Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қобыз атасы – Қорқыт

06 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Қобыз атасы – Қорқыт
Мақсаты: Қазақтың ұлттық көне саз аспабы қобыздың киелі, құдіретті аспап екенін түсіндіру. Қорқыт баба туралы мағлұмат беру. Күй атасының күйлерімен таныстыру
Білімділік: Қорқыт ата туралы аңыздармен таныстыру, қобыз аспабының дыбыстық ерекшелігін түсіндіру.
Тәрбиелік: халық ауыз әдебиетін және ұлттық өнерге құрметпен қарауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Аңыз күйлерін түсінуге, тұжырымдауға, ой мәдениетін дамытуға мүмкіндік жасау

Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндірмелі - иллюстрациялық, кесте толтыру, әңгімелеу, талдау, хормен ән айту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, өнер бейнелеу
Көрнекіліктер: А. Дүзелханның картинасы, қобыз суреті, үнтаспа, фотосуреттер

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы:
ІІІ. Жаңа сабақ:

Қорқыт Қарақоғаұлы YIII - IX ғасырларда өмір сүрген оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі, шебер күйшісі болған.
Қорқыт

ҮІІІ – ІХ ғ
ұлы ойшыл, көріпкел, шебер күйші

Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгерлер менмен кезбе диуаналардың қолында жүретін жай құрал емес, нағыз халықтың музыка аспабы ретінде таныта білді.

Ой толғау.
Қорқыт баба аңыз бойынша жаратылыстан тыс, елден ерекше болып дүниеге келеді және оған Қорқыт есімінің берілуінде де ерекше сыр бар. Қорқытты туарда анасы құланның етіне жерік болып, жыл сайын толғатып, баланы үш жыл, тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келетін сәті жетеді. Ана толғатқан кезде күн күркіреп, найзағай ойнап, бүкіл жер жүзін қара түнек басып, ел - жұрттың зәресін ұшырады. Алғашында жұрт жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан. Анасынан адам бейнесіндегі бала туған соң, жиналған халық бізді қорқытты ғой, атын Қорқыт қояйық деген екен.

«Ақпараттар ағыны» стратегиясы - қобыздың құрылысымен таныстыру

Галереяға шолу: 1. А. Дүзелханның картинасымен таныстырып, талдау жасау.
2. Ескерткіш суретімен таныстыру
Сырдария жағасында, Қызылорда облысында қорқыт атаның бейіті бар. Ол 95 жасында қайтыс болған. Көп жылдар бойына халық басына шырақ жағып келген. 1952 жылы су тасқынынан бейіттің бір жақ қабырғасы құлап қалған. 1980 жылы сол бейітке жақын жерге физик - акустик
С. Исатаев, архитектор Б. Исатаевтың жобасы бойынша төрт қобызды біріктіру арқылы ерекше архитектуралық келісімде құйылған ескерткіш орнатылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Қорқыт жайында мағлұмат беру. Жаңа ән үйрену.
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Қорқыт ҮІІІ - ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың
Киелі аспап - қобыз!
Киелі аспап - қобыз!
Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт
Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Дильмуханова Сандугаш Темирбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×