Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазағымның әндері - ай

29 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің
домбыра үйірмесінің жетекшісі
Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы

«Қазағымның әндері - ай»
Мектепшілік дарынды оқушылар байқауы

Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық өнері мен рухани мәдениетінің мектебіміздің өнерлі оқушыларына заман талабына сай тәлім – тәрбие негіздерін дарыту, дарынын шыңдау, жетістіктерге жету.

Байқауға қатысушылар және репертуарлары:
1. Шалабаева Н. Халық әні. «Бір бала» 5 - сынып
2. Қайыржанова Б. Халық әні: «Маусымжан» 8 - сынып
3. Серікқалиқызы А. Халық әні: «Сәулем - ай» 2 - сынып
4. Едігеұлы Е. Абай «Көзімнің қарасы» 6 - сынып
5. Өмірбекызы С. Ш. Қалдаяқов «Отырардағы той» 8 - сынып
6. Квартет Н. Тілендиев «Алатау» 5 - сынып
7. Бақытжанова Н. Н. Тілендиев «Саржайлау» 5 - сынып
8. Жайжанов Н. Халық әні: «Дайдидау» 6 - сынып
9. Өткелбаева А. А. Жұбанов. «Қарлығаш» 6 - сынып

Қош келдіңіздер, мектепшілік дарынды оқушылар арасында өткелі отырған байқауды тамашалауға келген тыңдармандар!
Жақында сіздер мен біздер үшін қуанышты мереке, үлкен мереке.
Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып жеңіске жеткенімізге 70 жыл толады. Олай болса, еңсесі биік еліміздің құдіретті де, қасиетті қазақ идеген халқының мерейлі
Мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің өнермен әуестеніп жүрген оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, менің кішкентай жас достарым өздерінің әсем әндерін шырқайды.
Халық әндері – ұлттық мұраның ең құндысы. Сондықтан
«Қазағымның әндері - ай» тақырыбын еншілеп отырған бұл байқауда негізінен, сан жылдар бойы атадан - балаға мирас боп келе жатқан інжу - маржандарымыз, халық әндері және халық жүрегінен орын алған, қазақтың маңдайалды композиторларының әндері орындалады.
Мақсатымыз – қазақ халқының ұлттық өнері мен рухани мәдениетін сіңіре отырып, мектебіміздің өнерлі оқушыларына заман талабына сай тәлім - тәрбие негіздерін дарыту, дарынын шыңдау, жетістіктерге жету.
Әуелден жомарт серіміз
Асылын жырдың теріңіз.
Білгіңіз келсе қазақты,
Ән - күйін тыңдап көріңіз.
Достарға даяр төріміз,
Қастарға көкжал бөріміз.
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиіп көріңіз!
Төгілген қан мен теріміз
Туыстың біз де еріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиіп көріңіз!

Халық әні: «Бір бала» орындайтын: ---------------------------

Тәуелсіз боп атты халық сенімі,
Мұз боп қайтқан қайғы – мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен
Ұл – қызым бар, даламыз бар ұлы кең.
Алдарында басымды иіп өр халқым
Құттықтаймын мерекелі күніңмен!
Халық әні: «Маусымжан» орындайтын: Қайыржан Б.

Сазды әуен сыңғырлаған жанға жайлы,
Өнердің ешкім жолын байламайды.
Көріңіз шын көңілден тамашалап,
Тыңдаңыз халық әні «Сәулемайды»

Халық әні: «Сәулем - ай» орындайтын: Серікқалиқызы Анаргүл.
Абай дана – ғұламасы елімнің,
Абай – ақын, мақтанышы жерімнің.
Абай атты бір данышпан болмаса
Ақ - қарасын кім айырмақ өмрдің?!
Ол жағыз ақындықты меңгермеген,
Ақылына еш мықты тең келмеген.
Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,
Әндеріне еш әнді теңгермеген.
Абайдың әні: «Көзімнің қарасы» орындайтын: Едігеұлы Есіл.

Тәуелсіз ел!
Қараймын да тамсанам.
Жылдарды осы ата – бабам аңсаған,
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын» деп айқайлап жар салам.
Ш. Қалдаяқов «Отырардағы той» орындайтын: Өмірбекқызы Салтанат.

Қия тасты, ұя тасты, ақ тасты,
Міне алдан сансыз таулар қақпа ашты.
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын» деп айқайлап жар салам!

Дүние жүзінде зәулім таулар көп қой. Бірақ баурайында гүлдей жайнаған сәулетті қаласы бар Алатауға не жетсін! Қарт Алатау бабамыз секілді. Талай ғасырларды басынан өткізген. Мың - миллиондаған адам Алатаудың құшағында ғұмыр кешкен, тұнық ауасынан тыныс алған, ұрпақтан - ұрпаққа өрбіген. Біз үшін дүниеде Алатаудан қасиетті, Алатаудан киелі ешбір тау жоқ. Ол қазақ үшін қастерлі қасиетті.
Н. Тілендиев «Алатау» орындайтын: квартет 5 - сынып.
Мен сенің сарқылмайтын ақ бұлағың,
Мен сенің секілдімін бақ - құрағың.
Кең байтақ өлкем маған қуат берер,
Келеді құлының боп шапқылағым.
Н. Тілендиев «Саржайлау» орындайтын -----------------

Әнім, жырым,
Өлеңім – қос қанатым.
Өмір – бәйге, өнерім – қосқан атым.
Өлеңімді жаныма серік етем
Шығарам елімнің асқақ атын.
Халық әні: «Дайдидау» орындайтын: ---------------------
О, адамдар бірігемін мен сендермен,
Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы,
Сендер менің дарыныма жол берген.
А. Жубанов «Қалығаш» орындайтын --------------------------

Қазақ десем қаламынан жыр тамып
Өткенді еске ап отырмай бұрқанып.
Қазақ деген тәуелсіз ел бүгінгі
Түп – тамыры жатқан сонау тереңде.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы көріп алған қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Е. Хасанғалиев «Атамекен» бәрі бірге хормен
Сонымен, құрметті тыңдарман! Бұл біздің өнерлі өрендеріміздің Жеңіс күні қарсаңындағы өнерімізді тыңдағандарыңызға рахмет.
5 555
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сал - серілер керуені
Сал - серілер керуені
Серілер туралы алған білімдерін қорыту, шығармаларын танып білу, тарихи тұлғалардың шығармаларынан рухани ләззат алып, халық композиторларының өміріне құрметпен қарауға баулу.
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер.
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №4 Мәртөк орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Камзина Акмарал Амангельдыкызы
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×