Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыка - сезім тілі

08 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: «Музыка - сезім тілі»
Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру.
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру.
Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау,
сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, электронды оқулық, микрофон,
композитор В. Шаинскийдің суреті, әуесқой сазгер А. Н. Еспенбетованың бейнехаты, музыкалық баспалдақ, ойынға қажетті заттар

Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Бастапқы жүріс
«Балдырғандар маршы» Ш. Қалдаяқов
Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді. Балалармен әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат па, ба - ла - лар?
Марш әуенімен қатар бойлай, ырғақты тыңдай, ара қашықтық сақтай жүреді, әуен аяқталуымен дәл тоқтайды. Әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат - сыз ба?
2. Әуенді - ырғақты қимылдар.
«Мир похож на цветной луг» В. Шаинский
- Балалар! Мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады)
- Әннің көңіл - күйі қандай? (Көңілді)
- Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән. Ендеше қазір бәріміз осы әннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма?
- Жақсы биледіңдер. Ән сендерге ұнады ма?
- Би билеу ше?
- Бұл әнді композитор В. Я. Шаинский жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді.)
(В. Шаинскийдің балаларға арналған әндері көп. Мысалы: «Голубой вагон», «Настоящий друг», «Чунга - чанга» т. б.) Композитор - музыка ойлап табады. Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме?
(- Жоқ. Бірінші ән - марш сипатты, ырғағы бірыңғай қысқа дыбыстармен беріледі. Ал екінші ән - би сипатты, ырғағы әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстармен берілген.)
- Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен.
Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық...
Ал композитор В. Я. Шаинский бізді бақылап тұрады, ырғақтан жаңылысып қалмаңдар. (Үйренген ырғақты қимылдарын қайталайды. Ырғақты дұрыс ажыратуға тырысады.)
Іздену - ұйымдастыру бөлімі
- Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық
3. Музыка тыңдау
«Қуыршақтың мұңы» П. И. Чайковский
- Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті?
- Музыканың көңіл - күйі қандай? (Мұңлы, көңілсіз)
- Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма.
- Егер осы музыкалық шығарманы сендер жазған болсаңдар қалай атар едіңдер? Мазмұны не туралы деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
- Композитор бұл шығарманы «Қуыршақтың мұңы» деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты.
- Балалар! Жаңа сендер ырғақты қимылдар орындағанда қандай көңіл - күйде болдыңдар? (Көңілді)
- «Қуыршақтың мұңы» атты шығарманы тыңдағаннан кейін көңіл - күйлерің өзгерді ме, жоқ па? (- Иә, көңілсіз күйге түстік.)
- Ал сендер ол музыкалардың көңіл - күйін білу үшін қолмен ұстап байқадыңдар ма? Әлде көзбен көрдіңдер ме? (Жоқ, тыңдадық)
- Дұрыс, тыңдау арқылы білдіңдер. Музыка тыңдағанда әр түрлі сезімге бөленуге болады. Музыкада тілдік шекара жоқ. Әлемдегі барлық халықтардың музыкасын тыңдап, айтқысы келген ойларын түсінуге болады. Сондықтан музыка - сезім тілі делінеді. Ал музыка әсерлі, түсінуге жеңіл болу үшін музыка бояулары көмектеседі. Ол туралы бізге «Ақылды тақта» баяндап береді.(Эл. оқулықтан түсіндірме әңгіме)
4. Дауыс жаттығулары.
- Балалар! Мен сендерге үнтаспадан бірнеше дыбыстарды тыңдатып көргім келеді. Мынау ненің дыбысы? Мынау ше? (Дыбыстарды танып, атайды)
- Барлық дыбыстарды дұрыс таптыңдар. Бұл дыбыстарды мен бір сөзбен «Шулы дыбыстар» деп атар едім. Себебі мен «Музыкалық дыбыстардың» болатынын білемін. Шулы дыбыстардың белгілі биіктігі, өзара байланысы жоқ. Ал музыка - лық дыбыстардың өз биіктігі болады, жағымды естіледі. Біз оларды музыкалық аспаптарда ойнап немесе әндете, қалауымызша соза аламыз. Қане, айтып көрейікші.
- Алдымен, 7 нотамызды тура және кері бағытта әндетейік..
-«Әлдилеп» бөпемізді ұйқтатайық..... т. б.
5. Ән айту
1. Балалар қалауы бойынша
2. «Сырда туған баламын» А. Еспенбетова
Өткен әндердің әуенін ойнап, таныс әнді тани білулеріне мән береді, қайталатады. Ән сөздері, әуені дұрыс сақтала, әуезді орындалуын қадағалайды.
- Балалар! Жаңа ән үйренгілерің келе ме?
- Бұл ән Сыр өңірінде, Қызылорда жерінде тұратын балалар үшін арнайы жазылған. Әнді үйренбес бұрын алдымен ән авторының сендерге жолдаған бейне хатын тыңдап алайық. (Ән авторының балаларға бейне хат жолдауын тыңдатады. Ән үйрету әдісін ескере, әннің 1 - шумағын үйретеді. Ән сөздерін анық, әуенін дұрыс меңгерулеріне көңіл бөледі)
6. Ойын ойнау
«Қатты немесе ақырын» дидактикалық ойын
- Балалар! Музыка мазмұнын ұғынуға, әсемдеуге динамикалық реңкі де көмектесетінін білдік. Мен сендерді «Қатты немесе ақырын» деген ойынды ойнауға шақырамын. (Ойын шартын түсіндіреді)
- Менің қолымда қима қағаздар бар. Олардың түсі қандай екен, айтып беріңдерші... (Ашық қызыл, қанық қызыл қима қағаздарды көрсетеді)
- Дұрыс, қызыл түсті қима қағаздар. Ал олардың айырмашылықтары бар ма?
- Дәл сол сияқты бір ғана музыканы үш түрлі дыбысталуда тыңдауға болады екен. Ойын шарты бойынша музыка ақырын естілсе ашық түсті, орташа естілсе қызыл түсті, қатты естілсе қанық қызыл түсті қима қағаздарды көтеріп белгі берулерің керек, жарай ма? (Ойынға қатысады. Ойын арқылы дыбыстардың динамикалық реңкін ажыратуға үйренеді)
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Тілші» деп аталады. Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме? Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру.
Мен тілші болайын, сендер менің сұхбаттасушы серіктестерім болыңдар.
Қойылған сұраққа толық, анық, барынша нақ жауап беруге тырысыңдар, жарай ма? Ойнаймыз ба?
- Бастадық онда! (Әуез жетекшісі қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды)
- Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды?
- Қандай музыка тыңдалды?
- Мазмұны туралы не айта аласыңдар?
- Музыканы біз қалай түсіне аламыз? (Тыңдап, сезіну арқылы)
- Музыка бір - бірінен қалай ерекшеленеді? (Ырғағы, сипаты, көңіл - күйі, жылдамдығы бойынша)
- Композитор кім? (Музыка жазатын адам)
- Шулы және музыкалық дыбыстар туралы айтып берші? т. б.

Күтілетін нәтиже:
Музыкалық іс - әрекеттер түрлерін орындау дағдылары жетіледі. «Композитор», «Шулы және музыкалық дыбыстар», «Музыка бояулары» ұғымдарына түсінік алады. Музыканың динамикалық реңкін анықтап үйренеді. Жаңа әннің 1 - шумағымен танысады. Ән салуға ықыластары артады. Өз ойларын еркін жеткізуге машық - танады. Ырғақты дұрыс ажыратуға қалыптасады.
50 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Біз - көңілді баламыз
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Электроника әлемі
Электроника әлемі
Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету. Музыканың түрлі дыбысталуын “ баяу – қатты” ажыратуға, күш түсірмей табиғи дауыспен айтуға, ритм мен тактіні
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×