Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аспанмен тілдескен музыка құдіреті

07 наурыз 2015, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка құдіреті
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға музыканың құдіреті туралы әңгімелеу.
Білімділігі: Оқушылардың білімге деген қызушылығын арттыра отырып, музыканы түсініп, тыңдау арқылы білім деңгейін көтеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ән, бейнелеу, еңбек пәндерінен кіріктірілген сабақ арқылы дамыту.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта видеолар, слайдтар.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.
3. Жаңа сабақ. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті
4. Аспаптармен таныстыру.
5. Музыка тыңдау.
6. Аспаптарда ойнап көрсету.
7. Ән үйрену. «Домбырасыз сән қайда»
8. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма.
10. Бағалау.

Сабақтың барысы:
Үйге берген тапсырманы сұрау.
Жаңа сабақ. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.
Музыкалық аспаптар тек қана музыка ойнап, көңіл көтеру үшін пайда болған деп ойлайтын боларсыздар. Музыкалық аспаптардың шығу аңызына құлақ түрсең, ол саған ғажайып сыр шертеді.
Көптеген әлем халықтарында арфа тектес аспаптар бар. Садақтан пайда болған бұл аспаптарды ғалымдар жер бетіндегі ең көне аспаптардың бірі деп есептейді. Мысырда бұл аспапты киелі санап, оның дыбысын құдіретті күшке балаған. Өлген адамның жаны арфа аспабының үнін тыңдайды деп сенген. Сондықтан болар көптеген скандинав халықтары да өлген адамдарды арфамен жерлейтін болған.
Ал ежелгі кельт халықтары Дагда атты құдайы арфа аспабын ойнағанда жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған.
Грек халықтарының арасында арфа аспабының кішкентай түрі лира кең тара тараған. Би мен әннің құдайы Терпсихора лира аспабын ойнаған кезде, жер бетінде мамыражай бейбіт өмір орнайтын болған. Лира аспабы арқылы адамдар құдайлармен тілдескен.
Ал түркі халықтарына ортақ жетіген аспабы жайында мынадай аңыз бар. Бұрынғы өткен заманда жеті бөрі – хандар елікті қуамын деп абайсызда аспанға шығып кетеді. Жеті ханның бұл әрекетіне ренжіген Көк тәңірісі, оларды жеті жұлдызға айналдырып жіберген екен. Сөйтіп аспанда жеті қарақшы жұлдыз пайда болады. Сықырлаған аязды түнде олар аспаннан жерге қарап, жетіген аспабын ойнап, жол көрсететін болған. Аспаннан төгілген бұл әуенді естіген адам байлық пен бақытқа кенеледі деп сенген.
Қытай халқының жетіген тектес аспабын «Цинь» деп атаған. Ежелгі Цинь аспабы бес ішекті болған екен. Оның әрбір ішегін жердің бес құдіретіне теңеген. Олар – жер, су, от, ағаш және темір. Кейін келе цинь аспабы жеті ішекті болады. Аспаптың алтыншы ішегі өлген жауынгерлердің жанын жоқтау үшін тағылса, ал, жетінші ішек арқылы арқылы соғысқа аттанған жауынгерлерге рух берген екен.
Қытай халқы бұл аспапты киелі деп санаған.
Жетіген тектес аспаптардың сан ғасырлық тарихы бар. Бұл аспапты барлық халықтар киелі аспап санап, оның құдіретті үні арқылы аспанмен тілдескен екен.

Музыка тыңдау. Арфа аспабының сүйемелдеуімен.

Қорытындылау.
Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?
Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?
Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?
Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?

Үйге тапсырма. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті туралы оқып келу.
Бағалау
10 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Өзбек музыка өнері
Өзбек музыка өнері
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильимажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×