Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дина "Әсемқоңыр"

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Дина «Әсемқоңыр»
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру
Білімділік: Д. Нұрпейісованың «Әсемқоңыр» күйін үйрете отырып, ұлттық өнердің құндылығын насихаттау, күй ойнау қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы: жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып, есте сақтау қабілетін және сауаттылығын жетілдіру дамыту.
Тәрбиелік: Динаның күйлері арқылы оның тәрбиелік маңызын жеткізу, орындаушылық дәстүрін одан әрі дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Көрнекілік: Күйші суреті, аспаптар, ноталар, үнтаспа бейнебаян.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу журнал белгілеу, аспаптарды даярлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазанғаптың күйі «Көкіл». Оқушы күйді жатқа ойнап, жеткізу. Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІII. Жаңа сабақ: Динаның күйі «Әсемқоңыр» Нұрпейіс келіні Дина - қазақтың әйгілі композиторы 1861 жылы Бекетай құмы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина жас кезінің өзінде ақ Даулеткерей, Түркеш, Есжан, Байжұма сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын беріп домбыра тартудың терең сырларын үйреткен. Динаның көптеген күйлері бар «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Тойбастар» т. б. Дина әжеміз туралы бейнебаянды тамашалайық. Сол күйлердің ішінен біз «Әсемқоңыр» күйін үйренеміз. Дина бұл күйінде балалардың алаңсыз бал дәурен шағын, шат - шадыман өмірін қызы Қоңырға арналғаны белгілі. Сол Қоңырдың он бір баласының бірі Бағила Бишаева бүгінде Орал қаласында тұрады. Күй Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің орындауында кеңінен мәлім. Қазір біз сол оркестрдің орындауында «Әсемқоңыр» күйін тыңдаймыз. Тыңдап болғасын күйдің құрылысымен танысамыз.

1. Күйдің екпіні – орташа екпінде, терең сезіммен.
2. Өлшемі 2/4
3. Қағысы. П П П П/ П П V П V П/ ППVV
4. нота ұзақтықтары: сегіздік, төрттік, он алтылық.
5. Кілттік белгіде фа#
6. лига белгісі, пунктирлі ырғақ.
Лига дегеніміз не? Пунктирлі ырғақ дегеніміз не?
Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістерін оқушыға жаттығулар арқылы түсіндіремін.
Күйді оқушы нотамен санап ойнайды. Күйді үлкен сағаға дейін талдап, ойнатып, оқушыға үйретемін. Күйді бірнеше рет қайталап пысықтап жаңа сабақты қорытындылаймыз.
Сабақты бекіту:
----------------«Тойбастар» «Көкіл» «Ақсақ киік» «Құдаша» Оқушы жазады
Қазанғап
Дина
Құрманғазы
Дәулеткерей
Н. Тілендиев

1. Бүгін кім деген күйшімен таныстық, қандай күйлері бар?
2. Динаға домбыра тартудың терең сырларын үйреткен күйші кім?
3. «Әсемқоңыр» күйі қандай екпінде орындалады?
Сабақты бағалау: Оқушыны бағалау.
Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда ұлы күйші Құрманғазының шәкірті, Құрманғазының күйлерін бүгінге жеткізген Дина әжеміздің өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Әсемқоңыр» күйін үйрендік. Ендігі кезекте сендердей дарынды оқушыларымыз осы күйшілік дәстүрімізді әрі қарай жалғастырады деген сеніммен сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: Күйші туралы мәнжазба жазып келу. Күйді жәй екпінде ойнап келу
10 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күй анасы
Күй анасы
1. Күй анасы атанған композитордың домбырашылық өнерін түсіндіру. 2. Динаның күй тарту дәстүріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы, Абай атындағы орта мектеп музыка пәні мұғалімі Докина Фарида Таңбайқызы
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Атырау қаласының Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Баймурзиевна
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Дина «Тойбастар»
Дина «Тойбастар»
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің домбыра үйірмесінің мұғалімі Карагизова Рысты Серикбаевна
Халық күйі «Кеңес»
Халық күйі «Кеңес»
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің домбыра үйірмесінің мұғалімі Карагизова Рысты Серикбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×