Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ вальсі

29 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна

Музыка 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Композитор Латиф Хамидидің шығармашылығы туралы мағлұмат толықтырып, «Қазақ вальсі» әнін үйрету.
Дамытушылығы: Вальс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
Тәрбиелілігі: Әнді тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО технологиясының «Алты телпек», топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих, бейнелеу, хореография

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Класқа оқушылар вальс әуенімен кіреді.
1. әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг.
- Мен мықтымын,
- Мен әдемімін,
- Мен өнерлімін,
- Мен білімдімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!
3. Интерактивті тақтадан вальстің бірнеше түрлерінен үзінді көрсетіледі.
- Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады?
Оқушылар 6 топқа бөлініп отырады. Әр топтың алдында телпек (шляпа) тұрады.
Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.

ІІ. Мағынаны тану.
- Ия, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ вальсі» деп аталады. (Дәптермен жұмыс)
- Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни сабағымызды «Алты телпек» әдісі арқылы өткіземіз. (№ 1 слайд)
1. Бейнетаспаға назар аударайық. Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қазақ вальсі» әні тыңдалады.
«Ақ телпек» Статистикалық. (Вальс қалай пайда болған?, әннің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер?)
«Сары телпек» - Сәттілік («Қазақ вальсі» әні несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т. б.)
«Қара телпек» - Сәтсіздік (әннің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазіргі таңда бұл әннің ырғағына жастар билей ма?, т. б.).
«Көк телпек» - Аналитикалық (Не үшін?, Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді)
«Жасыл телпек» - Шығармашылық (Әннің ырғағына вальс билеп көрсетуге болады, немесе өлең шығару.)
«Қызыл телпек» - Сезімтал (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар. Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алды ма?) Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Музыка сауаты. Ырғақ, өлшем
- Вальс неше өлшемде? ¾ өлшемінің схемасын көрсету.
- Балалар, вальсті қай кезде, қай жерлерде билейді?
- Вальс ырғағында біз қандай әндермен таныспыз?
- Ендеше «Ана туралы жыр» әнін орындайық.
- Дауыс жаттығуларын жасау.
Ән орындау. Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр»
Ән үйрету. Л. Хамиди «Қазақ вальсі» әні

Білесің бе?
Жиенқұлова Шара (1912 - 1991) - алғашқы қазақ халық билерін жасап, сахнаға шығарған қазаққа әйгілі биші. Қазақстанның халық әртісі. Өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын Қазақ драма театрының актерлігінен бастайды. Ол М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» және «Қарагөз» спектакльдерінде Еңлік пен Қарагөздің рөлін сомдаған. 1934 жылы Қазақтың опера және балет театрында жұмысын жалғастырады. Ол М. Әуезовтің «Айман Шолпан» және Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Шара Жиенқұлова 1938 жылы алғашқы «Қалқаман Мамыр» атты қазақ ұлттық балетінде Мамырдың биінің партиясын орындайды. Сонымен қатар, «Амангелді» кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған.

Бейнелеу өнерімен байланыстыру. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылованың туындысымен таныстыру.
Шараның бұл биі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, айдында қалқып жүзген аққудай әсер қалдырған еді. Белгілі қыл қалам шебері Гүлфайрус Ысмайылова Шараның өнеріне тәнті болып, оған арнап «Қазақ вальсі» деген суретін арнайды. Күннің сәулесімен шағылысқан, алтын түспен көмкерген суретте Шара мың бұрала билейді. Суретші бір сәтке биді тоқтатқандай. Бірақ, бишінің қолы, үстіндегі жарасымды көйлегі би қимылын жалғастырып жатқандай әсер қалдырады. Сөйтіп Л. Хамидидің әні «Қазақ вальсіне» айналып, ал сурет өнерінде ғажайып қайталанбас жаңа туынды дүниеге келген екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 759
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстандағы ән - романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.
Әсем әнге билейміз
Әсем әнге билейміз
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×