ал жабуы қойдың жүнінен басылған киізден жасалады. Сондықтан киіз үй деп аталған.
- Жазғы демалысында ата - әженің ауылына, жайлауға бардың ба?
- «Наурыз» мерекесінде құрылған алты қанат ақ боз үйдің ішіне кірдің бе?
- Киіз үйдің өзің көрген жасаулары мен ішкі жиһаздарын атап бер.
Бұл заттар тек тұрмыста пайдаланатын зат емес, ата - бабамыздан қалған асыл мұра екенін дәріптейміз.
Қорыту. Жауап берген балаға қағаздан жасалған гүл береміз. Осылай сұрақ біткенде, қыздардың және ер балалардың гүлдерін санап, жеңген топты анықтаймыз немесе «Айгөлек» ән байқауын өткізіп, үйренген әндерді қайталаймыз. Бұл жерде де ән айтқан балаға гүл беріп, шапалақ ұру арқылы, баланың ынтасын, шығармашылығын, ұяндығын, белсенділігін ашамыз.
13 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Өзбек музыкасы
Өзбек музыкасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Алматова Гауһар Жылқыбайқызы
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №4 Мәртөк орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Камзина Акмарал Амангельдыкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×