Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Би үйірмесі жоспары

30 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Дуйсебаева

Би үйірмесі жоспары
Оқу - тақырыптық жоспары 3-4 сынып
Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Төменгі сынып оқушылары арнаулы қондырғысыз - ақ залдың ортасында бимен айналысуына болады. Ол үшін ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларына көбірек көңіл бөлуі қажет. Олар қимыл қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамытады.

Мақсаттары:
Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:
Сезіну, есту қабілетін дамыту.
Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.
Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.
Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.

Толық нұсқасын жүктеу
47 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дененің даму қасиеттерін іс - тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Қозғалыс қимылдарын дамытып, дене
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Балалардың дене бітімін үйлесімді дамытуға, тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, бала денсаулығының мықты болуына, спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Мектепке дейінгі ересек жастағы  балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар
Қызылорда облысы, Арал ауданы №262 мектеп-гимназия мұғалімі Ембергенова Әсем Салауатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×