Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Бір бала" Музыканың бастауы - халық әуендер

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Ашық сабақ
Тақырыбы: "Бір бала"
Музыканың бастауы - халық әуендер.

Сабақтың тақырыбы: "Бір бала" Музыканың бастауы - халық әуендер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер А Жұбановпен танысу.
Тәрбиелік мәні: бабадан - бабаға, атадан - балаға саф алтындай сақталып келген бай мұраны түсініп бағалауға, көне көзінің бағамын білуге үйрету.
Дамытушылық мәні: ойын, қиялын, сөйлеу, есту, еске сақта, ән айту қабілеттерін дамыту.
Қолданылған көрнекіліктер: музыкалық аспап - баян, көркем сурет - "музыка тамыры", композиторлардың портреттері, А Жұбановтың еңбектері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы: кіріспе, амандасып оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Психологиялық дайындық жасау.
Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы,
А. Н. Серов
Музыка, тамшы сияқты там-тұмдап жүрекке енеді, жанды желпіндіреді.
Р. Роллан
Музыка мен ақындық сөз бір - бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды.
В. Асафъев.
Музыканы сезіну барда, түсіну бар. Оданда жақсы түсіну үшін музыкалық сауаттылық қажет - ақ. Ендеше берілген тапсырмаларды тауып музыкадағы негізгі жеті дыбысты орын - орындарына орналастырайық.
Екі орындаушы - дуэт.
Төрт орындаушы - квартет.
Ең үлкен музыкалық аспап - орган. Немесе аспаптардың патшасы.
- Біз бұданда басқа аспаптармен таныстық, қане аспаптардың дыбысталуымен дауысымызға жаттығу жасайық; та - та - та, бум - бум - бум, дың - дығы - дың. Жақсы келесі тапсырмаға назар аударайық.
Бір орындаушы - соло.
Вокалды музыканы орындаушы әншілер тобын кім дейміз?- Хор. Қане онда хормен ән шырқайық."Көктем әні","Біздің оркестр"
Түрлі концерт өтетін орын - концерт залы.
Оркестрді, хор ұжымын басқаратын адамды кім дейміз?- Дирижер. Ортадағы дирижер - композитор Н. Тілендиев атамыздың "Алатау"әнін шырқайық.
Келесі до нотасына тапсырма, жұмбақ;
Бірде былдыр - былдыр
Сәбилердің үніндей
Бірде сыңғыр - сыңғыр
Қоңыраудың үніндей
Ән сап жатқан ерінбей
Бұл не?
Бұлақ.

Тамаша до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до - бір октава ноталары орындарын тапты. Олай болса үйге берген шығармашылық тапсырманы қалай орындадыңдар екен?
Үй тапсырмасы сұралады. Иә, табиғат қандай? - Сұлу, көркем, әдемі,.... Сұлулығына тамсанған жұртшылық әнге қосады т. т. Күнделікті өмірде табиғатпен біте қайнасып келеміз. Мысал келтіре отырып,"музыка тамырына"тоқталамын. Өткен ғасырда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән - жырлар өмірмен біте қайнап, ауыздан - ауызға, қолдан - қолға көшіп бізге жеткен. Сол кезде де көңіл - күйлерін, қоғамға деген көзқарастарын сиқырлы музыка үнімен жеткізіп отырған. Бірақ уақыт өте авторлары ұмыт болған. Оларды халық музыкасы деген. Олай болса халық әні"Қызыл құмды ауылым"- оқушының орындауында баян аспабында тыңдалады. Халық әні"Әлди - әлди"- тыңдалады,
- Үлкен қошемет!
"Бір бала"- тыңдалады, мағнасын ашамын және үйренеміз.
Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңлағы, ең сәулеттісі де - халықтың өнері, жүздеген жылдар өтсе де мұқалмай, сыны қашпай, саф күйінде сақталып келе жатқан халықтың ең асыл мүлкін ең алғаш нотаға енгізген, біздің өнер қырандарымызды жинақтаған көрнекті ғалым, әйгілі композитор, біздің жерлесіміз дирижер Ахмет Жұбанов. Арнайы бұрыштағы еңбегі мен слайдты жүргіземін.

Үйге тапсырма;
Музыканың бастауы - халық әуендері,"Бір бала"- әні.
Бағалау; өнерлі - өрге жүзер.
Сабақты А. Жұбановтың "Тәжік биі"мен қорытындылау.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
11 850
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×