Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңбалы тастар

29 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 6класс
Сабақтың тақырыбы: Таңбалы тастар
Сабақтың мақсаты: Таңбалы тастар жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Қазіргі замандық сурет өнеріндегі көне образдардың орын алуы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: «Отырар сазы» фольклорлық – этнографиялық оркестрдің орындауындағы Сүгірдің «Бозінгеннің бүлкілі» күйін тыңдатып, шығарманың мазмұнын талдау. Музыкалық бейнелердің сурет өнерінде кескінделуі арқылы музыка мен музыкалық образдардың мазмұнын аша білу. Музыкалық сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық өнеріміздің қадір қасиетін түсініп, дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, бейнелеу, талдау, салыстыру т. б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, суретшілер Бапановтар отбасының суреттері және олардың туындылары.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу, ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу
2. Психологиялық тренинг
3. Ой қозғау.
Интерактивті тақтадан түрлі тастар көрсетіледі.
- Балалар, мына суреттер туралы не айта аласыңдар?
- Бұл суреттер нені білдіреді? (Оқушылар жауабы тыңдалады)

ІІ. Мағынаны тану.
1. Таңбалы тастар жайлы әңгімелеу.
Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен өнердің ең көне түрі таңбалы тастардағы бейнелер. Ерте замандардағы аңшылар таңбалы тасқа арқар мен бұқаның, аттар мен құландардың, көптеген бұғылар мен түйе малын бейнелеген. Уақыт пен заман өте келе суретшілер ғұрыптық билердің қимылын, қолдарына түрлі қару ұстанған аңшылар мен жауынгерлердің шайқасын, ат үстіне, түйе мен бұқаға мінген жасақшылардың бейнесі мен күн басты құдайларды таңбалы тасқа қашап кеткен. Таңбалы тастағы суреттерді әуелде таспен, кейін келе темірден жасалған арнайы құралдармен салатын болған. Таңбалы тастардағы бейнелер жай ғана сурет емес. Ол адамдар үшін қасиетті, киелі саналған аңдар мен жануарлардың, өмірдің ғажайып құбылысы мен оның құрылымын бейнелейтін көріністер. Ежелгі өнер саналатын таңбалы тастардағы бейнелер, аңыз - күйлер, әдет - ғұрыптар – ғасырдан ғасырға жалғасып, бүгінгі күнге төл мәдени мұрамыз болып бізге жетті. Бүгінгі таңда таңбалы тастардағы бейнелері бар таулар қасиетті де киелі саналады. Ғасырлар өте келе музыка, поэзия, сурет және сәулет өнері әр қайсысы дараланып жеке өнер түріне айналды. Ал қазіргі заман суретшілері ежелгі туындылардың терең сырын түсінуге талпынып, олардың сюжеттік желісін қайта ой елегінен өткізуде.

2. Біліп ал: Сәуле және Әлібай Бапановтар жайлы қысқаша өмірбаяндық дерек беру.
Әлібай (1953) және Сәуле (1956) Бапановтар Қызыл - Орда облысында дүниеге келген. Суретшілердің шығармашылығындағы басты бағыт гобелен өнері. Олар өз жұмысында сан ғасырлық қазақ халқының дәстүріндегі алаша тоқу өнерін негізге алды. Әлібай және Сәуле Бапановтардың гобелендері тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал болды. Бапановтардың көптеген туындылары Қазақстанның және Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Польша, Франция мұражайларында да орын алған.

Суретші Сәуле және Әлібай Бапановтар таңбалы тастағы түйе бейнесін қазіргі замандық гобелендерінде өте ұтымды пайдалана білді. Түйе – көшпелі өмір салтының символы іспетті. Сол себепті суретшілер өмірдің үш жолын әр түрлі бояумен бейнелейді. Олар: сары – көшпелілердің көне жолы, көк - өмір ағымы, жасыл – адамдардың өмір жолы. Ал түйенің өзі болса, көк пен жерді немесе өткен мен бүгінді қосып тұрған алып тау секілді. Гобеленге салған Әлібай мен Сәуле Бапановтардың бұл суреті жаңа мазмұнға ие болды.

3. Түсініп ал! Гобелен - жібек жіптерден немесе жүннен тоқып жасалған кілем түрі.

4. Музыка тыңдау.
«Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрдің орындауында Сүгірдің «Боз інгеннің бүлкілі» атты күйін тыңдап көрелік!
Қасиетті Қаратаудан шыққан атақты Сүгір күйші де киелі саналатын түйе малын өзінің күйлері арқылы бейнеледі. Түйе образы ежелгі замандардан көптеген күйлерге арқау болды. Мәңгілік өмір іздеп шар тарапты айналған Қорқыттың «Желмаясы», ботасын іздеп боздаған «Нар идірген» сынды көне аңыз күйлер Сүгірдің «Боз інгеннің бүлкілі» атты күйінің туындауына себеп болғандай. Сүгірдің бұл күйін тыңдап отырып оның ырғағынан түйенің желісін, ал әуені болса оның жұмсақ та байыпты жүрісін көз алдыңа елестеткендей әсер қалдырады. Күй түйенің жүрісін ғана бейнелеп қоймай, көңілдің мұңы мен шерін де толғағандай.

5. Білесін бе?
Қазақстанның аймағында 140 - қа тарта таңбалы тастардағы бейнелер сақталған. ХІХ ғасырда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ең ірі таңбалы тастар табылды. Ал, ХХ ғасырдың орта тұсында Шығыс Қазақстан мен Қаратау және Тарбағатай тауларында таңбалы тастардағы бейнелермен толыға түсті. Бүгінгі таңда республика бойынша Ертіс, Балқаш бойларындағы және Маңғыстау мен Ұлытауда табылған көне мәдениет ескерткіштерін ғалымдар зерттеу үстінде.

6. Дауыс жаттығулары.

7. Ән айту
Әні мен сөзін жазған С. Сейфуллин «Тау ішінде» әнін үйрету. Әннің текстін таратып беру.
- Әнді үнтаспадан тыңдату.
- Әннің мазмұнын талдау, характерін анықтау.
- Әнді хормен үйрету.
- Әнді топқа бөліп айтқызу.
- Кейін жеке оқушыларға орындату.
- Әнді аспаппен үйреніп болған соң минусовкамен орындатамын.

ІІІ. Ой толғаныс.
- Сонымен, біздер өнердің үш түрін – таңбалы тастардағы бейнелер, гобеленге салған суреттер және күй жайлы әңгіме қозғадық. Осы өнердің үш түрін не байланыстырады?
Сұрақтар:
1. Қазақтардың тұрмыс - тіршілігінде түйе малы қандай қызмет атқарды?
2. Аңшылар ертедегі таңбалы таста нені бейнелеген?
3. Суретші Бапановтардың гобеленіндегі суреттер қандай мазмұнды береді?
4. Түйе малына арналған қандай күй аңыздарын білесің?

ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
1. «Таңбалы тастар сыр шертеді» тақырыбын оқып келу.
2. Түйе суретіне байланысты өзіңнің шығармашылығыңды көрсет.
13 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Халық музыкасының концерті
Халық музыкасының концерті
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Ой толғау
Ой толғау
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Тоғысқан екі өнер
Тоғысқан екі өнер
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×