Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық би өнері

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық би өнері».
Ән « Айгөлек» Б. Байқадамов.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын балалардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік мәні: Болашақ ұрпақтың халқымыздың білімді, өнерлі, өнегелі болып өсуіне, салт - дәстүрлерді, өнерді, әдет - ғұрыптарды бойына сіңіріп адамгершіліктері мол болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, бойындағы бар қасиеттерді одан әрі дамыту.
Сабақтың көрнекіліктігі: Интерактивті тақта, слайд.
Техникалық құралдары: Баян аспабы, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру;
II. Үй тапсырмасын сұрау;
III. Жаңа сабақ;
IV. Музыка тыңдау;
V. Сабақты қорытындылау;
VI. Үйге тапсырма беру.

Балалармен амандасу. Түгендеу. Музыка сабағына балалардың көңілін аудару. Үйге «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбы берілді. Тапсырма бойынша 3 қатар қазақтың ұлттық ойындарына дайындалу керек.
3 қатардан үй тапсырмасы сұралады.
Бағаланады.
Сұрақтар: Қазақтың қандай ұлттық ойындары бар?
Ұлттық ойында қай кезде ойналады?
Ұлттық ойындардың берер пайдасы қандай?
СЛАЙД КӨРСЕТУ

Жаңа сабақ: «Қазақтың ұлттық би өнері». Ән «Айгөлек» Б. Байқадамов.
Би туралы түсінік беру.
Әр халықтың өзіне тән билері болады. Мысалы: Қазақ халқының ұлттық билері, орыс халқының ұлттық билері, тау халқының ұлттық билері және т. б. Жалпы би дегеніміз не?

СЛАЙД КӨРСЕТУ

• Балалар осы би өнерін орындаушыларды кім деп атаймыз?
• Биші.
• Әр ұлттың өз биі болса, мол ұлттың өз бишісі болады.
Қазақ биінің негізін қалаушы, атақты би падишасы Шара Жиенқұлова.

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВАНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ

Шара көптеген ұлттардың биін билеген. Мысалы: өзбек биі, Башқұрт биі, Жапон, Орыс, Куба биін және т. б.
Оның биге деген шеберлігін мынадан көруге болады. Ол қай уақыттың биін билесе, оның бет әлпеті де сол халықтың бет әлпетіне ұқсап кететін болған.
Шара көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Олар: Г. Талпақова, Б. Аюханов, Қ. Қарабалина және т. б.
Шара көптеген операларды ойнаған: Қыз Жібек, Жалбыр, Ер Тарғын, Амангелді Бекет операларында ойнаған.

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВАНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ
Шара салып кеткен сара жолмен қазір де көптеген билеріміз халықтың би өнерін жалғастырып келеді.
Солардың бірі Шұғыла Сапарғалиқызы
ШҰҒЫЛА САПАРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ
Ол Қытайдан елімізге оралғаннан кейін өнер мектебін ашып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Солардың бірі өз жерлесіміз Әсел Әлибекова.

Әсел Әлибекованың суреттері
Ол жуырда Германияда өткен байқаудан күміс жүлдемен оралды. Ауданымыздың би өнерінің жетекшісі Л. Тасмағамбетоваға сөз беріледі.
Бүгінгі өткен әніміз Б. Байқадамовтың әні «Айгөлек» әнін үйренеміз.
Ән балаларға арналған әнді би қимылымен билеп айту керек. Әнде жаттығулар жасатамыз.
«Айгөлек» әнін үйренбес бұрын И. Нүсіпбаевтың «Биші болам өскенде» әнін жаттығу ретінде сергіту сәті ретінде орындаймыз.

БИШІ БОЛАМ ӨСКЕНДЕ
Ақ көйлегім үстімде,
Би билесем Айгөлек.
Қой демейді ешкімде,
Шаршамаймын дөңгелеп.

Достарым бар қуанып,
Тамашалар кештерде.
Тал шыбықтай бұралып,
Биші болам өскенде.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының музыка өнері, күй өнері
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары Бұл жинақтан көптеген қазақтың ұлттық аспаптарының суреттерін таба аласыздар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×