Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі

26 шілде 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов “Күй аңызы” әңгімесі
Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты: - оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс - әрекеттері туралы, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс - тіршілігіне назар аударту, әңгімені қорытындылап, алған білімдерін жинақтап бекіту;
- өнердің құдіретін таныту;
- әңгіменің көркем тілін таныту; өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Т. Ахтановтың портреті, шығармасы, күйшілердің портреттері, “Нар идірген” кітабы.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, түгендеу.
Ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
2. Зымыран (бәйге сұрақтары)
1. Жазда келе жатқан екі жолаушы кімдер?
2. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе,- деп кім және не себепті бұлай айтты?
3. Ердің атындағы ұзын қызыл қоржыннан не шығып тұр?
4. Екеуінің әңгімеден кейін көңілі жүдеп, үнсіз келе жатқанда, суалып қалған жырадан не кездестірді?
5. Домбыраның құлағын бұрап, машықты әуенмен Естемес нені бастады?
6. Күйді бастауға қандай оқиға әсер етті?
7. Нардың соңынан ерген екі аттылы қайда келді?
8. Қараша үйде жолаушылар кімді кездестірді?
9. Шал Естемеске қандай қолқа салды?
10. Иіп тұрған нарды Жаңыл неге саймайды?
11. Оразымбет күйді жалғастырғанда нардың сүті шелекке сауылдап құйыла берді. Осылай дүниеге келген жаңа күйдің аты не?

Әңгіме құрылысын талдату.
Әңгіменің басталуы: Екі жолаушының әңгімесінен
Оқиғаның дамуы: Жолаушылардың жырадан жалғыз нарды кездестіруі
Оқиғаның байланысуы: Аяқталмаған күй
Оқиғаның шиеленісуі: Қайнардағы қараша үй, Шалдың қолқа салуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Естеместің күй тартуы
Оқиғаның шешімі: Күй арқылы Нарды идіртуі

Күй күшті, тау – тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын
Талқандап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын.

Күй күшті, істі, еңбекті сүйдіретін,
Тамырын тас емшектің идіретін
Жарлының тілек күйі, жүрек күйі,
Өмірді білдіретін, күлдіретін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы"
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, құрылымдық және көркемдік ерекшелігін танытып, күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Астана қаласы, № 45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі
Тахауи Ахтанов “ Күй аңызы” әңгімесі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, Мәншүк Мәметова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×