Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз шашу

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Наурыз шашу.
Мақсаты: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлай отырып наурыз тақырыбындағы ән - жырлар, айтыстар арқылы оқушыларға наурыз мейрамының мән - мағынасын түсіндіру;
Тәрбиелік мәні: Топтық жұмыс жасай отырып, Наурыз әндерін үйрету арқылы оқушыларды ұлттық салт дәстүрді сүйе білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту және ән айту дағдысын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану
Көрнекіліктер: «Наурыз тойы» суреттерді интерактивті тақтадан көрсету, ұлттық ойындардан көріністер, домбыра, баян аспабы, әннің сөзін монитордан көрсету, кеспелер маркерлер т. б

Сабақтың өту барысы:
Кіріспе: Қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар күй әуенімен класқа кіреді. Оқушылармен амандасу. (күй ойналып тұрады) Арнайы дайындалған киіз үйдің ішінде «айтыс», «жыр», «күй», «терме» жазулары бар кеспелер арқылы 4 жанұялық топқа бөлінеді.(1 минут)
Қызығушылықты ояту: «ассоциация» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтиже: * проблема туралы өз білімін ұсыну;
* ұсынылған проблеманы толық қорытындылай алу;
* таным әрекеті процесінде қарым – қатынас шеберлігі;
* білімді проблема бойынша актуалдандыру;
Мереке той дәстүр ән ай думан айтыс ұлыс күні наурыз көже
Әр топ өз ойларын ортаға салып талдайды. Аудиторияға ұсынады.
«Мағынаны тану»: «Тірек сөздер» стратегиясы қолданылады.( 5 минут)
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылықпен және өз бетімен жұмыс жасай білуін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: *болжайды, қиялдайды, талдайды;
*әңгімелеуде өз болжамын шығармашылық тұрғыда жеткізеді;
*жаңа ақпаратқа қызығушылықпен қарайды;
*таным әрекеті процесінде шебер қарым - қатынас жасай алады;

1 топ---------------2 топ--------------3 топ----------------4 топ
Наурыз----------Наурыз------------Мереке-------------Салт
Ұлыс күні---------Думан---------Наурыз көже-----Жаңа күн
Айтыс-------------Терме-------------Ақ әже------------Жыр
Той-----------------Дәстүр-------------Ән-----------------Ойын

Осы тірек сөздерді құрастырып әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жасау ұсынылады.
Әрбір топ мүшесі жазғандарын топта талқылайды.(3 минут) Өздерінің шешімімен бір оқушының жазғанын аудиторияға ұсынады.(8минут)
Интерактивтік тақтадан наурыз тақырыбынан көріністер көрсетіліп өз болжамдарын түп нұсқамен салыстырады.
- Оқушылар сендер наурыз туралы ойларыңды, білетіндеріңді ортаға салдыңдар. Ұжыммен, топпен және жұппен жұмыс жасай отырып бір - біріңді үйреттіңдер шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Наурыз тойынды ұлттық ойындар ойналып, ең негізгісі наурыз көже асылып, барлық халық мәре - сәре күйге еніп, бір - бірімен көрісіп жатады екен. Атпен ойналатын ұлттық ойындар ойналады екен. Олай болса, кең даланы әсем күймен суреттеген Құрманғазы Сағырбайұлының күйін тыңдап көрейік.
Музыка тыңдау: Құрманғазы «Көңілашар» күйін тыңдау, талдау.
• Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдың?
• Күй қалай орындалды?
• Қандай аспапта орындалды?
• Күй тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?

Мұғалім:- Енді орнымыздан тұрып сергіп жіберейік.
Сергіту сәті: Күй әуенімен қазақ биінің қимылдарын көрсетіп билеу.
(2 минут)
Ән үйрену: Наурыз туралы әнді үйреніп орындау.( 5 минут)

Наурызым - нақыл жыр.
Өлеңі мен әні: Ж. Кәрімованікі.
Нұр құйса дарқан далама таңның шапағы,
Күн күлсе терлеп жер ана бүршік атады.
Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда,
Күй ойнап шырқалып әндер шалқып жатады.

Қ а й ы р м а с ы:
Наурызым бабамның сөзі,
Наурызым анамның сөзі.
Ғасырдан ғасырға жеткен,
Даламның сөзі.

Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ол жарқын,
Елдікті қасиет тұтқан дәстүр мен салтым.
Тілеген елдің іргесін, жер амандығын,
Сақтаған Наурызды бізге айналдым халқым.

Қ а й ы р м а с ы.
Ой - толғаныс: «Галереяға саяхат» стратегиясы қолданылады.
Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, суреттеу, қорытындылау.

Күтілетін нәтиже: *ақпаратпен ықыласты жұмыс жасау;
*ұсынылған проблема жайында өзгелердің пікірін білу;
* эстетикалық талғамның талапқа сай болуы;
*сараптау, жинақтау, бағалау;
* мәтін бойынша белгілеп алу, сұрақ қою, тұжырымдау;

Арнайы дайындалған плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін суреттеп салады немесе жапсырма қағаздарға өз пікірлерін жазады (5 минут) Әр топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын тақтаға іліп талқылайды. ( 5 минут)
Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында сабаққа қатысымын ескере отырып бағалау.( 2 минут)
Үйге: Наурызым - нақыл жыр әнінің сөзін жаттау. Наурыз тойы тақырыбына 5 минуттық эссе жазып келу.

Сабақ «наурыз» сөзіне ассоциация жасаудан басталады. (2 минут)

Мереке той дәстүр ән ай думан айтыс ұлыс күні наурыз көже
Әр топ өз ойларын ортаға салып талдайды. Аудиторияға ұсынады.
7 979
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Төрлет, Наурыз төріме!
Төрлет, Наурыз төріме!
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×