Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық музыкасының концерті

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 2 сынып
Халық музыкасының концерті
Сабақтың мақсаты: Оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіндігін ескере отырып, оның рухани - адамгершілік қағидалары мен шығармашылық қабілетін ашу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларды ата - бабамыздың асыл мұрасы – халқымыздың ертеден келе жатқан көне музыкалық аспаптарымен, күйші – сазгерлермен, түрлі өнер ұжымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Әртүрлі әдіс – тәсілдер негізінде олардың музыкалық қабілеттілігін, музыкалық жан-жақтылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып,
оның ұлттық санасы мен көзқарасын ояту.
Сабақтың түрі: Жинақтай отырып қорытындылау.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, талдау, ой түйіндеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, Өнер.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, саз аспаптарының суреттері, баян.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңдері.
а. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
б. Қ. Р. Мемлекеттік әнұранын орындау.
2. Өткен материалдарды қайталап, әндерді еске түсіру.
Біз өткен сабақтарда «Халық музыкасы» тақырыбын кезең – кезеңге бөліп өткеміз. Бүгінгі сабақта сол тақырыпты бекіту мақсатында жалғастырамыз. Сабағымызды Жамбыл атамыздың «Ән мен күй – халық үні. Оның шындығы, оның ойы мен сезімі» деген қанатты сөзімен бастаймыз. Ендеше әдеттегідей мемлекеттік әнұранды орындап, сабақты әрмен қарай жалғастыру.
1. Музыка аспаптарының атын атап табу.
2. Ең үлкен музыка аспабын атау.
3. Қазақтың халық композиторларын суретке қарап танып, табу.
4. Ансамбльдерді ажыратып беру./ дуэт, трио, квартет, квинтет т. б./
Қ. Ыбырайұлының әні мен сөзіне жазылған «Апа, туған күніңмен!» атты әнін сынып болып орындау.

Жаңа сабақ: Халық музыкасының концерті.
Өнер ұжымдары жайлы түсініктеме беріп, слайд түрінде Қазақстанның өнер ұжымдарымен таныстырып, осы өнер ұжымдарының орындауларында музыка тыңдату.
1. Қазақтың мемлекеттік симфониялық оркестрі.
2. «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрі.
3. Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі.
4. Б. Байқадамов атындағы хор капелласы.
5. Жеке балалар хоры.
6. Жеке әйелдер хоры. т. т.
Музыка тыңдау барысында оқушылар бір мезгілде әнді, күйді, марш музыкаларын, жәй және күрделі музыкаларды ажыратып, музыканың көңіл күйіне дәл бағасын беріп отырды.

Сабақты қорытындылау:
1. Жаңа сабақты пысықтау.
а. Дирижер деп кімді айтамыз?.
б. Оркестр құрамында қандай аспаптар бар?.
в. Оркестр құрамында қанша адам болады?.
г. Хор дегеніміз не?

«Ұйқасын тап» ойынын ойнату.
Ойынның шарты: Екі жол өлең оқимын, соңғы сөзі жасырылады. Сендер өлеңнің ұйқасына қарай жасырын сөзді табасыңдар. Бұл сөз өздерің өткен аспаптардың аты.

1. Ішіп болып қымызды,
Тартты Әбіш /сыбызғы/

2. Түсте, ертең, кешке де,
Ойнаймын мен /шертерде/

3. Тоныма орап кетіп ем,
Бұзылмапты /жетіген/

4. Босқа отырмай ысқырып,
Тартсайшы сен /үскірік/

5. Әуенге кім құмартпас,
Берсе ырғақ /тұяқтас/

6. Жан серігім ол мына,
Деді Аймара /домбыра/

7. Ауыл жұрты сабылды,
Соғып едім /дабылды/

2. Оқушы білімін бағалау.
3. Үйге тапсырма беру.
«Апа, туған күніңмен!» атты Қ. Ыбырайұлының әнін жаттап келу.
4. Қ. Р. Мемлекеттік әнұранымен сабақты қорытындылау.
6 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту.
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Хор өнері
Хор өнері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Кіріктірілген сабақ музыка, тарих
Кіріктірілген сабақ музыка, тарих
ШҚО, Жарма ауданы, Суықбұлақ кенті, «Суықбұлақ орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі: М. С. Трумов тарих пәні мұғалімі: А. А. Сыдыкова
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×