Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі аспап - қобыз

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка пәні мұғалімі Сапиева Лəззат

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап - қобыз
Сабақтың мақсат - міндеттері:
А) білімділік:
Киелі аспап қобыз арқылы қазақ халқының тарихын, музыкалық мәдениетін, ұлттық музыкасын насихаттай отырып, ұлттық өнерді оқушылардың бойына сіңіру, музыкалық білімін жетілдіру.
Ә) дамытушылық: Музыкалық қабілетін, іскер - дағдысын, дүниетанымын байыту
Б) тәрбиелік: Рухани адамгершілікке, әлемдік этикетке, ұлттық рухта тәрбиелеу. Әсемдікке, музыканы түсіне білуге баулу.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, талдау, ой қозғау, тыңдау, салыстыру, сұрақ - жауап
Сабақтың формасы: Жеке, топтық
Сабақтың көрнекілігі: проектр, слайд, тақырыптық көрнекіліктер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен музыка тілімен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларды екі топқа бөлу (жасырын суреттер арқылы)
1) Қобызшылар
2) Домбырашылар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сұрақтарға жауап беру.
1) Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?
2) Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?
3) Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?
4) Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?
5) Қурай аспабын қалай жасаған?
Жауап берген оқушылардың қоржынына скрипка кілтін беру. (музыка жіберу)

ІV. Мақсат қою кезеңі
Қорқыт ҮІІІ - ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Киелі аспап - қобыз.(Қобыз аспабының шығу тарихы жөнінде айтылады)

Ү. Жаңа материалды түсіндіру
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

Киелі қобыз аспабы жөнінде ғалымдар не дейді?
Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас).
Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев)
Ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).
Қобыз аспабы оркестрдегі скрипка аспабының атасы болып саналады. Бұл жайлы батыстық ғалымдар Слави Дончев, Вернер Бачман, қазақтың белгілі өнер зерттеушісі, профессор Әсия Мұхамбетова дәлелдеді
Қобыз аспабының киесі қандай?
1. Қобыз аспабын бақсылар адам емдеу үшін пайдаланған.
2. ХV - XVII ғасырларда жыраулар қобыз аспабымен ұзақ жырларды орындаған. Жырау қобызды киелі аспап ретінде батырлар мен жауынгерлердің рухын көтеріп жыр орындауда құдіретті күш береді деп сенген. Сонымен бірге қобыз жырауларға болашақты болжап, істің жөнін нұсқауда мол әсерін тигізетін болған.
Қобыз өнерін дамытқан ұлы күйшілер
o Қорқыт ата
o Ықылас
o Жаппас Қаламбаев
o Дәулет Мықтыбаев
Қобыз қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі кезде ұлтымыздың символы есебінде сый кәделерге ұсынылатын құндылығымыздың бірегейі.
Қобыз аспабының жасалуы бейнеролик
Ықылас “Айрауықтың ащы күйі”
Бұл әуелде Тайлақ деген батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алып қайғылы сарын тартады.
Музыка тыңдау:
1. Ықылас «Айрауықтың ащы күйі»
2. Қорқыт «Қобыз туралы сарын» А, Тәжібаеваның орындауында клип тыңдау.

Сергіту сәті:
- Ырғақтық жаттығулар жасату.
Ән үйрену: « Қазақтай ел қайда» әніне талдау жасау, үйрену.
Шығармашылық тапсырма
Екі топқа домбыра, қобыз аспаптарының суретін беру, аспаптардың мағынасын ашу, өлең шығару.

Қорытындылау
• Қобыз аспабы қалай пайда болды?
• Киелі қобыз аспабы жөнінде ғалымдар не дейді?
• Қобыз аспабының киесі қандай?
• Қобыз өнерін дамытқан ұлы күйшілер кімдер?

Үйге тапсырма
• Киелі аспап - қобыз түсінгенін айту
• Қобыз аспабының суретін салу
• Қобыз сөзіне сөзжұмбақ құрау
• Қазақтай ел қайда әнін (жаттап алу)

Оқушы білімін бағалау
Оқушылардың біліміне қарай бағалау, смайликтар беру.
5 789
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз бен скрипка
Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз бен скрипка
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Утегенова Гульшат Жумакшамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×