Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жауынгер ақын - жыраулар

09 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
Музыка 3 сынып
Жауынгер ақын - жыраулар
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының ақын – жырауларымен танысып, олардың шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, балаларды қазақтың ақындық, жыршылық өнеріне тартып, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың терме, жыр жөніндегі түсініктерін одан әрі ақын – жыраулардың шығармашылығымен таныстыра отырып дамыту.
3. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге және өз халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері жөнінде түсініктерін қалыптастырып, эстетикалық ләззат, әсер алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдттар
Жабдығы: музыкалық орталық, дыбыс күшейткіш құралдар
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысын тексеру
а)- Терме дегеніміз не?
ә) - Терме неше буынды жыр үлгісінде болады?
б) - Термені орындайтын адамды кім деп атаймыз?
в) - Бабаларымыз өз жыр - термелерінде нені жырлап, өсиет етті?
г) - Терменің әуенін қалай атаймыз?
д) - Терме қалай орындалады?
ж) - Термені орындаушы термені қандай аспаппен орындайды?
з) - Халықтың ”Он үш жаман” термесінде қандай жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырады?

3. Жаңа сабақ: Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын біз жыр дегеніміз не соған тоқталайық.
 Оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, ұзақ өлең, терме түрінде баяндалатын әңгімелер – жыр деп аталады.
 Жырау – ақын, ол өлең, жыр шығарып айтады, оның суырып салма шешендік қасиеті бар.
 Жыршы – ақын емес, себебі өз жанынан өлең, жыр шығармайды. Ол негізінен дайын өлеңді таратушы.
Ән сияқты жырдың да өз әуені болады, оны жырдың сарыны дейді.

Ия, балалар жырау жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. Жырау - әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын өлеңдң жыраулардың өздері шығаруы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие. Сондай жыраулардың бірі XIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлы. Бұқар жырау болып қана қоймай, Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі, сыртқы саясатына араласқан. Жас шағынан Абылайдан көп үлкен Бұқар өзінің бүкіл өмір тәжірибесі мен өнерін ханның ел билеу ісімен ұштастырған. Бұқар жырау 1723 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған тарихи оқиға тұсында өмір сүрген жауынгер жырау. Ол өз жырларымен ел қорғаған батырларға жауынгерлік рух беріп отырған. Бұқардың жырлары ылғи толғау. Жыршы - жыраулар тек қана жыр шығарып қоймай, сонымен қатар терме, толғаулар да шығарған.

Жаңа термин
Толғау - жырау заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үгіт - насихатқа толы өлеңдер.
Толғау “ толғану ” дегенді білдіреді
Жыраулар батырлар ерлігін жырлаумен қатар сол кездегі қоғамдық мәселелерді шешуге қатысқан.
Келесі таныс болатын ақын - термешіміз ол – Махамбет Өтемісұлы, балалар. Махамбет – сауатты, оқыған - тоқығаны, көрген – білгені мол, қатарынан озық азамат болумен бірге ақындық, жыраулық, композиторлық қабілеті де жетік, үздік өнер иесі. Оның ақындық, күйшілік қабілетінің дамуына туып - өскен ортасы, қалың ел әсер етті, себебі, бұл жерден Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей тәрізді дарынды күйші - композиторлар шыққан. Ол 1836 - 37ж. ж. ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, жарлы - жақыбай, жетім - жесірдің қақы үшін басын бәйгеге тіккен жауынгер ақын. Енді қазір балалар, Махамбеттің «Адыра қалған Нарында» атты термесінен үзінді тыңдайық. Терме жылдам, жігерлі орындалады, негізгі әуен қайталанып, мәтіннің мазмұнына қарай дамиды.(музыка тыңдау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Оқушыларды ХҮ - ХҮІ ғасырлардағы қазақ ақын - жыраулардың шығармашылығы туралы, саз өнері мен музыкалық аспаптармен жан - жақты таныстыра отырып, танымдық түсініктерін қалыптастыру;
Сыр елі - жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы
Сыр елі - жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы
Нұртуған ХІХ ғ. өмір сүрген, Арал өңірінен шыққан атақты жырау, әрі орындаушы - жыршы екенің білдік. Өзінің соңына көптеген терме - толғаулар мен жыр - дастандар жазып қалдырған
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Тест "Жыраулық дәстүр"
Тест "Жыраулық дәстүр"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Жалынды ақын – Махамбет
Жалынды ақын – Махамбет
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Сыр сүлейі - Нұртуған
Сыр сүлейі - Нұртуған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×