Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхит салған әуезді ән

16 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
6 сынып.
Тақырып: Мұхит салған әуезді ән.
Мақсаты: Оқушылар Мұхит Мералыұлының ақындығымен композиторлығын әншілігін таныды.
Күтілетін нәтиже: Мұхит Мералыұлының ақындығынмен танысады, әндерін тыңдайды. Әнін орындайды.
Ресурстар: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Білу: миға шабуыл.
Қазанғап күйші қай ғасырда өмір сүрген?
«Көкіл» күйі жайлы не білесің?
Олар кімнің үйіне келді?
Үсен төре «Ақжелен» күйінің қанша түрін орындайды?
Күйшінің «Шыныаяқ тастар»күйі қалай шықты?
Күйші «Құс қайтару» күйін кімге арнады?

Түсіну: Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлының өмір баянымен танысу.
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен - ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.”

Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді.

Әсерлерімен ой бөлісу.
А) Көк айдай әнін тыңдайды және әңгімелейді.
Б) Көк айдай әнін тыңдайды және орындайды.
С) “Жұлдызды сағат” ойыны
1. Мұхит қай жылы туды?
1841, 1963, 1845.
2. Қай жерде туды?
Семей, Алматы, Ақбақай.
3. Әкесінің аты кім?
Шәңкерей, Сақыпкерей, Мерәлі.
4. Европаның қай аспабында ойнады?
Фортепиано, скрипка, флейта.
5. Әншіліктен басқа қандай таланты бар?
Ұсталық, Зергерлік, ою оямыз.

Қолдану: А ) Топтық жұмыс.
1. бір шумақ өлең шығару.
2. әніне сурет салу.
3. әнін орындау.
Б) Семантикалық карта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды. Мұхит суының қасиеттерін анықтау кезінде нақты мәліметтерді қолданады.
Тынық мұхит
Тынық мұхит
Оқушыларға дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиттың географиялық орны, зерттелуі, табиғаты, өсімдіктері мен жануарлары туралы тереңірек таныстыру;
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы №165 мектептің география пәнінің мұғалімі Жабагиева Гульсара Жұбаназарқызы
Мұхиттар
Мұхиттар
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×