Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» әні

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың “Сегіз аяқ” әні.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік мәні; Оқушыларға әннің мағынасын түсіндіру, мәтінін талдау, әннің ырғағын әуенін үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні; Оқушыларға ән арқылы автордың идеясын жеткізе білуге баулу, адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке және этикалық, эстетикалық тәрбие беру.
б) Дамытушылық мәні; Оқушылардың сазгерлік сауатын шыңдау, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілеті мен ой - өрісін дамыту.

(Сыныпта музыка ойналып тұрады, оқушылар біртіндеп сыныпқа кіреді.)
Мұғалімнің оқушымен амандасуы, оқушылар анты орындалады

Оқушыларға нота сауаты бойынша дауыс жаттығуын дирижерлық схемамен жасату.
ДО мажор гаммасы.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
1. “Абай” ауылы, 2. “Ыбырай” ауылы, 3. “Шоқан” ауылы
Үй тапсырмасын сұрау;
1) Үйге қандай тапсырма берілді? / “Көзімнің қарасы” әні/
2) Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? / “Қыс, жаз, күз т. б.”/
3) Абай әндерінің тәрбиелік мәні неде? /Адамгершілік, имандылық білімге/
4) “Көзімнің қарасы” әні не жайлы жазылған? /махаббат лирикасы/
5) Абай әндері қандай музыка түрлеріне жатады? /классикалық музыка/
6) Классикалық музыка дегеніміз не? /терең мағыналы музыка қорына енген шығарма/
7) Камералық музыка дегеніміз не? /аспапқа немесе дауысқа арналған музыка/
Абай данышпан – қара сөздерімен
Абай аудармашы – Пушкин, Гете;
Абай ақын - өлеңдерімен
Абай орындаушы - өнерпаздығымен
Абай сазгер - әндерімен
Абай ағартушы - білімділігімен

Жаңа сабақ: Міне, балалар! Біз Абайдың көптеген өлеңдерімен қатар әндерінде жаттадық. “Қараңғы түнде тау қалқып”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Көзімнің қарасы” сияқты әндері табиғат сұлулығын кіршіксіз жырласа, махаббат лирикасы да орындаушыны еріксіз ұйытып алары сөзсіз. Сондай әндердің бірі – “Сегіз аяқ” әні

1. Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл 2 рет

2. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер тіл мен жақ
Көңілсіз құлақ ойға олақ 2 рет

3. Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкісіз керден наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз 2 рет
4. Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының 2 рет
Жалғыз қалдым тап шыным

Бұл ән 1889 жылы - Абай заманында адамдар жайлы жазылған шығарма.
Абайдың мұңы мен зары, дәуірі мен халық қайғысын жырлайды. Сондықтан қайғы – қасіретті өз қайғысындай сезеді. Жанындағы адамдардың сауатсыздығы жанына қатты батып, ән арқылы жырлайды.
Оқушыларға әнді әуенімен үйрету.
Венн диаграммасы
Нені бейнелейді?
Неге тәрбиелейді?

1. “Сегіз аяқ” әні не жайлы жазылған?
2. Абайдың айтар ойы қандай?
3. Әннің әуені қандай өлшеммен орындалады?
4. Әннің басқа әуендерден өзгешелігі неде?

Қорытынды: Оқушылардың білімін пысықтай келе, бағалау.
Үйге: Әнді жаттап, мағынасына шығарма жазу.
8 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар
1. Абайдың шын аты кім? А) Мұхамедканафия ә) Сәдуақас *б) Ибрагим в) Ақжігіт
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×