Білімділер поралы

1 қыркүйек - Білім күні

Музыка жетекшісі Рахметова Әдемі

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу.
Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Туған жер төсін тербеткен
Өмірдің бейбіт шағы бұл
Мінеки, достар, тағы бір
Өткізіп жазды дүбірмен
Құшағы толып гүлдермен
Білім нәрін алуға
Бақшаға келді балалар!

Аружан Ә.: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
Нұрәділ: Себебі, бүгін мереке ғой..!
Ерасыл Қ.: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
Аружан Қ.: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді...
Медина: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе? Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
Аружан Ә.: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)

Тәрбиеші: Сәлем, достар, балалар,
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі! – бүлдіршіндеріміздің жаңа білім күніне арнаған өлең шумақтарына кезек берейік.

Аружан Қ.: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

Нұрәділ: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Аружан Ә.: Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар ұғымдын
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні

Бағжан: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Тәрбиеші: Қымбатты, Гүлнар Авраровна, құрметті сөз кезегін өзіңізге ұсынамыз! Құттықтау сөз

Медина: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!

Ән «Балабақша бағында»
(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып н - е майда түрлі - түсті доптармен ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - Күлдіргіш: Келіңдер, балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
1 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?......
Медина: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке!
Нұрәділ: Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал, көп оқып миды ашытып керегі не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?

    8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені әйел қауымы сізден әдемі гүлмен қоса ерекше сыйлық ...
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс

    Ендеше, келе жатқан 2017 тауық жылында қандай сыйлық тарту еткен жөн, осы туралы айтамыз.
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 338
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 336
Роботтар: 3
bibigul20172017 Aigerim87
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика