Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алу кеші

29 маусым 2014, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Ән қанатында.
Қазақстанның халық артисі, композитор Шәмші Қалдаяқовты еске алу кеші.
Жоспар.
1. Слайд бойынша композитордың өмірбаянына шолу жасау.
2. Оқушылардың әдеби музыкалы монтажы.
3. Шәмші Қалдаяқовтың халыққа кең танымал әндері.(орындау)
4. Шәмшіге арнау өлеңдер оқу.
5. Қорытынды.

Кештің мақсаты: 1. Танымал композитор Ш Қалдаяқовтың
шығармашылығы мен, өмірімен таныстыру.
2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3. Эстетикалық тәрбие беру.
Кештің көрнекілігі: слайдтар, суреттер, музыкалық аспаптар, фонограмма.
Кештің барысы:
1 - Жүргізуші:(слайд бойынша)
«Аса көрнекті сазгер, ән жанрының негізін салушы майталманы,, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов - Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 — жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956 - 1962 - жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда В. В. Великановтың класында оқыды».
2 - Жүргізуші:(Слайд көрсетіліп тұрады)
«Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтың қайнарымен қабыстыруында жатыр. Ал, бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскеніне дәлел.
Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Шәмші Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді.
1 - Жүргізуші: «Даңқты жазушымыз Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген сөзінде Шәмші саздарын Ақан сері, Біржан сал өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт ауызында бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші атануының сыры сонда. Сазгер әндері әсіресе 60 - 70 - жылдардағы жастардың аузында жүрді.
М. Шаханов: «Қалдаяқов өзені» (оқушылар кезектесіп мәнерлеп оқиды)
Бар қазақты тамсандырған
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған
Шәмші едің.
Зорсынғанның көбісі құр сүлде
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіңдей
Таба алған жоқ нар сенім
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп.
Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп.
Ал, сен, ұлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен, тілегіңмен
Дарын едің алдыңа жан салмаған.
Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын,
Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.
Бәлкім содан маңдайыңның
Қасіреті тым қалың.
Пенделік пен кеңдікті көп
Көрсең де сен сынбадың.
Заманыңда ұшырсаң да
Әннің небір сұңқарын,
Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің ау,
Ерлік шығар сондай сәтте,
Еңкейместен тұрғаның.
Өкпелеме қазағыңа,
Өкпелеме іңкәрім.
Жігіттің бір жарқыны едің,
Дәуірдің сом алтыны едің,
Елдің және арайы,
Бірақ сеннен әлдеқайда қымбатқа,
Бағаланды қалайы.
Солай көшкен бұл даладан
Ұлылардың талайы.
Мына шақта ізгіліктің тауы тозған кезеңде,
Қырандардан қораздар мен
Тауық озған кезеңде,
Хас тұлпарды топ жабағы,
Қалың шаңға жауып озған кезеңде,
Айналдың сен енді ешкім
Бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес өлмес,
Атақ даңқтың кезегі.
Келгендігін досың түгіл
Қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ
Еркелеп ақ еліңе
Ұлтымыздың ұлы өзені,
Қалдаяқов өзені.
3) Шәмші Қалдаяқовтың халыққа кең танымал әндері оқушылардың орындауында шырқалады.

Шәмші Қалдаяқовтың халыққа кең танымал әндері.(орындау)
1. «Әнім сен едің»
Өлеңі Т Молдағалиев. орындайтын қыздар вокалы.
Әні Ш Қалдаяқов.
2. «Ана туралы жыр»
Өлеңі: Ғ Қайырбеков. орындайтын: Ақниет
3. «Арыс жағасында»
Өлеңі М Шаханов. Орындайтын: Толғанай.
4. «Бақыт құшағында»
Сөзі: Т Молдағалиев. Орындайтын Айдар
5. «Қайықта» Сөзі: Н Әлімқұлов. Орындайтын: Меруерт
Қорытынды: Жиырмасыншы ғасырдағы қазақтың музыка өнеріндегі ең ірі тұлғаның бірі сөз жоқ Шәмші Қалдаяқов. Қазақ Шәмшіге қарыздар. Өйткені Ұлы Сазгер ұлтымыздың жаншыла бастаған рухын табанының астынан тауға сүйреп шықты. Ол жылатуды білмейді, керісінше жанары жасқа толғандарды жұбата білген тұлға. Ол сондай ақ ұлт патриоты. Елін егіле сүйген перзенті. Дұрысы қазақтың жазбай кеткен ұлы ақыны да Шәмші еді.

Олай дейтін себебіміз ән мәтінін таңдауда, ән мәтініне тапсырыс бергенде Шәмшідей талғампаз сазгер әй, қазақта аз ау. Ақын болмаса сөйтер ме еді. Біздің қазіргі кәсіби сазгерлерде Шәмшідей ақындық талғам кемшін. Ол сонысымен де дара. Дара болу бақыт, дара болу азап. Оған шыдау, оны көтеріп тұру үшін де орасан төзім керек. Шәмші міне, сол төзімнің жемісі. Қазақ жазушыларының сөзімен айтсақ:
Әбіш Кекілбаев: «Шәмші ән шығара бастаған ауыр кез соғыстың жарасы жазылып бітпеген кез еді. Жесірлер баққан жетім ұрпақ енді-енді жетіле бастаған ды. Ана зарына, жоқтау үніне құлағы үйреніп қалған халықтың шерлі жүрегін діктеген шеру емес, сыршыл наз әуенімен жібіте білген, талай жерде тауы шағылған жұрттың шерменде көкірегінде көктем орнатып, гүл еккен еді ау оның әндері.
Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтың сөзімен айтсақ: «Мен музыка әлемінің аса білгірімін деп өзімді айта алмасым ақиқат бола тұра, халқымның ән күйіне бір кісідей құлақ қойып, содан жаным жай тауып, рухани ләззат алатыным рас. Шәмші — қазақ ән өнеріне үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз.
Шәмшінің әндерін өткен ғасырдың 60 жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап, вальстерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп, билеп келеді десем, артық айтқандық емес. Шәмші батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген еді. Сондықтан да оны тұрғыластары «қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп, мақтан етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Аңыз адам» журналы. Қалдарбек Құрманалиев «Шәмші туралы аңыз», «Шәмші әндері жинағы» «Қазақстан мәдениеті» энциклопедиясы.
5 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ән падишасы – Шәмші аға
Ән падишасы – Шәмші аға
Қазақ халқының танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру.
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш. Қалдаяқовтың өмір баянымен таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Нәр берген ән - бұлақтан
Нәр берген ән - бұлақтан
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Шындаулетова Нурлы
Ән болып қалықтаған...
Ән болып қалықтаған...
Сабақтың тақырыбы: Ән болып қалықтаған... Шәмші Қалдаяқов – «Ана туралы жыр»
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×