Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ладтың басқа түрлері

06 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
Ашық сабақ жоспары:
Пән аты: Негізгі музыка теориясы
Курс, бөлімі: II курс, «Ән – хор» бөлімі

Сабақтың тақырыбы: «Ладтың басқа түрлері»
Сабақ жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды негізгі ладтардан басқа да ладтармен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: жан – жақты білімді болуын тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: командалық, топтастыру, сұрақ – жауап, Венн диаграммасы,
Полиглот, Ойлан да аяқта.
Сабақтың түрі: біріккен сабақ
Сабақ типі: аралас
Пәнаралық байланыс: музыка әдебиеті
Көрнекілік құралдар: тақта, нетбук, мультимедиа проектор, компьютер, оқулықтар.

Сабақтың барысы:
VI. Ұйымдастыру кезеңі
II. Кіріспе нұсқауы
1. Өткен тақырыпты қайталау.
I кезең: «Полиглот» әр команда бір – біріне сұрақ қояды. Сұрақтың жауабын екі тілде жауап береді ( қазақ, орыс )
II кезең: «Венн диаграммасы» арқылы өткен мәліметтерді еске түсіру.
III кезең: Қызығушылықты ояту. « Ойлан да аяқта» ( топтастыру )
IV кезең: Сергіту сәті: «Фотоаппарат»
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Мағынаны тану (Джигсо, « Мәтін бөліктері», қысқаша лекция – конспект тарату).
2. Музыка тыңдау.
3. «Ой қозғау» тест – сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты еңгізу.
4. Музыкалық викторина.
IV. Сабақты қорыту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, тізім бойынша түгендеу.
2. Кіріспе нұсқауы. Өткен тақырыпты қайталау.
I кезең: «Полиглот» әр команда(«Мажор және Минор») бір – біріне сұрақ қояды. Сұрақтың жауабын екі тілде жауап береді ( қазақ, орыс ).
«Мажор»
1. Ладтың биіктігі? - Тональдік.
2. Ладтарға қай аймақтардың аты берілді? – Греция.
3. Табиғи минорда кездесетін көне халық лады?- Эолийлік.
4. 5 дыбыстан тұратын лад?- Пентатоника.
5. 7 дыбыстан тұратын лад?- Диатоника.
«Минор»
1. Народный лад, с повышенной 7ступенью?- Миксолидийский.
2. Лад, состоящий из 3 - х звуков?- Трихорд.
3. Система взаимоотношений между устойчивыми и неустойчивыми звуками?- Лад.
4. Народный лад, равный натуральному мажору?- Ионийский.
5. Вид минора, с повышенной VII ступенью?- Гармонический.

II кезең: «Венн диаграммасы» арқылы өткен мәліметтерді еске түсіру.
Мажор ---- 1. Негізінде Ү5/3.
2. Үйлесімді түрінде - VI↓.
3. Әуендік түрінде -↓VI VII↓.
4. Халық ладтары - ионийлік, лидийлік, миксолидийлік.

Минор --- 1. Негізінде К5/3.
2. Үйлесімді түрінде - VII↑.
3. Әуендік түрінде -↑ VI VII↑.
4. Халық ладтары - эолийлік, дорийлік, фригийлік.

Екеуі де -- 1. Ладтар.
2. Үш түрі бар.
3. Пентатоника лады бар.
4.║тональдіктер т5.

IV кезең: Сергіту сәті: «Фотоаппарат». Топпен жұмыс.
Стол үстінде нәрселерді 1секунд қарап, көзін жұмып отырып, жатқа айтып беру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағынаны тану (Джигсо, « Мәтін бөліктері», қысқаша лекция – конспект тарату).

Параллельді мажор және минор пайдаланылатын лад – параллельді ауыспалы лад деп аталады.
Ауыспалы ладтың тағы бір түрі мажор – минор немесе минор – мажор деп атайды. Осы ладта бір аттас мажор мен минор кезектеседі.
Кейбір халықта – венгр, болгар, еврей, цыған, әзірбайжан, түрік, араб, т. б. – музыкалық фольклорда екі гармониялық тетрахордтардан тұратын лад кездеседі. Осы ладтар қос гармониялық мажор және қос гармониялық минор деп аталады.
1. қос гармониялық мажор – II мен VI с. төмендетілген /араб лады/
2. қос гармониялық минор – IV мен VII с. жоғарлатылған /венгр немесе цыган лады/.

XIX ғ. бастап кейбір музыкалық шығармаларда ерекше бір лад кездеседі, ұлғайтылған деген лад. Ұлғайтылған лад – бүтін тон арқылы құрылған алты сатылы гамма (бүтінтондық, целотонная гамма). Алғаш рет осы ладты М. И. Глинка «Руслан мен Людмила» операсында пайдаланылды.

Басқа орыс композитор Н. А. Римский - Корсаков кішірейтілген ладты алғаш рет «Садко» операсында қолдаланды. Мұна лад тон мен жарты тон кезектесіп сегіз сатылы гамма болады.
Осы ладтар фантастикалық, аңыз – ертегілердегі бейнелерді беруде қолдалынған.
Музыка тыңдау:
1. Е. Крылатов - Ю. Энтин «Крылатые качели»
2. Saint - Preux Allegories g moll - B dur.
3. М. Мусоргский «Картинки с выставки» «2 еврея»
4. М. Глинка «Марш Черномора» «Руслан мен Людмила» операсынан.

«Ой қозғау» тест – сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты еңгізу.
Тест №1

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 682
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Ладтағы және ладтан тыс Доминантсептаккордты анықтап, құрып білуге баулу, арнаулы музыкалық дағдыларын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Мажордан D - ға ауытқу. DD каденцияда. Хроматикалық секвенциялар
Мажордан D - ға ауытқу. DD каденцияда. Хроматикалық секвенциялар
«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі. Оқытушы: Туякалиева Сауле Биболатовна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×