Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күй анасы

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Қожбанбет би атындағы орта мектептің
музыка пәнінің мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы

Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күй анасы
Сабақтың мақсаты: күйшілер туралы таныстықты жалғастыру, қазақтың атақты күйші композиторларының өмірі мен шығармалары жайлы мағлұматтар беру, күйдің не екенін және қандай шығарма екендігі жайлы түсіндіру.
Сабақтың міндеті: 1. Күй анасы атанған композитордың домбырашылық өнерін түсіндіру.
2. Динаның күй тарту дәстүріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
3. Күйді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың әйгілі күйші композиторларының суреттері, бүктемелер, оқулықтар.
Сабақтың әдісі: баяндау, музыка тыңдау, сұрақ жауап
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа қатысуын қадағалау,
Үй тапсырмасын тексеру (Өткен сабақтағы әнді айтқызу «Гүлдерайым» әнін)

Жаңа сабақ түсіндіру (Оқулықпен жұмыс)
Күй анасы Дина Нүрпейісова Орал облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина бала кезінен күйшілік өнерге аса ынтық көңілмен зер салып, Дәулеткерей, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсан күйлерін шебер меңгеріп, «домбырашы қыз» атанған әйгілі күйші композитор. Динаның күйшілік өнерін естіген Құрманғазы, Динаны әдейі іздеп келіп, домбырашылығына сүйсініп, батасын берген. Содан Құрманғазы күйлерін халық арасына кеңінен таратып, қалың жұртшылықтың көңілінен шығады. Қазақ жерінің Батыс өнерінің күйшілік өнердегі өршілдігі мен Дәулеткерейдің сырбаз сыршылдығын қос қанаты еткен Дина күйшілікте өз қолтаңбасын қалдырды. Оның «Әсем қоңыр» «Бұлбұл» «Науысқы»«Домалатпай» «Он алтыншы жыл» «Сегізінші март» «Сауыншы»«Тойбастар» «Қара қасқа ат» және т. б көптеген күйлері қазақтың аспаптық музыкасының алтын қорына қосылған құнды шығармалар. Қазақ жерінің Батыс өңірінің күйшілік өнерін түгел меңгеріп Құрманғазының өнердегі өршілдігі мен Дәулеткерейдің сырбаз сыршылдығын қос қанаты еткен Дина күйшілікте өз қос қанаты еткен Дина күйшілікте өз қолтаңбасын қалдырды.
Күй тыңдау: Дина «Әсем қоңыр»
Ән үйрену: «Домбыра сазы» (И. Нүсіпбаев, Х. Талғаров) әнін үйрету. Әнді үйрету барысында дуыс диапазондарын толық меңгерту, жақты дұрыс ашып - жабуын қадағалау.

Сабақты қорытындылау:
I. Дина Нүрпейісова кім, ол қай жерде туылған?
II. Дина Нүрпейісованың қандай күйлерін білесіңдер?
IIIҚұрманғазы Динаға неше жыл ұстаздық еткен?
IVДина мен Құрманғазы қалай кездесті/?
V Күйші «Әсемқоңыр»күйін кімге арнаған?

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Күй анасы Дина тақырыпты оқу, «Домбыра сазы» әнін жаттау.
7 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңыздан жаралған аспаптар
Аңыздан жаралған аспаптар
Ән әуеніне қызығушылығын арттыру, ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай, білуге баулу
Дина "Әсемқоңыр"
Дина "Әсемқоңыр"
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Қазақ күйлері мен күйшілері
Қазақ күйлері мен күйшілері
Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.
Дина «Тойбастар»
Дина «Тойбастар»
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің домбыра үйірмесінің мұғалімі Карагизова Рысты Серикбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×