Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт атты сайыс сабақ

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ
Өнерлілер сайысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың басшысын
тағайындау, әр топқа ат беру.
2. Сайысты бастау.
Бүгінгі 5 «ә»- сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған «Жұлдызды сәт» өнерлілер сайысын бастайық.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1. Ән сайысы.
2. Сұрақ - жауап.
3. Кім көп біледі.
4. «Тіл - өнер» мақалдың жалғасын табу.

Бірінші сайысымыз ән сайысы. Бұл бөлімде әр топ бір - бір әннен айтады.
Екінші бөлім: Сұрақ - жауап.
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтар музыка пәнінен өткен тақырыптар. Егер сұрақтың жауабын білмей қалған жағдайда келесі сұраққа көшіп отырамыз.

Бірінші топтың сұрақтары:
1. Музыкада неше дыбыс бар?
2. Д. Нүрпейісованың туған жылы?
3. Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
4. «Кішкентай» күйі кімдікі және кімге арналған?
5. Наурыз туралы қандай әндерді білеміз?
6. Құрманғазының қандай күйлері бар?
7. «Сүйікті мектебім» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
8. Әнұранның авторларын атаңдар?
9. Дәстүрлі ән өнері дегеніміз не?
10. 25 - қазан қандай күн?

Екінші топтың сұрақтары:
1. А. Құнанбаевтың қандай әндері бар?
2. Ән дегеніміз не?
3. «Ақ көгершін» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
4. Дәулеткерей қай жылы, қай жерде туған?
5. А. Жұбанов кім?
6. Балет өнері дегеніміз не?
7. Қазақтың қандай халық әндерін білесіңдер?
8. Наурызда пісірілетін ұлттық тағам?
9. П. И. Чайковский қай елдің композиторы?
10. Тәттімбеттің қандай күйлері бар?

Үшінші топтың сұрақтары:
1. Күй дегеніміз не?
2. Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесіңдер?
3. Ана туралы бір мақал айтып беріңдер?
4. Қазақтың қандай ұлттық билерін білесіңдер?
5. Ықылас қай жылы дүниеге келген?
6. 8 - наурыз қандай мереке?
7. Көгершін қандай құс?
8. Күй неше түрге бөлінеді?
9. «Домбырасыз ән қайда» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
10. Д. Нүрпейісова кімнің шәкірті?

Үшінші бөлім «Кім көп біледі» деп аталады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, тақтадағы дыбыс аттарын қатыстыра отырып сөз құрау.
Мысалы: Си нотасын алатын болсақ
1. Сиыр
2. Сипа
3. Сила
4. Такси
т.с.с. жалғаса береді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
СҚО, Петропавл қаласы. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі Байбатырова Гүлжан
Ән - көңілдің ажары
Ән - көңілдің ажары
Музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×