Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ бұлақ әні

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Ақ бұлақ
Сабақтың мақсаты: музыканың кәусар бұлақ тәрізді мөлдірлігі, адамның одан сусындап, нәр алып, қуанышқа бөленетіні туралы ұғым беру, ән дыбыстарының таза бұлақ суындай шынайы орындалуына назар аудару.
Сабақтың міндеті:
1) білімділік: ән мазмұнына сәйкес дыбысты шынайы мәнерлеп орындайды меңгерту;
2) дамытушылық: ән мен сөздің мағынасын байланыстыра айтуға дағдыландыру;
3) тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, туған жер табиғатын қадірлеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу, ән айту, музыка тыңдау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, т. б.
Көрнекілігі: Б. Тәжібаевтің суреті, слайд, сөзжұмбақ, табиғат суреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг (екпіндете, мақалдап айту)
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз,
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
ІІ Жаңа сабақ: «Ақ бұлақ»
Ой ашу «Бұлақ» сөзжұмбағын шешу.
1. Суда тіршілік етеді (Балық)
2. Құстың тұрағы(ұя)
3. Ешкінің төлі(Алатау)
4. Таудың аты(Алатау)
5. Түс(Қара)
Үнтаспадан судың сылдырын тыңдату;
- Бұл ненің дыбысы, қалай естіледі?
(сылдырлап аққаны) – су
«Бұлақ» туралы түсінік беру, суреті (слайд)
Осындай әдемі көрініс жерлес ақын, сазгер атамыз.
Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнінде көрініс тапқан.
Бәкір Тәжібаев өмірбаяны туралы таныстыру (слайдпен)
Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (15. 5. 1926, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулылы - 8. 11. 1994, Алматы) - ақын, драматург, әнші. сазгер. Алматы көркемсурет - театр училищесін бітірген (1950). 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер. 1958 - 1974 жылы Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы обысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші - әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері - Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -"Қамар сұлу" операсы (Музыкасы Е. Рахмадиевтікі, 1963) либреттосының, 150 - дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым - ау, әппағым", "Гүлсің - ау", т. б.) Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т. б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.

Өлең жолдарында «Ақ бұлақ» көзінің қайталанып орындары табиғат пен әуен арасындағы үндестікті сабақтастырады.
IV. Ән үйрену
«Ақ бұлақ» (сөзі мен әнін жазған Б. Тәжібаев) әнін үйрену.
1. дауысқа жаттығу
2. әннің музыкалық сипатына көңіл бөлу
3. ән мазмұнын ашу
4. Әнді әуенге қосылып айтып үйрену
5. әннің интонациялық ерекшеліктерін ескеру
V. Музыка тыңдау
Шулы, музыкалық дыбыстардан иллюстрация тыңдау.
Құрманғазының күйі «Алатау»
(табиғат көріністерін еске түсіру)
«Туған жер» әні (Б. Тәжібаевтікі) – өздері орындайды;
Сергіту сәті «Жұмбақ шешу»
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоққта жер құрғайды.

Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет – ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты.

Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырлап,
Іздейді ылдиды.
VI. Домбыра ойнау
«Еркем - ай» әнін ырғаққа салып үйрену.
VII. Сабақты қорытындылау
«Сулы жер – нулы жер» мақалының мағынасын ашу;
Бұлақ суы қандай болады?

Бұлақ суы (сызбаны толтыру)

VIII. Бағалау
IX Үйге тапсырма беру
«Ақ бұлақ» әнінің сөзін жаттау
«Ақ бұлақ» сөзіне сөзжұмбақ не ребус құрастыру.
13 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мөлдір бұлақ
Мөлдір бұлақ
Су әлемімен және де суда мекен ететін тіршілік иелерімен таныстыру. Олардың әрқайсысына тән қасиеттерді ажыратуға дағдылау.
Қағаздан гүл жасау
Қағаздан гүл жасау
Қазақтың көрнекті жазушысы, ұлы ғалым, ағартушы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, автордың айтайын деген негізгі идеялық ой - мұратын ашу.
Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин
Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды, топпен бірлесе жұмыс істейді, бір - бірінің пікірлерін тыңдай біледі, мәтіннің мазмұны арқылы адамның ішкі жан дүниесінің бұлақтай таза болу керектігін түсінеді.
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Қызылорда қаласы, №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қойшыбаева Гүлдана
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Үйрену. Ә. Асылбеков
Үйрену. Ә. Асылбеков
ШҚО, Аягөз қаласы, Бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Көшербаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×