Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзбек музыкасы

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Өзбек музыкасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Музыканың әртүрлі көңіл күйін сезінуге үйрету. Көңілді, мұңды дыбыстарды ажырата білуге баулу, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Ән айтуға, дыбыс желісін сезінуге үйрету.
Дамытушылық: Өзбектің халық ән - биін өзге халық өнерінен ажырата білуге баулу.
Музыкалық сауаттылық - өзбек халық музыкасымен, гиджак, сурнай, рубаб, дойра аспаптарымен таныстыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа, суреттер

Сабақтың барысы:
Бізге туысқан халықтардың бірі - өзбек халқы. Өзбек халқының өзіндік ерекшелікке толы музыкалық мәдениеті мен өнері бар. Музыкалық ырғағының өзіне тін ерекшелігі – көбіне ырғағы биге жақын болып келеді. Би ырғағына лайықталған әндер тобы лапар, ялла деп аталады. Ән мен би көбіне бірге жүреді. Жеке ән орындау жанры болғанымен, әуенділігі, саздылығы ширақ, биге жақындау болып келеді.

Өзбек халқының музыкалық аспаптары бірнеше топтан тұрады: ішекті - ыспалы – гиджак, сато, сетор; ішекті - ұрмалы – чанг; ішекті – дутар, танбур, уд, рубаб; тілшікті – үрлемелі – сибизик, буламан, сурнай, кошнай, най; ұрмалы – дойра, нагора, кошук, т. б. Бұл аспаптары би орындау кезінде әнсіз, тек аспаптық шығарма болып та орындала береді. Көп қолданылатын аспаптың бірі – дойра. Өзбек халқының ауыз әдебиетінің түп негізі – мұқам.

Халық әндері, шығармалары халық мерекелерінде, ойын - сауықтарда, Наурыз мейрамында, т. б. орындалады.

Гиджак – ысып ойналатын ішекті аспап. Бұл ұйғыр халқында кең тараған аспап. Гиджактың сұлбасы дөңгелек тәрізді, ағаштан жасалады, қаңқасы бір - біріне жапсырылған бөлшектерден тұрады. Алдыңғы жағында теріден жасалған мембрана болады. Ішегі сымнан жасалады. Дыбысы күңгірт, сықырлаған дауысты.

Сурнай – үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Өзбек, тәжік және қарақалпақтарда кең таралған. Сырт пішіні жағынан кавказдықтардың зурна аспабына келеді. Одан гөрі көлемдірек, жеке орындауларда пайдаланылады.

Қорытынды сұрақтар:
1. Өзбек халқының көне музыкалық аспаптарын, соның ішінде ішекті, үрлемелі, ұрып ойнайтын музыкалық аспаптарын ата.
2. Өзбек халқының музыка өнері мен қырғыз халқының музыка өнерінің өзара ұқсас немесе ерекше жерлері бар ма?
3. Өзбек халқының «яллашы», қырғыз халқының «ыршы», қазақтың «жыршы» сөздерінің мағынасын түсіндір.

Шығармашылық жұмыс.
Қарама - қарсы сөздердің теңін тауып жаз.
Мысалы: «күй - ән»
Күй ______________________________________________________________
Ашула ___________________________________________________________
Жоғары дыбыс ____________________________________________________
Би _______________________________________________________________
44 033
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Грузин халық биі «Лезгинка"
Грузин халық биі «Лезгинка"
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Шоткина А.А.
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Білімділік: Оқушыларды Қазақстандағы бауырлас халықтарының музыкасымен таныстыру.
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Орта Азия халықтарының аспаптары
Орта Азия халықтарының аспаптары
Музыка пәні мұғалімі Жанар Умарова Камиевна
Өзбек музыка өнері
Өзбек музыка өнері
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильимажинов Нариман Талгатович
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын          суреттейтін композитор музыкалары
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары
Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Курманбекова Гулден Жумабеккызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×