Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт

07 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ҮІІІ - ІХ ғасырдағы Қорқыт бабамыздың өмірімен таныстыра отырып, қобыз аспабының шығу тарихымен және күйлерімен танысу. Жаңа ән үйрену.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға адал болуға, Қорқыт бабамыздың өмірін үлгі ете отырып, батылдыққа, әділдікке, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, ән айту
Көрнекілігі: Қобыз аспабы, Үн таспа, интерактивті тақта, баян, күйшілер
портреттері т. б

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
Сә - ле - мет - сіз - бе сөзін До - ми - соль - ми - до ноталары арқылы музыкамен амандасу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Жетіген аспабының шығуы, құрылысы
2. Б. Ғизатов «Әліппе» әнін жатқа әуенімен қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Қобыз аспабымен танысу.
2. Қобыз аспабында орындалатын күйлерді тыңдау.
3. Қобыз аспабының шығу тарихы
4. Қорқыт өмірі
5. Қорқыттың күйлері
6. Қорқыттың күйлерінің шығу тарихы.

3 - слайд. Қобыз түрлерінің суреттері
Өнер – қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай.
Сол мұралар үніне құлақ түрсек ата - бабаларымыз басынан өткерген қилы - қилы замандармен сан ғасырлардан шежіре боп сыр шертеді.
Қобыз аспабының дыбысын тыңдай отырып қандай аспа екенін табу. Қобыз аспабының түрлері өте көп. Прима қобыз, қыл қобыз, бас қобыз, контра бас қобыз т. б. Қобыз аспабының құрылысымен таныстыру. Қобыз аспабына арналған күйлерді тыңдау. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдай отырып оқушыларға қобыз аспабының құдіретімен таныстыру.
Қобыз аспабын ойлап тапқан күйшіміздің бірі Қорқыт баба.
Ежелгі заманнан бері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі, аты аңызға айналған Қорқыт баба және оның күйлері, халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты.
Қорқыт баба 8 - 9 ғ - да Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген.(Қазіргі Қызылорда қаласы). Қорқыт оғыз - қыпшақ тайпасынан шыққан асқан сәуегей, бақсы балгер, ойшыл жыраулық, күйшілік өнердің атасы.

2 - слайд. Топтастыру
Қорқыт

Күйші
Жыршы
Бақсы, балгер
Асқан сәуегей
әрі көріпкел

3 - слайд. Қорқыт бабаның бейнесі.
Қорқыт дүниеге келерде күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қараңғы түнек басып, жұрттың үрейін ұшыратады. Бала анасынан туа тіл бітіп сөйлей бастайды. Алғашында бұл бір жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт, оның адам нәсілі екенін көргенен кейін ғана көңілдері жайланады. Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан да атын «Қорқыт» деп қояйық деп нәрестенің есімін Қорқыт қояды. Қорқыт өте сезімтал, өнерлі бала болып өседі. Ол көптеген күйлер шығарады. Ол халқы мен елінің тағдыры, болашағын ойлап, көкірегі қарс айырылады, адамдардың қайғы - қасіретіне ортақтасып, мұң - шерін бөліседі.
Қорқыттың өмірге келуі де кетуі де бізге дейін аңыз түрінде жеткізіліп келеді. ІХ - ХІ ғасырда тұрғызылған Қорқыт атамыздың мазары қазіргі Қызылорда обл. Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған. Сырдарияның тасқын суынан мазар 1960 ж құлап қалады. 1980 ж зиратқа жақын жерге архитектор Б. Ыбыраев пен С. Исатаевтың жобасы бойынша 8 метр, 4 тарапқа қаратылып тұрғызылған қобыз бейнесіндегі жасалған ескерткіш орнатады. Жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады. Ал Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағында «Түйетабан» өрнектерімен нақышталған. Ол Қазақстандағы үздік тарихи ескерткіштердің бірі.
Қорқыт атаның кітабы түркі халықтарына ортақ мұра. Бұл кітап ХҮ ғас - да жазылған.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы. Аңыз күйінде баяндалады.
Қорқыт оғыз - қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны, салт - дәстүрді реттеуші батагөй дана. Қорқыт ең қиын деген мәселелерді шешкен.
Қандай ғана іс болмасын Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін орындаған.
Қорқыт күйлерінде терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл күй, майда қоңыр лиризм тән. Күйші өз күйлерінде тағдырдың қайғы қасіретін, мұңын шертіп ботадай боздатса, бірде мәңгілік өмірмен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдатады.
Қорқыттың көптеген күйлері бар. Оның 11 - і таспаға енген. Олар: «Қорқыт», «Ұшардың ұлуы», «Елім - ай», «Халқым - ай», «Әуіппай», «Башпай», «Желмая», «Тарғыл тана» т. б Қорқыттың күйлері шығу тарихы аңыз түрінде белгілі.
Мысалы: «Әуіппай» күйінің шығу тарихына тоқталатын болсам.
Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда Сырдарияның жағасына бала көтеріп бір ана келеді. Бала жылай береді. Қорқыт баласын «Әуіппай, әуіппай» деп жұбатып тұрған анаға арнап осы күйін шығарған.
Оқушыларға сұрақ қою. Алда қандай үлкен мереке келе жатыр?
Жауабы: Жаңа жыл мерекесі.
Жаңа жыл мерекесіне орай әндер үйренеміз. Сондай әндердің бірі К. Қуатбаев «Ақша қар» деген әнін үйренеміз.
Ән айту бөлімі.
Әнді тыңдап әннің әуенін сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, дыбыс ырғақтарын келтіріп айтуға үйрету.

ІҮ. Қорытындылау
1. Оқушылар Қобыз аспабының құрылысын бөлшектеп соны қайтадан орын - орынына қойып құрастыру керек.
2. Топтастыру
Оқушылар әр түрлі түсті таңдай отырып Қорқыт кім? деген сұраққа жауап береді

Ү. Үйге тапсырма
Қорқыт туралы оқу.«Ақша қар» әнін жаттау.
11 951
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Қорқыт ҮІІІ - ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың
Қобыз атасы – Қорқыт
Қобыз атасы – Қорқыт
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Киелі аспап - қобыз!
Киелі аспап - қобыз!
Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×